Главная » Статьи » В помощь учителю » Новые технологии в обучении |
ХХІ ғасыр мұғалімі білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы, оқыту мен тәрбиенің соңғы жетістіктерін меңгерген педагогикалық-психологиялық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы қабілетті және ескі сүрлеуден тез арада арыла алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл болуды қажет етеді. «Бала – балқытылатын алтын», оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де, ұстаздың өз қолында.Осы сөздің астарына білім шырақшыларының бүкіл қасиеті сыйып тұр десе де болады.Әрбір адам өз өмірін ойша шолып өткенде, әуелі атамекені, ата-анасы, туған-үйі, ұстаздары оралады.Ендеше, білім әлеміне енді-енді ене берген әрбір шәкірттің көңіл төрінен орын алатын жанына жақын ұстазы болуы заңды құбылыс. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында, озық көштің бойды ұстар тұсында болады... Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін барынша қарқымды жолға қоюымыз керек. Бұл – жаңа ғасырдың, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған басты талабы», - деген болатын. Ал бүгінгі ұстаздар өрелі міндеттер биігінен көріне ала ма? Иә, өтпелі кезеңнің қиыншылығына мойымай, ұрпақ үшін, Қазақстанның болашағы үшін жанкешті еңбек етіп жүрген ұстаздар баршылық. Олар кез келген ұжымның мәйегі.Сол ізденімпаз, жаңашыл ұстаздар арқасында мектеп жүйесінде ізденістер бар, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы реформа жүріп жатыр.Бүгінде мектеп жүйесінде оң өзгерістер көп. Оқытудың жаңа технологиясы, инновациялық идеялар, басқа елдің озық тәжірибесі мектепте қолданылып жүр. Оның қиыншылығы да, қайшылығы да бар. Әйтсе де, ізденіс нәтижесінде қиыншылықтарды жеңуге болатынын іс-тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға болатынын атап өткім келеді. Қазіргі өркениет жетістіктерін арнайы білімсіз игеру мүмкін емес.Ұстаздың біліктілігі мен шәкірттің табандылығы болмай білім қазынасының құлпын ашамын деу бос әрекет.Отанымыздың болашағы – жастар десек сол болашақтың тұтқасын ұстағандар білімді де, білікті болуы тиіс. Оларға жағдай жасау, мүмкіндік туғызу біздер үшін парыз. Оқытудың басты міндеті – мұғалімнің білім беру және оқушының білім алу қызметтерінің біріккен түр екенін айтуға болады. Сондықтан оқытушы қызметін басымдау етіп, үйренуші тұлға тек шәкірт екенін есте ұстауымыз керек. Жаңа ғасырда шынайы ұлттық мектептің іргетасы қалана бастады.Төл оқулықтарымыз жылма-жыл әрбір сыныптарға шығарылып, ғылым негіздерін, оқытудың жаңа тұжырымдамалары іске асырылуда. Ұлттық мектептер ұлт тарихын, тілін, мәдениетін оқи, зерттей отыра, әлемдік деңгейдегі білімге ұмтылуда. Ол үшін шәкіртті оқу үрдісінде мұғаліммен бірге қабылдап, қарым-қатынас жетілдіріп, оқушылардың танымдық, сезімдік құндылықтарын, практикалық іс-әрекеттерін дамытып отыру қажет.Шәкірт бойында осындай асыл қасиеттерді қалыптастыру үшін ұстаз әрбір сабақты түрлендіріп,жаңа әдістерді дұрыс пайдаланып өткізуді қарастырғаны дұрыс.Сабақтың мақсатын қойып, оны аша түсу үшін жеті рет емес, жетпіс рет өлшеп,қарап, таразылап, ұғымды түсінікті етіп өтуге ұмтылу керек.Сабақа қойылатын негізгі талаптарды орындау мұғалім үшін үлкен жауапкершілік. « Сенің елдігің –тарихыңды зерттеуден басталады»,-деген-Қадыр Мырзалиев сөзі адамға көп ой салады.Сондықтан шәкірттерімізді тарихи саналы, құқықтық тәрбиелі азамат етіп тәрбиелеу міндет. Ол үшін оқушы бойындағы табиғат берген қабілетті дамыту, дарындылықтың көзін ашу ұстаздардың парызы. Әрбір азамат өзінің Отанының да, өзінің де келешегіне де үлкен сеніммен, үмітпен қарауы міндетті. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: « Қазақстандық азаматтарды отансүйгіштікке тәрбиелеу ісін, азаматтың еліміздің рәміздерін қастерлеуден, Заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек»,-деп көрсетті. Ертеңгі күннің бүгінгіден нұрлырақ болуына, адамзат қоғамын алға бастыратын күш тек білімге ғана тән. Сондықтан жеке тұлғаны қалыптастыру, талапты,дарынды оқушылармен жұмыс істеу бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Әрбір баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдың дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізілді.Қоғамның ілгері басуы озық ойлы дарындылар қатарының өсуіне байланысты. Дарын иелерін таңдау,талантты оқушылардың білімін жетілдіру ,келешегіне жол сілтеу, құқығын қорғау басты мақсат. Өйткені талантты, дарынды оқушы басқалармен салыстырғанда қоғамға көп пайда әкеледі. | |
Просмотров: 1941 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|