Главная » Статьи » В помощь учителю » Новые технологии в обучении |
Қарағанды обласы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті «Жалпы білім беру №1 Қазақ орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Раисова А.Ж. Қысқа мерзімді жоспар Әдебиеттік оқу 3-СЫНЫП Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев. Сен ұйықтап жатқанда. Сабақтың мақсаты: мәтіннің мазмұнын аша отырып, еңбек түрлеріне кәсіптік бағдар беру. Міндеттері: 1.Оқыту мен оқу барысында жаңа тәсілдерді қолдана отырып, мәтіннің негізгі идеясын анықтай отырып түсіндіру. 2.Нысаны мен мазмұнын зерделеу арқылы қажетті дағдыларды қалыптастыратын тәжірибе жинақтайды. 3.Мәтіндегі еңбек түрлерін сипаттайды, кейіпкерлердің ой-әрекетін, ара-қатынасын белгілейді. 4.Өмірде кездесетін жағдаяттарға өз көзқарасын білдіру. Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға дамыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ-ны пайдалану, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, оқытуда басқару және көшбасшылық. Пән мазмұнымен байланысты оқушылар алдында кедергі болатын қандай негізгі қиындықтар бар? Оқушылардың мәтінді қабылдамауы, сыни ойлауының, қиялының ауқымының тарлығы, өзара көмектеспеуі және өзара әрекеттеспеуі, топтағы, сыныптағы пікірталастарда өз пікірін тыңдата алмауы Оқушылармен бірлесіп табыс критерийлерін анықтадым ба? Сабақ барысында мәтіннің негізгі идеясын түсінеді, тұжырым жасай алады, өз ойын еркін жеткізіп, түсіндіре алады, бір-бірімен еркін сұхбатқа түсе алады, өзін-өзі және өзара бағалай алады. Ынтымақтастық атмосферасын қалай қалыптастырамын? «Тілектер сандығы» (сандық ішіндегі қағазға жазылған баланың атын оқып, соған тілек айтады). Оқытылатын тапсырмалар үшін бағалауды қалай қосамын? Оқушылардың білімді меңгеруін қалайша анықтаймын? Формативті құралдар арқылы: өзін-өзі бағалау-«Бүгінгі сабақ маған ұнады ма?»(рефлексия), «Бағдаршам», «Басбармақ» . Оқыту үшін бағалау бойынша мынадай тапсырмаларды ескердім: -бейнежазба арқылы кейіпкерді анықтау, сипаттау -драмалық ойын арқылы еңбек түрлерін сипаттау, олардың іс-әрекеттеріне өз көзқарасын білдіру -бақылаушы рөл арқылы өзара бағалау және өзара әрекеттесу Дарынды және талантты оқушыларды қалай ашамын? Драма арқылы оқушылардың ойластырып іске асырылатын іс-әрекеттерін, қабілеттерін байқау Оқытуға сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгімені қалай енгіземін? «Сұрақты ұстап ал», «Драма» Сыни тұрғыдан ойлауды бағалауды қалай жүзеге асырамын? Драмалық ойын арқылы логикалық тұжырым жасай алады Тізбектелген сабақтар топтамасын оқушыларды оқытудың бір тәсілі ретінде диалогтық оқытуды еңгіздім. Зерттеушілік әңгіме, әңгіме-дебат Топтық белсенділікті қалай бағалаймын? «Басбармақ», «Шапалақ», бақылаушы рөл арқылы Өзараәрекет үдерісін қалай қадағалаймын? Топтық іс-әрекет арқылы тілектестік, түсіністік пен сенімге негізделеді. Оқытудың сәтті өткендігін қалайша білемін? Кері байланыс арқылы; «Бүгін сабақ ұнады ма?» (ватманмен жұмыс), «BLOB ағашы» Оқушыларға көлемді мәліметтер мен мағлұматтарды өздігімен игеруге және бірін-бірі оқыту мүмкіндіктерін беремін бе? Мәтінді оқып, рөлдер мен қатынастардың дамуын зерделейді. Сіз бұл үшін тізбектелген сабақтарыңыздың мүмкіндіктерін жоспарладыңыз ба? Барлық оқушыларды оқыту үрдісіне қатыстыру Сабақ кезеңдері,уақыты Кезеңнің мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқыту үшін бағалау, оқу үшін бағалау Ресурстар Кіріспе 7-минут 1.Ынтымақтастьқ атмосферасын құру 2.Топқа бөліну 3.Күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету. «Тілектер сандығы» «Мозаика» -«Сұрақты ұстап ал» Шаттық шеңберге тұрып сандық ішіндегі қима қағаздарға жазылған баланың атын оқып, соған тілек айтады. Төрт қиыққа бөлінген пазлды жинап, құрап топ құру. С.Сейфуллиннің «Туған ел» өлеңінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. «Шапалақ» Сандық, қағаздарға жазылған сөздер Пазлдар Қапшық Тұсау кесер 8 минут 1.Қызығушылықты ояту. Ой шақыру. 2.Табысқа жетудің қадамдарын анықтау. 3.Сергіту сәті. «Ой шақыру» -Бұл қандай кино? -Кейіпкер туралы айтып беріңдер.Ол қандай? -Бұл романның авторын кім біледі? -Бұл Б.Соқпақбаев. - «Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушы мын.Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды». «Менің атым-Қожа» атты кинодан үзінді көріп, сұрақтар бойынша талдайды. Бейнежазбаны көрсетіп, әңгімелеу «Басбармақ» «Шапалақ» Интербелсенді тақта, «Менің атым-Қожа» телефильмі Интербелсенді тақта, кітаптар көрмесі Бейнеслайд Негізгі бөлім. 22 минут. 1.Мағынаны тани білу. 2.Формативті бағалау. Топтарды бағалау «Сен ұйықтап жатқанда» мәтінімен танысу. «Драмалық ойын» -«Бағдаршам» Мәтінді оқып ,талдау жасау. -Мәтінде не туралы айтылған? Қандай еңбек түрі және жұмыс орындары туралы? Топтар таңдап алған қағаздар бойынша драма көрсетеді. 1.Арнаулы тұрақ 2. «Жедел жәрдем» 3.Баспахана 4.Байланыс бөлімдері Әр топқа баға беріледі, пікірлер айтады Оқулық 94-96 бет Тапсырмалар жазылған қағаздар Түрлі түсті стақандар Қорытынды 8 минут. 1.Ой толғаныс 2.Рефлексия. 3.Үй тапсырмасын беру «Миға шабуыл» Біздің кентіміздің қандай мекемелерін білесіңдер? «BLOB ағашы» Эссе жазу. «Ауыл мекемелері» Слайдтар арқылы мекемелерді анықтау Өзін-өзі бағалауы. Өзің ағаштың сатысына орналастыру және сенімділігін анықтау. «Шапалақ» Интербелсенді тақта Рефлексия парағы Дүниетану . 3-СЫНЫП Сабақтың тақырыбы: Денелер.Заттар. Құбылыстар. Сабақтың мақсаты: табиғи және жасанды денелердің, табиғи құбылыстардың айырмашылығын анықтау. Міндеттері: 1.Тірі және өлі табиғат денелерінің айырмашылығын, кез келген дене заттан тұратынын танып біледі. 2.Дене, зат және табиғи құбылыстардың өзгеруі кезіндегі өзара байланысты анықтайды.. 3.Дене мен заттың қарым-қатынасы туралы өз нұсқаларын ұсынады. Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға дамыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ-ны пайдалану, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, оқытуда басқару және көшбасшылық. Пән мазмұнымен байланысты оқушылар алдында кедергі болатын қандай негізгі қиындықтар бар? Оқушылардың тақырыпты дұрыс түсінбеуі, алған ақпараттарды өз бойынан өткізбеуі, сыни ойлауының, қиялының ауқымының тарлығы, өзара көмектеспеуі және өзара әрекеттеспеуі, топтағы, сыныптағы пікірталастарда өз пікірін тыңдата алмауы Оқушылармен бірлесіп табыс критерийлерін анықтадым ба? Сабақ барысында жаңа тақырып жайлы ақпарат алады, түсінеді, тұжырым жасай алады, өз ойын еркін жеткізіп, түсіндіре алады, бір-бірімен еркін сұхбатқа түсе алады, өзін-өзі және өзара бағалай алады. Ынтымақтастық атмосферасын қалай қалыптастырамын? «Көзқарас» (екі жауырынды бір-біріне тигізіп, өзінің жақсы қасиеттерін айтады) Оқытылатын тапсырмалар үшін бағалауды қалай қосамын? Оқушылардың білімді меңгеруін қалайша анықтаймын? Формативті құралдар арқылы: «Басбармақ», «Шапалақ», смайликтер арқылы, «Бүгінгі сабақ ұнады ма?», тәтті сыйлықтар . Оқыту үшін бағалау бойынша мынадай тапсырмаларды ескердім: -визуалды айғақтарды топтастыру -«Өкіл» стратегиясы арқылы тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастыроады Дарынды және талантты оқушыларды қалай ашамын? Қауым алдында сөйлеу және анық баяндау қабілеттері анықталады. Оқытуға сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгімені қалай енгіземін? «Визуалды айғақтар», «Өкіл» Сыни тұрғыдан ойлауды бағалауды қалай жүзеге асырамын? «Сәйкестендіру тесті», «Сұрақтары бар қорап», «Ментальдік карта», визуалды айғақтар арқылы логикалық тұжырым жасай алады Тізбектелген сабақтар топтамасын оқушыларды оқытудың бір тәсілі ретінде диалогтық оқытуды еңгіздім. Зерттеушілік әңгіме, әңгіме-дебат, топтық әңгіме Топтық белсенділікті қалай бағалаймын? «Басбармақ», «Шапалақ», смайликтер Өзараәрекет үдерісін қалай қадағалаймын? Сыныпта бір-бірін тыңдап, идеялармен бөліседі және балама көзқарастарды қарастырады Оқытудың сәтті өткендігін қалайша білемін? Кері байланыс арқылы; смайликтер Оқушыларға көлемді мәліметтер мен мағлұматтарды өздігімен игеруге және бірін-бірі оқыту мүмкіндіктерін беремін бе? «Өкіл» стратегиясы арқылы басқа топқа өкіл ретінде барып, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жету үшін басқа топқа барады. Сіз бұл үшін тізбектелген сабақтарыңыздың мүмкіндіктерін жоспарладыңыз ба? Барлық оқушыларды оқыту үрдісіне қатыстыру Сабақ кезеңдері,уақыты Кезеңнің мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқыту үшін бағалау, оқу үшін бағалау Ресурстар Кіріспе 5-минут 1.Ынтымақтастьқ атмосферасын құру 2.Топқа бөліну 3.Күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету. «Көзқарас» «Заттар арқылы бөліну» «Броундық қозғалыс» Сарамандық жұмысты тексеру. 1-тәжірибе: жылы судың температурасы 2-т:суық су 3-т:сынып бөлмесі 4-т.бүгінгі күннің ауа райы Шаттық шеңберге тұрып, екі жауырынды тигізіп, өзінің жақсы қасиеттерін айтады. Өзінде бар бір затты береді, сосын бөлінген заттар бойынша топтар құрайды. Бей-берекет қозғалып сарамандық жұмысты өзара тексереді «Шапалақ» «Басбармақ» Файл, заттар Тұсау кесер 15 минут 1.Қызығушылықты ояту. Ой шақыру. 2.Табысқа жетудің қадамдарын анықтау. 3.Сергіту сәті. «Ментальдік карта» -Табиғат дегенді қалай түсінесіңдер? «Визуалды айғақтар» Әр түрлі заттардың, денелердің, табиғи құбылыстардың суреттерін топтастырады. «Атомдар, молекулар» Тақтаға шығып, ойларын жазады. 1.Суреттерді өздерінің пайымдауынша топтайды. 2.2-3 сурет бойынша сұрақтар дайындайды. 3.Ортада бөліседі. «Басбармақ» «Шапалақ» Интербелсенді тақта, қалам Суреттер, ватман Негізгі бөлім. 18 минут. 1.Мағынаны тани білу. 2.Формативті бағалау. Топтарды бағалау «Өкіл» «Смайликтер» Мәтінді оқып ,талдау жасау. Әр топтың «елшісі» зерделенген материалды басқа топқа түсіндіреді, сосын «елші» өз тобына оралып, білгендерін айтып береді. Әр оқушы өзінің түсінгенін көрсетеді, әр топқа баға беріледі, пікірлер айтады Оқулық 62-65 бет Қорытынды 9 минут. 1.Ой толғаныс 2.Рефлексия. 3.Үй тапсырмасын беру «Сәйкестендіру тесті» Тақырыптар: 1-өлі, тірі табиғат 2-табиғи, жасанды денелер 3-табиғат құбылысы «Бүгінгі сабақ ұнады ма?» «Сұрақтары бар қорап» «Тәтті сыйлықтар» Эссе: Адам өміріндегі табиғаттың маңызы Тест тапсырмаларын орындап, дайын кілттер арқылы өзара тексереді Рефлексия парағы Өзара бағалау Интербелсенді тақта, тесттің дайын кілттері Қорап, қағаздар, конфеттер | |
Просмотров: 5594 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|