XXI ғасыр –ақпарат ғасыры, сондықтан: «Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем».
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Қазіргі білім беру саласының негізгі мақсаты- оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе – дамыта отырып оқыту. Білім беру үрдісін ақпараттандыру және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге aсыра oқыту – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату- бүгінгі күннің басты талабы болып саналады.
XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында алға қойылған міндеттерді маңызды шешу жолы-
компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры болмақ.Яғни, жас ұрпақты тәрбиедеуде жаңаша бетбұрулар қажет. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, oның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникативті технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Ақпараттық қоғамның білім саласында қойған мақсаты – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдылық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеумен тікелей,яғни қоғамның негізгі талабымен байланысты болып отыр. ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы .
Ақпаратттық-коммуникативті технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. AКТ oқyшыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін мaңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдану маңызды болып саналады
Ақпаратты оқыту технологисының бүгінгі күні интерактивті тақта ерекше орын алып отыр. Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы программамен мүмкіндігінше пайдалана алады. Ең алдымен оқушының танымдық ойлау қабілеті мен білімі артады. Оқушылар тіл жаттығуларын,грамматикалық тапсырмалар мен ережелерді,тестматериалдарын өз беттерінше мұқият тексеріп, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын қалыптастырып, өзіне-өзі баға беру арқылы шығармашылыққа тәрбиелеуге мүмкіншілік береді.
- Флипчарт-бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Сілтемелер арқылы бірнеше обьектімен жұмыс істеу. Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Пән бойынша базалық білімді меңгеруге,алған білімді жүйелеуге,өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыруға жаңа тұрпаттағы мұғалімнің оқушының жетістікке жеткізетін басты құралына айналуы тиіс.Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру арқылы, қөзбен көру жадыны іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндігі, көпшілігі естігенін 5%, көргенін 20%,аудио және видео-ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40%-50%дейін артады.
Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.Әрине сабaқтың қызықты да түсінікті бoлуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты.
Интернет желісінде жұмыс істеу де оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында пән мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мектебіміздің негізгі міндеттерінің бірі. Пән мұғалімдерінің де қызығушылығы артуда, өз сабақ материалдарын интерактивті тақтаны пайдалану, компьютерді пайдалану арқылы тиімді меңгертеді. Әсіресе, ағылшын тілі, орыс тілі мұғалімдеріне мультимедиа кабинетінде сабақ өткізу өте тиімді және оқушылар үшін әсерлі. Оқушылардың қызығушылығының артуына көп ықпал жасайды
Білім беруді қайта құру мұғалімінен үлкен дайындықты талап етеді. Олай болса, олардың тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы талап қойылады. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген қайта құруларды педагогикалық процестің негізгі субъектісіне айналып отыр.
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бір уaқытта педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады. Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуіне және оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру қазіргі заман талабына айналып отыр.. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен үздіксіз білімін жетілдіріп отырғанда ғaна дамытудың өзектілігі – жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге дағдылануы қажет.
Қазaқстанның тәуелсіз мeмлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай хaлықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да-мектеп.Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивт құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие прjцесін тиісті деңгейде көтеру, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпараттық технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру .
Ақпараттық –кoммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
|