Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Новые технологии в обучении

Эскиздеу
Сабақ тақырыбы: Эскиздеу.
Білімдік мақсаты:
1. Баяндау арқылы эскиз туралы толық мағлұмат беру.
2. Тетікбөлшекке қарап эскиз салып үйрету.
3. Білім деңгейлерін тереңдету.
Дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырып, графикалық сауаттылығын, шығармашылық ойлауын, қарапайым білігін дамыту, өз бетімен жұмыс жасауын ұйымдастыру.
Тәрбиелік мақсаты:
Пәнге қызығушылығын арттыру, оқушыларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке және эстетикалық талғамда тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас
Пәнаралық байланыс: Математика, сызба геометриясы, информатика.
Оқыту әдісі: Дифференциалды оқыту әдісін қолдану. Теориялық практикалық зерттеу, баяндау, ізденіс, талдау.
Сабақ көрнекілігі:
Плакат – «Эскиздеу»;
«Эскиз орындау реті» - таблица;
«Ойлан тап» - басқатырғыш;
«Бұрандалы бұйымдар» плакат-сызба;
Тетікбөлшектер, компьютер, магнитофон.
Сабақ құрылымы:

Уақыты 3 мин 5-7 10-15 20 25 10 10
№ элемент I II III IV V VI VII
Сабақ барысы:
№ Элемент
мазмұны Мұғалімнің
қызметі Мақсаты Оқушының
қызметі
I. Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушыларды
түгендеу. Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау Сабақ барысында
оқушыларды белсене қатысуға ынталандыру Жұмыс ырғағына
бейімделу
II. Өзіндік жұмысқа дайындау. Үй тапсырмасын тексеру (диктант, карточкамен жұмыс, сызбаны оқу)
Оқушыларға сабақ барысын түсіндіру
Оқушыларды өзіндік жұмысқа бейімдеп соңғы нәтижеге жетуге ынталандыру
Өткен сабақтарда алған білімін қолдана білу
III.
«Ойлан-тап» басқатырғыш
Тапсырманы орындау реттілігін түсіндіру
Өткен сабақтан алған білімдерін белсендіру, ойлау қабілетін дамыту Оқушылар өз орындарында отырып, тапсырманы орындайды
1-2 оқушы тақтаға орындайды.
IV. Жаңа білім беру Сабақтың мақсаты, барысымен таныстыру Тұйыққа тірелген жағдайдан шыға білу, ойлау қабілеттерін дамыту Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдайды
V. Білімді бекіту Тетікбөлшек бойынша эскизді орындауды бақылап,
көмек көрсету. Алған білімдерін дұрыс қолдана білу және кеңістікте елестету қабілетін дамыту Тетікбөлшек бойынша эскиз орындау. 1-2 оқушы тақтада орындайды

V.a Ауызша сұрақтар Сұрақ қою Пысықтау Сұрақтарға жауап беру
VI. Әріптер мен цифрларды алмастыру арқылы сөздерді оқу керек. Тапсырманы
Орындауды түсіндіру. Ойлау қабілетін дамыту белгілі уақыт аралығында анықтау. Оқушылар өз орындарында отырып орындап, жауабын тапқан оқушы тақтада жазып көрсетеді.
VII.
Сабақты қорытындылау Сабақ қорытындысы. Оқушыларды бағалау.
Хабарлау
VIII. Үйге тапсырма Үш көрінісінде тіліктерді орындау. Келесі сабаққа А4 форматқа жұмыс сызбасын орындап келу.
II. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен материалды қайталау.
Техникалық диктант. Сұрақтары:

1. Осьтік және центрлік сызықтарда қандай сызба сызығын қолданамыз?
2. Н жазықтығында алынған проекция?
3. Аксонометрияда осьтер тік бұрышты изометрияда қалай орналасады?
4. Фронталь проекция жазықтығы қандай осьтермен анықталады?
5. Нәрсені қиюшы жазықтықпен ойша қию арқылы алынған фигура?
6. Екі ұшында да бұрандалары бар, цилиндр тәрізді стержень қалай аталады?
7. Қима мен тіліктің айырмашылығы неде?
8. 6 жақты басты мен стержені бар бектіу детальі?
9. Бұранданың ішінде, ең көп тарағаны?
10. Стандартты бұрандалы бектіу тетікбөлшектерін ата?

Дұрыс жауабы:
1. Жіңішке нүктелі үзілме сызық
2. Горизонталь
3. 120 0 бұрышпен
4. OX; OZ
5. Қима
6. Шпилька
7. Кескінінде
8. Болт
9. Метрикалық
10. Болт, винт, шпилька, гайка.

III. «Ойлан-тап»
1. Басқатырғыш
2. Модельдің проекцияларын табу.
№1 тапсырма: Экранда тетікбөлшек моделі берілген. Алдыңғы көріністе әріптер берілген. Үш сұрақ беріледі. Осы сұраққа жауапты осы әріптер ішінен табу керек.
I қатар оқушылары (4 пен5-ке үлгерушілерге күрделірек тапсырма)
II. қатар оқушылары ( ойлау қабілеті төмен оқушыларға жеңілдеу тапсырма)
Жауабын тапқан оқушы тақтаға шығып жазады.
№2 тапсырма: Экранда берілген модельдің фронталь,профиль проекцияларын табу керек. Үш проекциясын табуға 3 оқушы шығады. Дұрыс сызған оқушыға отырған оқушылар сұрақ береді.

IV. Жаңа сабақ түсіндіру
Эскиз дегеніміз пропорцияны сақтай отырып көз мөлшерімен қолдан орындалатын жұмыс.
Эскиз деп өндірісте тек бір ғана пайдалануға арналған конструкторлық құжатты айтады.
Эскизде нәрсені өзара перпендикуляр жазықтыққа тік бұрыштап проекциялау әдісімен кескіндейді, сызу аспаптары көмегінсіз салынады. Эскизде масштаб болмайды. Эскиз өмірде кең түрде пайдалынылады. Оны басқа пәндерде қолданады. Мысалы, физика, химия, геометрия пәндерінде лабораториялық құралдар және аспаптардың эскиздердін салуға тура келеді. Геометрияда есеп шығармас бұрын, есеп шартындағы геометриялық фигуралардың эскиздерін (техникалық сурет) салып алу керек.
Эскиздер жалпы техниканы меңгеруге әсерін тигізеді. Эскизді миллиметрлік қағазға, торкөз дәптер бетіне салу қолайлы. Сызықтар жұмсақ карандаштармен жүргізіледі. Тетікбөлшек эскизін мынандай кезеңдерге бөліп орындау тиімді.
1. Тетікбөлшектің пішінімен танысу.
2. Тетікбөлшек кескіндерінің жеткілікті санын анықтау
3. Эскиз салатын пішімді таңдау
4. Таңдап алынған пішімді эскиз салуға дайындау
5. Кескіндерді пішімге алдын ала орналастыру
6. Тетікбөлшектің көріністерін жіңішке сызықтармен салу
7. Тетікбөлшек кескіндерін салуды аяқтау
8. Шығару және өлшем сызықтарын жүргізу
9. Сызбаға түсірілетін тетікбөлшектің барлық өлшемдерін өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдаланып анықтайды.
10. Тетікбөлшектің эскизін салуды аяқтау.
V. Білімді бекіту
Тетікбөлшек бойынша эскиз орындау. Әр оқушыға жеке білім деңгейіне байланысты күрделі, жай тетікбөлшектер таратылады.
Оқушылар өз орындарында отырып тапсырманы орындайды.
Тапсырма:
a) Тетікбөлшектің өзіне қарап эскизін салу.
Тапсырмаға әдістемелік нұсқау:
1. Төркөз дәптер бетіне жиек және негізгі жазуды сыз. Негізгі жазу өлшемі 185*55.
2. Негізгі жазуды сызба қарыптарымен ГОСТ 2.304-81 сәйкес толтыр.
3. Әріптерді қолдан «М» карандшымен орында.
Жаңа сабақты пысықтау:
Сұрақтар:
1. Эскиз дегеніміз не?
2. Эскизде масштаб болады ма?
3. Эскиз салудың кезеңдерін 1-5 айтып бер.
VI. Экранда тетікбөлшектің комплекстік сызбасы және аксонометриясы берілген. Комплекстік сызбасында сандар берілген, аксонометрияда әріптер берілген. Сандармен әріптерді алмастыру арқылы бүгінгі сабаққа байланысты сөздерді оқу керек.
VII . Сабақты қорытындылау.
Әр оқушының жауабына, белсенділігіне қарай бағалау.
VIII . Үйге тапсырма:
Үш көріністе тілікті көрсету: фронталь, профиль, горизонталь. А4 пішімге эскиздің жұмыс сызбасын сызып келу.
Білім – ақылдың көркі

Сайыс кеші
ПӘНІ: Сызу
Оқытушы: Куспанова С.У.
Әдістемелік мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырып, өз бетімен жұмыс жасауын ұйымдастыру.
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін тереңдетіп, танымдылық қабілетін дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттыру оқушыларды ұқыптылыққа, достыққа, еңбексүйгіштікке және эстетикалық талғамда тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: математика, сызба геометриясы, информатика.
Көрнекіліктер: Ұлағатты сөздер, геометриялық денелер макеттері, сызу құралдарының макеттері, мультипроектор, экран, компьютер, түрлі түсті шарлар, музыкалық орталық құрал жабдықтары.

I – топ: Қарындаштар. II – топ: Сызғыштар.

Жоспары:
I. Кіріспе. – 5 мин.
II. Негізгі бөлім.
II.I Топтардың амандасу рәсімі – 5 мин.
II.II Үй тапсырмасы. «Біліміңді байқап көр» – 3-5 мин.
II. III «Ашылмаған құпиялар» – 7-10 мин.
II.IV Басшылар сайысы – 3-5 мин.
II. V «Құпиялы сандықшада» - 5-7 мин
II. VI «Адымда –ойлан!» 2-3 мин.
II. VII «Ойлан тап» 7 мин.
II. VIII «Сиқырлы кесінді» - 10 мин.
II. IX Викторина «Геометриялық денелер» – 7 мин.

«Сызу пәні» әні.
Сөзін жазғандар: Куспанова С.У.
Нұрмағанбетов М.
III. Қорытынды марапаттау.
Жүру барысы:

I. Кіріспе.
I.I Оқытушының кіріспе сөзі. Экранда музыкалық әуенмен сызу кітабы суреті шығады.
I.II Таныстыру. (Сайысқа қатысушыларды қошеметпен ортаға шақыру.)
I.III Әділқазылар алқасымен таныстыру.
II. Негізгі бөлім.
II.I Топтардың амандасу рәсімі.
II.II Үй тапсырмасы: «Біліміңді байқап көр» сайысы (Әр топ сөзжұмбақ дайындап келеді. Қарсы топ оның шешуін табады.)
Жай музыка ойнап тұрады, экранда сызу туралы ұлағатты сөздер) Музыкалық сәлемдеме. М-21 топ студенті Жалғасов А.
II.III «Ашылмаған құпиялар». Экранда тетікбөлшектің комплекстік сызбасы және аксонометриясы. Комплекстік сызбада сандар, аксонометрияда әріптер берілген. Әріптер мен сандарды алмастыру арқылы шыққан сөзді мақалмен жалғастыру.
II.IV «Әр қолда өзінің ісі». Топ басшылар сайысы. Екі қолмен бірдей жұмыс жасау.
Сол қол үшін – үшбұрыш
Оң қол үшін – дөңгелек

II.V «Құпиялы сандықшада» (Қобдишадағы сызу құралдарының біреуін таңдап алып, ондағы жазылған сұраққа жауап беру.)

II.VI «Адымда –ойлан!» Геометриялық денелер тобынан үш жазықтықтағы проекциясы бірдей денені тауып, проекциясын адыммен көрсетеді. Бір адым – бір сызуға байланысты термин шеңбердің үш жазықтықтағы проекциясын адыммен көрсетеді, бір адым – бір сызуға байланысты термин үш жазықтықтағы проекциясын адыммен көрсетеді, бір адым – бір сызуға байланысты термин.

II. VII «Ойлан тап».
Экранда А) екі проекция берілген, жоқ проекцияны тап.
В) үстіңгі көріністі тауып ауызша бейнелеу.
Көрермен ойыны. – III топ тапсырмасын орындау.
II. VIII «Сиқырлы кесінді».
Плакатта бірнеше нүктелер берілген. Нүктелерді түзулермен қосу арқылы қазақтың ұлттық ою-өрнегін табу.

I – топ. II – топ.

Музыкалық сәлемдеме.
II.IX «Геометриялық денелер».
Кімде қандай кескін шығады?
Шарты: Жануарлар бағына жаңадан аң әкелінген. Оның кескіні мынадай: денесі – айналмалы конус, оның төбесінде дұрыс үшбұрышты призма; екі жағында шар тәрізді екі көзі бар, мүйізі – цилиндр, құлағы жартылай овал пластина, аяқтары биік параллелипипедтер.


III. Қорытынды.
III.I Әділқазылар шешімі
III.II Марапаттау.
III.III Аяқтау.

Категория: Новые технологии в обучении | Добавил: caule (2010-10-27) | Автор: Куспанова Сауле Умбеткалиевна E
Просмотров: 6752 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 2:18 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru