Главная » Статьи » В помощь учителю » Новые технологии в обучении |
Пән атауы: Ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты шифрлеу. Электронды кілттердің сипаттамасы мен мүмкіндіктері. Электронды қолтаңбаның құрылуы. Уақыты: 2 сағат Топ: Күні: Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, талдау, сұрақ-жауап , (CLIL) пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын, орыс, қазақ тілдері, тарих Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Студенттердің ақпаратты шифрлеу, электронды кілттердің сипаттамасы мен мүмкіндіктері, құрылуы туралы түсініктерін кеңейту. Өткенді қайталап отырып, білімдерін бекіту, теориялық білімді тәжірбиеде қолдандыру. Дамытушылық: Пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) әдісін қолданып ағылшын, орыс, қазақ тілерінде күнделікті өмірде қолдануға, өз ойларын еркін баяндап жеткізу, ойлау қабілеттерімен ғылыми дүниетанымдықтарын кеңейту. Тәрбиелік: Өз бетінше жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, өзіндік шығармашылық ізденімпаздыққа тәрбиелеу Сабақтың жабдықталуы: 1. Көрнекі құралдар: Презентациялық слайдтар, бейнероликтер, интернет желісі, е-үкімет сайты, мобильді қосымша 2. Оқытудың техникалық құралы: ДК, интербелсенді тақта, мультимедиялық трибуна 3. Сабақ өтетін орын: № 73 аудитория 4. Әдебиеттер: Қ.С.Алдажаров «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері», www.youtube.com, pki. gov.kz сайттары Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру (сәлемдесу, студенттерді түгендеу, кабинеттің тазалығын тексеру, студенттердің сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару). 2 мин ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 40 мин Үй тапсырмасын пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) әдісін қолданып студенттердің пәнге деген қызығушылығы мен белсенділіктерін арттыру мақсатында ұйымдастыру. 1. Ақпараттық қауіпсіздік түсінігі 2. Компьютерлік вирустар және олардан қорғану 3. Антивриустық бағдарламалардың шығу тарихтары туралы мәліметтер беру. (Студенттер үйге берген тапсырманы жұптасып үш тілде (қазақ, орыс, ағылышын) айту керек). 4. Қазақстан Республикасының ақпаратты қорғау заңдары (Студенттердің жазбаша және ауызша сөйлеу, оқуларын дамыту. Тақырып бойынша шағын мәтін берілген студенттер жұппен кезек кезек сол мәтінді қағазға түсіру қажет). ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: 15 мин 1. Цезарь шифры туралы мәлімет беру (ағылшын тілінде Цезарь шифрі туралы бейнеролик көрсетіледі, бейнероликтің астында орыс тілінде субтитр аудармасы бар, берілген мәліметті түсініп, қазақ тілінде айтып беру қажет) 2. Электронды сандық қолтаңба (e. gov.kz сайтының көмегімен жаңа тақырыпты түсіндіру) ІV. Сабақты бекіту 25 мин 1 кезең: Жаңа тақырып бойынша сұрақ – жауап 1) Цезарь шифры қандай әдіс? 2) Цезарь шифрының шығу тарихы 3) Цезарь шифры қолдану тәсілі 4) Электронды қолтаңба дегеніміз не? 5) Электронды қолтаңбамен жұмыс істеу жолы 2 кезең: Глоссариймен жұмыс қазақша орысша ағылшынша Цезарь шифры Шифр Цезаря Caesar cipher Цезарь коды Код Цезаря Caesar code Әліпби Алфавит Alphabet шифрлеу Шифрование Encryption монолитті шифрлер Монолитные шифры Monolithic ciphers Математикалық моделі Математическая модель Mathematical model Электрондық сандық қолтаңба Электронно-цифровая подпись Digital Signature Ашық кілт Открытый ключ The public key Жабық кілт Закрытый ключ The private key Хэш функциясы Хеш функция hash function 4 кезең Сматрфон көмегімен жаңа тақырып бойынша тесттілеу 5 кезең Тәжірибелік тапсырма: E-үкіметі сайтына кіріп электронды сандық қолтаңбаға тапсырыс беру V. Сабақты қорытындылау 5 мин Бағалау VІ. Үй тапсырмасы 3 мин 1. Үйдегі компьютерлеріңізге ақпаратты қорғау жүйесін жасаңыздар 2. FreePascal шифратор арқылы algebra, geometry, English сөздерді шифрлаңыздар Рефлексия Сабақ мазмұны маған: Пайдалы болды Пайдасыз болды Жеңіл болды Қиын болды Менің көңіл - күйім: Жақсарды Нашарлады Өзгермеді Қиындық келтірген мезгіл: | |
Просмотров: 1604 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|