Главная » Статьи » В помощь учителю » Новые технологии в обучении |
Жаңартылған білім берудің тиімділігі мен ерекшелігі А.К. Айпеисова, А.Қ.Каплиева, А.Б.Уразымбетова «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын жолдауында елбасымыз Н. Ә. Назарбаев негізгі бес нәрсеге басымдық берген болатын. Соның ішінде төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөле керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет», (1) – деген елбасы Н. Ә. Назарбаев тек қана қала ұстаздарының ғана емес, ауыл ұстаздарының да әлеуетін арттырып, білім дағдыларын еселей түсуге тың мүмкіндіктер ашты. «Елбасы Н.Назарбаев еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетін алға қойып отыр. Ел экономикасының қарқынды дамуы білім беру жүйесіне тікелей байланысты. Қоғамда азаматтың тек қана білім алуы жеткіліксіз, ең маңыздысы – сол алған білімің күнделікті өмірде тиімді қолдана білуі. Сол себепті, қазір оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға басымдық беріліп отыр. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері осыдан 28 жыл бұрын білім берудің жаңартылған үрдісіне көше бастады. 1997 жылы көп ел PISA деп аталатын жаңартылған мазмұнды бағалаудың бірыңғай стандартына көшу туралы келісімге келді. Еліміздегі бірқатар мектептер 2009, 2012 және 2015 жылдары осы стандарт бойынша білім сапасын анықтауға қатысты. Осы зерттеудің қорытындысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру қажеттілігі анықталды. Білім беру мазмұнын жаңартудың себебі содан» (2) – деп Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев топшылағандай білім беру жүйесіне енгізілетін реформа, ең алдымен, оқушыларға сапалы білім беруді болашақта олардың әлемдік бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етуді көздейді. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ – ны қолдану, коммуникативті қарым – қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс – тәсілдерді курс барысында ұғындық. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оған оқу мақсаттарын зерделей отырып тапсырмаларды, сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналасуға ықыласын туғызады. Кеңестік заманнан қалған бес балдық бағалау жүйесі жойылды. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл немесе баға қоймастан оқу үрдісін түзетіп отыруға мүмкіндк береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгігі бір) оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерім туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады. Критериалды бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады . Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылу жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір- бірімен тығыз байланысты. Айталық, қарапайымнан күрделіге қарай шиыршық бойымен дамып, өрлей түскені жай ауызекі тілде ғана ойын жеткізуден, күрделі мәтіндер құра білу дағдылары шыңдалып, тілдік құзыреттіліктері шыңдала түседі. Бүкіл əлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мəселе қайта қаралуда. Осы мəселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені оқыту керек?» жəне «Оқытудың тиімді əдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен жəне оқу бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық əдістемелермен тығыз байланысты. Қарқынды жаһандану, сондай-ақ, ұлттық экономикаға да ықпал етуде жəне қазіргі уақытта экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық бəсекелестік артты. Білім беру жүйесін жаңартуға арналған бұл экономикалық дəлелдерге қоса, қазіргі жиырма бірінші ғасырда басқа да негіздер бар: байланысқа бейімділікті арттыру; əлеуметтік өзгерістер; ауа райының өзгеруімен байланысты мəселелер; бүкіл əлемдегі халықтың қарқынды өсуі; заманауи əлеммен өзара табысты байланысу үшін қажетті жəне келешек күннің əлемімен өзара байланысу үшін қажетті дағдыларды қазіргі таңдағы мектеп жасөспірімдері талап ететін шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деп атап көрсеткеніндей, қазіргі таңда елімізде жаппай білім беру мазмұны жаңартылуда. Жаңартылған бағдарлама бойынша әлемдік білім беру жүйесі бәсекеге қабілеттілікке қарай білім алушыны баулу, қоғамнан өз орнын таба білетіндей сапалы маман болуына бағытталынған. Ал осы уақытқа дейін біздің елімізде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар күтілетін нәтижеге көз жеткізбей, түрлі әсер етуші факторлар ықпалымен мамандық таңдап, ақыр соңында сол оқыған мамандықтары бойынша жұмысқа тартыла алмай отырғаны бәрімізге белгілі. Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып тексеріліп отыратын спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы моделіне негізделген. Оқу үдерісінің алға ілгерілеуі айқан көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөліктер мен бағыттарға біріктірілген. Айталық, қарапайымнан күрделіге қарай шиыршық бойымен өрлей түскені жай эссе жазудан әңгіме тіпті повесть жаза алатындай дағдыға ие болып, тілдік құзыреттіліктері шыңдала түседі. Мұғалімдердің пайдаланатын оқыту әдісі оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Осы орайда жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз: «Қабырғадағы роль», «Ыстық орындық», «Пікірлер сызығы», «Саналылық аллеясы», «5 сұрақ, 5 жауап», «5 қадам», «Драма әдісі», «Маңыздылық аймағы», графикалық органайзерлер – «Дара диаграмма», «Қос диаграмма», «Оқиға тауы», «Хикая картасы», «Стоп кадр» т.б Мұғалімдер пайдаланатын әдіс оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістерді жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктерін және нәтижелілігін төмендетеді. Жаңартылған бағдарлама бойынша әр мұғалім төмендегідей нәтижелерге қол жеткіздік: • жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымына; • жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны мен жүйесіне; • оқу бағдарламасының және оны іске асырумен байланысты құжаттамалардың мақсаты мен рәсімделуіне; • білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді меңгеруге; Біліктілікті арттыру курсы соңында әр мұғалім жаңартылған бағдарлама бойынша мазмұн мен жүйелілікті, білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді қолдана алатын нәтижелерге қол жеткізді. «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім – ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқалады», - дейді Абай (3). Ғаламдық деңгейде өркениет атаулысы – білім мен ғылымға арқа мүйей бастағанын дүйім жұртқа алғашқылар қатарында айту, жадында жаттатқызу – халқымыздың аяулы перзенттерінің бірі – ұлы Абайға бұйырғаны әрі заңдылық, әрі қажеттілік болатын. Қорыта келе, Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман». XXI ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпы еуропалық стандартқа сай жаңа білім беру – жеке тұлғаның жан – жақты дамуына әкелетін бірден – бір жол! Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», 31.01.2017ж. 2. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевпен сұхбат. https://bag.kz//kk/news/adebiet/ush-tildi-bilim-beru-zhuiesi-kazak-tiline -toskauil- bola-almaidi-e-sagadiev-84178 3. Абайдың қарасөздері. Отыз екінші қарасөз | |
Просмотров: 2873 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|