Главная » Статьи » В помощь учителю » Новые технологии в обучении |
«СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ” ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ. Шығыс Қазақстан Облысы Өскемен қаласы «№6 мектеп – балабақша кешені» ММ Бастауыш сынып мұғалімі : Ильясова Жанат Сайлауовна Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет - осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағынан кемелденуі болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық өсіп - өркендеуінің түпқазығы – білім мен ғылым екені даусыз. Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп өркендеуі,әлемдік кеңістіктегі орны білімнің бағыт-бағдарына, оның тиімділігіне байланысты болмақ. Казақстаның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы - бүкіл ұлттың, елдің барлық аткару органдарының басты идеясына айланысуы тиіс екендігін атап көрсетті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев. Бұл білім саласын, соның ішінде білім саласының мамандарын дайындауға үлкен жауапкершілік жүктейтіні түсінікті. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің реформалануы коғамның демократикалық бағытта дамуына бет алғанын айқындайды. Осыған орай білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағыттағы мектептер пайда болып, білім мазмұнының толығымен жаңаруына алып келді. Күн тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде жаз ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жыл оқыту моделі. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты-алған білімдерінің негізінде еркін бағындаялатын, өзін таныта, дамыта білетін, қазіргі тез өзгеріп отыратын өмірге өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру. Еліміздің болашағы жастар десек, жастардың болашағы оларды саналы тәрбиемен, сапалы біліммен қаруландырып, білімі озық елдердің әлемдік озық үлгісін өнегесін, тәжірибесін үйрететін ұстаздар қауымына жүктелген еңбегіне байланысты болмақ. Осы тұста В.Г.Белинскийдің : «...ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр.» - деген сөзі еріксіз еске түседі. Өйткені, ұстаз – болашақтың тұтқасы,жас ұрпақты тәрбиелеу және терең де жан-жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. Ол жас ұрпақ бойына білімді, әдетті, дүниетанымдылықты , өмірге деген өмірлік мақсатын калыптастыруші басты тұлға. Уақыт өткен сайын білім саласының әлеуметтік ролі де нығайып келеді. Бұған дәлел, бүгінгі таңда еліміздің білім беру мекемелерінің алдында Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға дейінгі стратегиялық дамуын жүзеге асыру, 2015 жылға дейінгі Қазақстандағы білім беру Тұжырымдамасының бекітілуі. Осы аталған құжаттардың көздеген мақсаттары бір арнаға тоғысады. Ол мақсат - білім беру мекемелерінің мамандарына еліміздің болашағы жастарды терең біліммен сусындату, яғни бір сөзбен айтқанда бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау мәселесі болып табылады. Қазіргі таңдағы білім саласының маманы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, кәсібі жоғары мәдениетті , оқытудың инновациялық, ақпараттық және деңсаулық сақтау технологияларын жетік меңгеруі тиіс. Қай елдің болсын өсіп - өркендеуі , әлемдік ортада өзіндік орын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына, қазіргі таңдағы әлемдік оқу үрдесінің өзегі-жаңа тезнологияларды жетік меңгеруіне тікелей байланысты болмақ. «Білім – теңіз, мектеп – кеме», - деген қанатты сөз кез келген азаматтың саналы өмірін қалыптастыратын алғашқы алтын босағасы, білім ордасы- мектептің қоғамдағы орны мен ролін айқындап тұрса, Ел басы Н.Ә.Назарбаев: «Бәрі де мектептен басталады» - деп мектептің қоғамдағы орнын ерекше бағалады. Ұстаз мамандығы- киелі мамандық, олай болса, мамандық таңдау барысында болашақ ұстаздық мамандығына жүрек қалауымен , өзіндік қабілеті мен биімділігіне қарай таңдаса ғана өзіне жүктеген жауапкершілік биігінен көрінері хақ. Қазіргі замандағы ұстаз алдындағы басты міндет XXI ғасыр- білім ғасырының есігін еркін ашып кіретін , дүниежүзілік мәдениетті танып , ұлттық төл мәдениетті қастерлей білетін , рухани жан – дүниесі бай, ой-өрісі дамыған жоғары білімді, заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу. Я.А.Коменскийдің «Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзінің біліміңе ештеңе қоспаған оснау күнді немесе сағатты бақытсыз сана» деген нақылы мен Филлердің «Бойыңда білімің бар екен, одан басқаларда өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғыз.» - деген қағидалары қазіргі уақытта да маңызды болып отыр. Бүгінгі таңда білім берудін озық технологияларың меңгермейінше , сауатты әрі жан-жақты болу мүмкін емес. Қазіргі мұғалім қоғамдағы болып жатқан , тез өзгеріп тұратын әлеуметтік – экономикалық, педагогикалық, ғылыми өзгерістерге тез төселгіш , жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жеке шығармашылық кәсіби түрде оқушылармен тез ортақ тіл таба алатын, педагогикалық үрдісте жүйелі бағыттармен жұмыс істей алатын, шәкіртінің жанына нұр кұятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы, яғни, «Жаңа формация мұғалімі» деуге болады. Бүгінгі танда өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамның шығармашылық әрекеттен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екендігі дәлелденуде. Сондықтан қазіргі мектеп алдында жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып шығармашыл ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тұр. «Білім негізі – бастауышта» демекші, білім берудін алғашқы атысы – бастауыш білім.Баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, өз бетіне шешім қабылдай алуға,практикалык әрекеттерге дайын болуға, оларды шығармашылық бағытта жан- жақты дамыту-бүгінгі күннін басты талабы. Әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздін саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік бар. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе бастауыш сынып мұғалімдері мектептегі жаңару процесстерін қызу қолдап жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды практикада қолдануда үлкен белсенділік танытуда. Мысалы: Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың «Дамыта окыту», Ж.Қараевтың «Деңгейлеп саралау» технологиясы, М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту», С.Н.Лысенкова «Түсіндіре басқарып – оза оқыту» т.б. Мен оқытудың ұжымды әдістерін , соның ішінде Джордж Соростың ашық қоғам институты «Сорос – Қазақстан» қоры арқылы келген «Сын тұрғысынан ойлауды, оқу және жазу арқылы дамыту» технологиясы бойынша курсын оқып, осы бағдарламаны іске асырудамын. «Сыни ойлауға» келсек, бұл американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба, оның тұтас құрылымы болғандықтан технология деген негіз бар. Мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез кеген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Бұл технология несімен өзіне баурап алғандығын бірнеше сұрақ- жауап ретінде бергім келіп отыр. «СТО-ды дамыту» технологиясы немен қызықтырады? • Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен. • Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен. • Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен. «СТО- ды дамыту» технологиясының өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар? • Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы /қызығышылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс/ . • Негізгі үш кезенінің маңыздылығы. • Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері. Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді,ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс- әрекетің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға , жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер таьуға ұмтылуы,ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздін міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда СТО жобасының көптеген стратегияларың қолданамын: • Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау,арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/ • Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс / эссе,шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б стратегиялар/ • әнгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу, мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Венн диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/ • Қиялдау арқылы сүрет салғызу /сүрет салу стратегиясы/ • Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы / • Шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/ • Өлең шұмақтарын құрастыру / 5 жолды өлең, Рафт стратегиясы/ Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатымен келесі жұмыстар жүргіземін: • Мұражайға апару; • Әр-түрлі кездесудер өткізу ; • Әр-түрлі тақырыптарда сайыс,пікірталас өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазғызу; • Балаларға арналған журнал-газеттерге жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалануға мүмкіндік беру; • Әрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлумат жинату, реферат жазғызу. Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс , жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық,пәндік апталықтар мен пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Осындай жұмысты үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын үштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Қорыта айтқанда, оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, іздемпаздығы арқылы дамиды. Оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуын ұқыпты қадағалап , тәжірибе негізінде жинақтап, өсу динамикасын бақылап , зерттеуге бастауыш сынып мұғалімдеріне мектеп психологының көмегі көп тиеді. Пихологпен диагностика жүргізіліп мониторинг жасалынып қорытынды шығарылады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту проблемасын ұқыпты қадығалау, оқу процессінің тиімді болуында қандай көрініс табады? Жалпы үлгерім, яғни олардың шығармашылық кабілетін дамытуға бағытталған жұмыстар білім сапасына әсер етеді. Бұны өз тәжірибемнен байқадым / 3-жылдық мониторинг/. Бастауыш сыныпта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының маңыздылығы, пайдасы зор екеніне көзім жетті.Оған дәлел оқыту нәтижесі . Қазіргі уақытта білімді, қабілетті, әдепті, іскер, мейірімді мұғалім ғана оқушысына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, сапалы білім бере алады. Ол үшін оқыту мен білім берудегі жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды практикада қолдануда үлкен белсенділік таныту- әрбір мұғалімнің міндеті. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Қ.М.Нағымжанова. Инновациялы-креативті технологиялар//Өскемен Медиа Альянс.-2005 2. Дүсенбаев С. Жаңа педагогикалық технология – Бастауыш мектепте // Бастауыш мектеп.-2003.-№9 3. Ибрагимова Г.Оқытуда жаңа әдістерді пайдалану// Бастауыш мектеп.-2001 №6 4. Иманбекова Ж. Жаңа технологиялармен оқыту әдістері // Қазақ тілі мен әдебиеті.-2003 №7 5. К.Күнантаева, А.Алшымбаева. Бәсекеге қабілетті қоғамның негізі – сапалы білім//Бастауыш мектеп.-2007. №1 6. Ү.Жазықбаева. 12 жылдық білім беру мерзіміндегі жалпы орта білімнің алғы шарттары// Бастауыш мектеп.-2006. №1 7. И.Бикирова. Шығармашылық –натижелі оқыту негізі// Бастауыш мектеп.-2006. №5 Источник: http://новые технологии в обучении | |
Просмотров: 16277 | Комментарии: 3 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|