Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Новые технологии в обучении

"Оқытудың сара жолы"
Оқытудың сара жолы

Білім беру жүйесі-әр елдің даму болашағын айқындайтын ,әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына бәсекеге қабілетті, мәселелік жағдаяттарда өзіндік шешім қабылдай алатын шығармашыл тұлға қалыптастыру, дамыту міндкттерін қойып отыр. Аталған міндеттерді орындауда оқушының пәнге деген қызығуы, танымдық белсенділігі жоғары болуы ескерілуі тиіс. Өйткені оқушы танымдық қабілеті арқылы белгілібір пәндер бойынша жеке траекториясын жасай алады. Танымдық қабілетке қисынды ойлау, эмоционалдық- бейнелік ойлау, сұрақ қою қабілеті,болжам жасай білуі, ережелер құрастыра білу, өз ойын тұжырымдай алуы жатады. Танымдық қабілетті дамытудың басты ұстанымы –құбылыс туралы дайын білімді алу емес, ол туралы алғашқы танымды дамыту. Мұғалімнің бұл үрдістегі басты мақсаты –оқушыларды дербес ойлауға, өз беттерімен еңбектенуге, өз беттерімен ізденуге, бір нәрсені өздерінше шеше білуге, шешім қабылдай білуге баулу. Ал бұл мақсаттар бірте –бірте оқушылардың білімге селқос, ықылассыз қарауын өзгертіп, дайын дүниені қайталап берумен ғана шектелетін іс –әрекеттерден құтқарады. Керісінше, оқушылардың таным, ойлау белсенділіктерін дамытып, зерттеу, іздену жұмыстарына ынтасын арттырады. Ең бастысы,оқушы ешкімге «тәуелсіз» еңбек етуге дағдыланады.
«Кейбір оқушылар сабақты үйрену үшін топтың ішінде өздері тырысады,бірақ кейбіреулері көп нәрсені мұғалімнен күтеді.Сондықтан үйретудің өзі көбінесе мұғалімге байланысты болады. Мұғалімнің қабілетімен баланы сабаққа қызықтыруға және белсенді қатыстыруға болады», - деген американдық ғалым Эриксон. Кант оқушыны ойларға емес, ойлантуға жетелеу қажет екенін айтады. Ұлы ойшыл Конфуций : «оқып, бірақ ойланбау – уақытты текке өлтіру, ойланып, бірақ оқымау түбірімен зиянды» , - деп атап көрсеткен. Бұл - шындық.
Білім берудегі басты қағида – оқушыларды үнемі шығармашылық әрекетте шыңдай отырып, өзін – өзі дамытуға жетелеу. Мұндай әрекеттер оқушының бойындағы рухани – танымдық сұранысы мен әлеуметтік өмір талаптарының ұштасып, бір – бірімен астарласып, бойына нық орнығып жатуына қызмет етеді. Міне, сонда ғана оқыту нәтижелі болып, жеке тұлғаның дамуына сабақтасып жатады. Сынып ішінде әр түрлі әдісті қолдана білу – мұғалімнің негізгі жұмысы. Осының бір жолы сабақты түсіндірмес бұрын алғашқы 3-4 минутта оқушыға жаңа тақырып бойынша бірін-бірі тексеру жұмысы жүзеге асырылады. Жаңа тақырыптан хабары барлар сыныптастарына сауал қойып, бір-бірімен пікір алмасып, өз ойларын ортаға салады. Білімді қандай әдіспен берудің тиімді екенін зерттеген ғалымдар оқушы білімінің 90% - ы өзгені оқытуда жиналатынын; 75%- ы – жаттығу арқылы; 30 % -ы – көрнекілік арқылы; 20% - ы видео,аудио материалдар арқылы ; 10%-ы - оқу арқылы; 5% - ы – мұғалімнің баяндауы, лекция арқылы екенін дәлелдепті. Осыған орай пікір алысу, ой бөлісу, пікірсайыс, ұжымдық жұмыс,сайыстар, сахналық қойылым,жоба қорғау, жаңа технологияны қолдану, топпен жұмыс жасау және оқушының мұғалім рөлінде болуы сияқты жұмыстарды әр сабақтың тиісті кезеңінде тиімді қолданып отырамын. Тиімді әдістемелердің бірі – жақсы оқитын оқушыларға мұғалімдік рөл беру. Сынып ішінде жақсы оқитын балалармен қатар орташа және нашар оқитын балалар да болады. Жақсы оқитын балалардың басқа оқушыны қамқорлыққа алуы – жақсы әдістің бірі. Бұл әдісті жүзеге асырғанда балалар еркін сөйлесе алатындығын, сұрақ қоя алатындығын, дұрыс жұмыс жасай алатындықтарын байқатты. Кей жағдайда сынып балалары топқа бөлініп, әр топтың басына мұғалім рөліндегі оқушыны қоямыз. Негізгі мұгалім бақылаушы, ұйымдастырушы ретінде жұмыс атқарады.Топтың ішінде және сынып ішінде ең мықты бола алатын, олимпиадаға қатысқан баланы оқушы – мұғалім деп белгілеуге болады, немесе жоғарғы сынып оқушылары төменгі сыныптарға мұғалім рөлінде жұмыс жүргізеді. Мұндай жұмысты ойдағыдай жүргізген оқушыларды атауға болады. Мусина А, Кеңесбек А, Дәріғұлова Б, Қайырқұлова А, Баймамырова Г, Әлімқұлова Д, Бейсенбина Т, Қабдолла Г, Зікрин Қ. үзілмей келе жатқан үрдісті кейінгі лерге үлгі етті.Түрлі сабақтар мен зияткерлік ойындарды өз деңгейінде өткізіп отырды. Осындай жұмыс нәтижесі ретінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық семинарында 11- сынып оқушылары Кеңесбек Аяжан, Дәріғұлова Ботагөздің сабақ өткізгенін мысалға айтуға болады. Өткен оқу жылында мектепті бітіріп, жоғарғы оқу орындарының студенті қатарында жүрген түлектер мектептен алған білімі мен тәлім – тәрбиесін байқатуда. Дәл қазір сол үрдісті төменгі сынып оқушылары үшін де қолданып отырмын. Қандай бала болса да бұған қызығушылық танытады.Көңілде жүрген сұрақтарға жауап іздеу, көкейкесті мәселелер төңірегінде ауыл тұрғындарымен кездесіп, сұхбат алу , пікір алысу, «Сыр-сұхбат» т. б. кездесулер, ойындар жүргізу биыл да жүзеге асып келеді. Жоғары белсенділік танытып отырған оқушылар – Құлтаева Ф, Қасымова А, Хамитова М, Рахымбекова Р, Балқашбай Б, Тайтөлеуов Ж, т. б. көптеген оқушыларды атауға болады, олардың қатары өсуде.
Оқушы – мұғалімнің сабақ беруінің оңды жағы :сабақты маман ретінде түсіндіруге дайындалады,ізденеді. Сол тақырыпты өте жақсы меңгереді,өткенді пысықтап алу керегін жақсы түсінеді, келесі тақырыпты өткенде тақырып байланысында тиімділігін аңғарады. Әр жұмысты жоспар бойынша жүргізеді, жоспардың мәнін түсінеді.Сабақты белгіленген уақытта бастап, аяқтайды,уақыттың қадірін сезінеді. Қысқаша айтқанда, сабақты сабақ беру ережесіне сай жүргізуге тырысады. Ең негізгісі- жауапкершілігінің артуында. Жауапкершілікті сезінеді, өз күшіне сенеді, сенімнен шығуа тырысады. Өзіне де, өзгеге де талап қоя білуге, басқамен дұрыс қарым –қатынас жасай білуге үйренеді. Сөз мәнін түсініп, оны орынды қолдана білуге, ойын жүйелі жеткізе білуге, мәнерлі сөйлеп, тыңдаушысының көңілінен шыға білуге машықтанады.Тіпті мінез –құлқының өзгеруіне де көмегі тиеді. Өзін сабырлы, салмақты ,байсалды ұстайды. Оқушылар өздерін оқушы – мұғалім қасында жайлы сезінеді,құрбысын нағыз мұғалім ретінде көреді, дұрыс қарым –қатынас орнығады, сабаққа толық қатысады.Жеке көзқарасын , пікірін айту үшін өзін еркін сезінеді, психологиялық жағынан оқушыларға жайлы атмосфера тудыра алады. Бір –бірімен тез тіл табысады. Әрине, бұл жұмыстар бірден қолмен қойғандай дұрыс шыға бермейтіні түсінікті, ол жаттығудың , дайындық жұмыстарының арқасында жүзеге асатыны анық екендігіне көз жеткізу қиын емес. Әр жұмыс соңынан қорытынды жасалады. Жетістігіміз бен кемшілігіміз, ұтқанымыз бен ұтылғанымыз жайлы ,не алдым? ,нені аңғардым ?т. б. мәселелер жайында ,сабақтан алған әсері жайында өз ойларын ортаға салады. Әр жұмысқа бұндай баға беру дағдыға айналған іс деуге болады. Бұл әдістің балаларға пайдасы көп .Оқушылардың білімін көтереді. Олардың өзара қарым –қатынасы күшейеді,өзін еркін сезініп, сұрақ қояды, жаңаны үйрену оңайға түседі. Бұрынғы қалыптасқан дәстүрлі әдістердің орнына жаңаша әдістерді қолданғанда балалардың сабаққа қатысуы дұрысталады. Оқуға мұғалімдік рөл берудің пайдасы зор. Өйткені , өзімен бірге оқитын досының мұғалім болғаны өзіне жақсы үлгі болып, сыныптың ішінде қарым –қатынас күшейеді. Болашақта мұғалім болуға ынталандырады. Оқушы – мұғалім өмірді танып-білуге тырысады, өмір сүре білге дайындалады, алған білімін өмірде қолдана білуге үйренеді. Оқушы сезіміне әсер ете отырып, сеніміне ену, оған сенім білдіру арқасында жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.Оқушы үлгерімінің жақсара түсуіне оң әсерін тигізеді. Қоғам үшін пайдалы жоғары жауапкершілік иесі болар азамат, азаматшалар тәрбиеленеді.

Қарағанды облысы, Шет ауданы Ақшатау кенті
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің мұғалімі Омарбай З.А

Источник: http://Қазақстан мектебі журналы, "Ұлағат", "Қазақ тілі мен әдебиеті" т.б журналдар мен баспа материалдары
Категория: Новые технологии в обучении | Добавил: Алико (2012-02-11) | Автор: Омарбай Зария Абильмашқызы E
Просмотров: 1866 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-11-18, 9:20 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru