Главная » Статьи » В помощь учителю » Новые технологии в обучении |
УДК 378:004 E-LEARNING ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ ЭЛЕКТРОННАЯ СИСТЕМА ОБУЧЕНИЯ E-LEARNING Шотпаева Жанар Каирбековна Информатика пәнінің оқытушысы Аңдатпа Бұл баяндамада қазіргі қоғамның негізгі білім тенденциялары қарастырылған. Білім саласына E-learning электронды оқытуды енгізу қажеттігі негізделген. Оқыту жүйесі туралы нақты түсініктер берілген, маңызы мен мүмкіндіктері айтылған. Білімді ақпараттандырудың дұрыс үрдісіне беталдыратын ақпараттық қоғамға теңбе-тең педагогикалық ғылым – электронды оқыту жүйесінің пайда болуы негізделген. Аннотация В статье рассмотрены основные образовательные тенденции современного общества. Обоснована необходимость внедрения E-learning в образовании на основе электронного обучения. В статье обосновывается появление новой педагогической науки — электронное обучение, адекватной информационному обществу и инициируемое объективным процессом информатизации образования. Қазіргі заманда білім кеңістігінің жоғары қызығушылықпен дамып келе жатқан саласы – электронды жүйемен оқыту. Осындай электронды оқыту жүйелерінің бірі E-learning. E-learning Қазақстандық білім жүйесінің дамуының жаңа бағытына айналды. Қазақстан Республикасы Президенті өзінің 2011 жылғы Қазақстан халқына жолдауында: «2015 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50 пайызы электронды оқытуды пайдаланып, 2020 жылға қарай оның саны 90 пайызға дейін артады» дегенді айтқан болатын. Электронды оқыту жаңа технология болып табылатынына қарамастан, тарихи деректер E-learning электронды оқыту жүйесінің алғашқы қадамы ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында Стэндфорд университетінің қабырғасында орын алғанын көрсетеді. Бұл жоба аясында сол кезде компьютерлер математика пәнін оқыту үшін қолданылған және бүкіл әлем бойынша оқушыларды оқыту үшін осындай мультимедиялық курстардан әлемнің 35 мемлекетінен елу мыңнан астам оқушылар мен студенттер өткен. E-learning Финляндияда, Ирландияда және Оңтүстік Кореяда білімді жетілдіру мен экономикалық өсудің негізгі құралы болып есептеледі. Электронды оқыту бойынша арнайы ұлттық бағдарламалар жасалды. АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінде электронды оқыту күнделікті өмірдің практикалық тәжірибесіне айналған. Білім кеңістігінде электронды оқыту жүйесін қолданудың мақсаты бұл оқу үрдісінде сапалы білім беру қызметтерін енгізу және оған қолжеткізу үшін ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдана отырып ұйымдастыру. Ақпараттық технологиялардың дамуы қоғамның интеллектуалдық потенциалы мен мемлекеттегі білім дамуының деңгейіне байланысты. Білім мазмұны мен сапасы қоғамда әрқашан басымдық маңызға ие. Осының салдарынан білім сапасын көтеру мақсатында жалпы оқыту жүйесіне әртүрлі жаңа ақпараттық коммуникативтік технологияларды енгізу жоспарлы жұмыстары қарастырылуда. Әлемдік тәжірибеде ақпараттық телекоммуникациялық технологияларды білім саласында жетістікке қол жеткізе қолданудың бірнеше мысалдары бар, сонымен қатар оқытуда оң нәтижелер беретін іс жүзіндегі бағдарламалар мен жобалар да бар. Электронды оқыту жүйелеріне кіріктірілген заманауи компьютерлік технологиялар білімді жеткізу мен әртүрлі оқу ақпараттарына өтуде дәстүрлі оқыту құралдарына қарағанда анағұрлым әсерлі әрі нәтижелі. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Ал біздің елімізде электронды оқыту жүйесі сұранысқа ие ме? Осы тұрғыда мемлекетімізде үстіміздегі жылы Қарағанды облысы, Алматы мен Астана қалаларының 44 мектебіне енгізу жоспарланған. Қазақстанда E-learning жүйесінің электронды оқыту нарығында алатын орны да ерекше. Бұған дәлел қазіргі буын білімгерлер үшін ақпаратты электронды тәсілмен қабылдау қалыпты жағдай болып табылады. Көптеген Қазақстандық компаниялар тек жақсы оқытылған қызметкер ғана мекемеге табыс әкеле алады деген тұжырымды ұстанады. Осы орайда басшылар өзінің басқаратын мекемесінде қызмет жасайтын адамдар үшін бірлескен тренингтік бағдарламаларды дамыту бойынша ұтымды шешім қабылдауларына мәжбүр. Ал бұл тұрғыда жаңа білім алу үшін электронды оқыту E-learning талапқа сай келеді. Электронды оқытуда мұғалімнің автоматтандырылған жұмыс орны болады. Оған электронды журналдар, күнделіктер, жоспарлар, электронды оқытушылар бөлмесі, ата-аналарды SMS-хабарламалары кіреді. Әрбір оқушы мен оқытушының кез келген уақытта әлемдік ең жақсы білім ресурстарына «онлайн» өту мүмкіндігі болады. Сонымен қатар цифрлық білім ресурстары, яғни электронды оқулықтар, ойындар, виртуалды тренажерлар, зертханалар болу керек. Жалпы E-learning электронды оқыту жүйесіне берілетін анықтамалық түсініктер өте көп. Солардың бірі E-learning – оқу үрдісін сапалы ұйымдастыру үшін компьютерлік технологияларды құрылымдас мақсатты бағытпен қолдану. Электронды оқытуды қолдану аясында қандай бір шектеулер болмайды. E-learning – күндізгі семинарлардың инновациялық баламасы, сонымен қатар қызметкерді оқыту құралы, кез келген адамның жеке және кәсіби өсуіне тиімді, өз бетімен және жан-жақты дамуына бағытталған құрал ретінде. Қазір Қазақстанда электронды оқытудың синонимі қашықтықтан оқыту жүйелерін (ҚОЖ) өндірістік ірі компаниялар мен банктік секторлар да енгізуде. Себебі, электронды білім беру жүйесі – болашақта жаппай ағарту саласын қамтитын жаңа үрдісті шығармашылық еңбек. Үшінші мыңжылдықта қолға алынып жатқан инновациялық жалпыадамзаттық үрдіс десе де болады. Е-learning электронды оқыту жүйесі білім берудің барлық сатысын технологияландыруымен ерекше. Электронды оқыту түрін қолданудың әсерлігі мен нәтижелігі туындайтын жағдаяттардың нақты факторларына тәуелді болуында. Электронды оқыту жүйесін қолданудың кең тараған тиімді себептері ретінде мыналарды айтуға болады: - экономикалық әсерлігі. Тікелей оқытуға байланысты жанама шығындарды қысқарту мақсатында (іссапар төлемдері, уақытша тұру, ғимарат жалдау т.с.с.); - икемділігі. Клиент, серіктес немесе кез келген оқытылатын адамдардың географиялық орнына байланысты мәселелерді шешу мақсатында; - оқытушыға тәуелсіз кез келген уақытта оқытуды жабдықтау мүмкіндігі; - модульдігі, яғни оқыту бағдарламасы негізін модульдік принцип құрайды - оқытушының алатын рөлінің жаңашылдығы, яғни оқу жобаларына жетекшілік ету, жеке оқу жоспарын құруда көмек беру, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдайлар туғызу және т.б; - сапаны бақылаудың арнайы түрлері: емтихандар, практикалық, курстық, жоба жұмыстары, компьютерлік интеллектуалдық тестілеу жүйелері; - арнайы мамандандырылған технологиялар мен оқу құралдарын қолдану. Е-learning электронды оқыту жүйесін қолдануға қойылатын талаптарда жоқ емес себебі, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталу жағдайлары толығымен өзгертіледі, яғғни әр оқытылатын пәнге арналған жаңаша кабинеттер жасақталады. Бұған дейін тек информатика немесе физика кабинеттерінде тұратын компьютерлік аппараттық жасақтамалар интерактивті тақта, ноутбук, сондай-ақ жаңа құрылғы – электронды планшетниктер, тағы басқа қажетті құралдар барлық пән кабинеттерге толықтырылады. Бұл жүйемен оқыту білімгерлердің бұрынғы ұстап жүрген портфельдерінен бастап күнделіктеріне дейін электронды түрге ауыстырады. Электронды оқыту жүйесінің ерекшелігінің бірден-бір негізгі ұғымы білімгерлер үшін ол – «планшетник». Бұл өте қолайлы, бүгінгі заман талабына сай, жан-жақты білім беруге лайық құрал. Бұл «планшетник» білім мекемесіндегі компьютерлік торапқа байланыстырылады да білімгерлер өзіне қажетті ақпараттың барлығына қол жеткізіп отырады, яғни мектеп күнделігі, электронды сабақ кестесі, оқулықтар тіпті алған бағаларына дейін ата-аналарымен көрулеріне жағдай жасалады. Бұл ақпарат беру жүйесі мен кері байланыс еш кедергісіз, мұғалімсіз-ақ жүзеге асырылады деген сөз. Білім мекемесіндегі кітапхана, медицина қызметкерлері кабинеті, мұғалімдер бөлмесі де интернетке қосылған компьютерлерге жалғану арқылы жұмыс істейді. Мұндай оқыту педагогтардың жұмысын мәселен, жоспарлау, сабақ кестесін жасау, кабинеттерді бөлу, журналға баға қою, статистикалық мәліметтер жинау, тағы басқа ұсақ-түйек қол байлайтын шаруаның бәрі автоматты түрде жүзеге асады. Электронды оқыту жүйесі одан бөлек ата-аналар үшін де өте тиімді деуге болады. Жұмыстан қолы босамайтын ата-аналар үшін бұл электронды жүйе бірден-бір шешім сияқты десе де болады, алайда балаларының сабағын тексеру сияқты жұмыстарды ата-аналардың орындауы үшін интернет байланысының қажеттігін түсінгендері жөн. Тіпті қалаған уақытта сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен де сөйлесу мүмкіндігі мол, ол үшін электронды оқыту жүйесінде sms хабарлама ұйымдастырылған. Біздің қоғамымызда «виртуалды оқыту – виртуалды білім» деген көзқарас қалыптасқан. Меніңше, біз білімді қандай тәсілмен алсақ та ол виртуалды болады. Себебі ақпаратты қабылдау мен беру арасында уақытша сияқты кеңістіктік қашықтық қалыптасқан. Осы көзқараспен қарасақ күндізгі оқыту үрдісінің қашықтықтан оқыту үрдісінен ерекшелігі мүлдем аз. Бұл үрдіс білімгерлер тарапына да тәуелді. Бұл қашықтықтан оқитын студенттерде өте жоғары, олар өздерінің қашықтықтан оқу нәтижелері олардың өздеріне байланысты екендігін күндізгі бөлім студенттеріне қарағанда түсінеді әрі мойындайды. Ақыр соңында әрбір студент электронды оқу түрі - қашықтықтан оқуды сырттай оқуды сияқты өзі таңдайды. Оның үстіне қашықтықтан оқыту бағдарламасының көбінде байланыс фазасы болады, яғни оқытушы мен білімгердің кездесіп пікіралмасулары. Дәстүрлі оқыту жүйелері насихаттығына E-learning әсері бола ма? Мүмкін, бірақ сапа туралы мәселе қозғалса, онда дәстүрлі оқыту түрлері мен E-learning электронды оқыту жүйесін біріктіру тиімді болар еді. Күндізгі және қашықтықтан оқыту технологиялары бар аралас оқытуды қолдану кемшіліктерді жойып, оқытудың екі формасының да жағымды тұстарын қабылдауға мүмкіндік береді. Ұстаз – мектептегі басты тұлға, солай болып қала береді. Электронды оқыту дәстүрлі білім берумен астасып жатыр. Бұл ретте оқытушының сабақ беру шығармашылығын алып тастау деген сөз емес. Керісінше, оқытушы тақырыпты түсіндіру барысында небір қызықты дерек-дәйектерді қосымша пайдалануына мүмкіндіктер жасалған. Электронды оқыту жүйесін мектептерге енгізудің нәтижелі болуы ең әуелі ұстаздардың біліктілігіне тікелей байланысты.Сол себепті де заманауи ұстаз жаңа техникалық әрі педагогикалық жаңашылдықтарды өзара шебер үйлестіре алатын маман болуы тиіс. Өз сабағының ре-жиссурасын, сценарийін өзі жасап, қай жерінде, қалай электронды оқытуды пайдалану керектігін шебер меңгерген болуы тиіс. Яғни, заманауи педагог – үздіксіз жетілу, біліктілігін жоғарылату үстінде жүрген маман. Педагогика саласындағы жаңа-шылдықтарды игерген тұлға деген сөз. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды, сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Осы ретте оқу үрдісін заман талабына сай жүргізу үшін электронды оқулықты электронды оқыту кешеніне айналдыру электронды оқулық пен ақпараттық-коммуникациялық мүмкіндіктердің барлығын дерлік қамти алады. Оқыту мақсаттары мен міндеттеріне білім беру, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру, тәжірибе алмасу, алынған білім, біліктілік пен дағдыны тексеруді жалпылай жатқызамыз. Электронды оқыту жағдайында осы мақсат – міндеттерге жету келесі электронды оқыту түрлері мен жабдықтарының көмегімен іске асырылады. Оқыту мазмұнының құрамына әрдайым теория, білімді тәжірибелік тұрғыдан бекіту және білімді тексеру кіреді. Электронды оқытудың әдістемелік оқыту моделінде оқыту құралдарының орын алуы өзгереді. Олар оқыту құрылымы мен мазмұнын, әдістерін және оқытудың формаларын анықтайды. Енді бүгінгі күнде электронды оқыту әдістері мен формаларына тоқтала кетейік. Электронды оқытудың әдістеріне топтық әдіс және жеке-дара оқыту әдісі жатады. Бұлар кеңінен тараған оқыту формалары. Электронды оқыту құралдарына оқытуды ұйымдастыру және жүргізу үшін арналған бағдарламалық өнімдерді жатқызамыз. Электронды оқыту жағдайында әртүрлі оқыту формалары мен әдістерін, мазмұнын қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау үшін оқыту құралдарын салыстыру және оларды бағалаудың негізгі бағыттарын ескеру қажет. Олар жасау және қолдану технологиясы, ұсынылатын аспаптар жиынтығы, ұсынылатын қызметтің іске асырылу деңгейі. Нақты бағдарламалық өнімді жасау мен қолдану технологиясы жеке-дара және топтық оқыту сияқты әртүрлі әдістерді қолдана отырып, оқытуды іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар электронды оқыту шеңберінде оқытудың басқа да формаларын ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Ұсынылатын аспаптар жиынтығы оқыту мазмұнының құрылымын қандай да бір тәсілмен қалыптастырып, әртүрлі типті сабақтарды ұйымдастыруға жол ашады. Электронды оқыту шеңберінде оқыту үрдісіне нақты бағдарламалық өнімді ендіру мен қолданудың тиімділік деңгейін, әдістемелік толықтығын өнімнің аспаптар жиынтығы анықтайды. Қорыта келгенде, заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электронды оқу жүйесінің маңызы зор және оқытудың жаңа ақпараттық- телекоммуникативтік технологиясының бір түрі деп қарастыруға болады. Сондай-ақ ұстаздар қауымы да өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан алуға қол жеткізе алады. Сонымен қатар, E-Learning электронды оқыту жүйесінің тек ұстаздар мен білімгерлермен бірге ата-аналар үшін де тиімді тұстары мол. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Н.А. Жапбаров. Білім беру жүйесін ақпараттандыруда электронды оқыту кешенін пайдалану тиімділігі // Білім образование. -2009. - Т.43. – № 1. С. 14-17. 2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы. 3. А.Б. Сарсекенова. Ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялардағы қашықтықтан оқытудың рөлі // Білім берудегі менеджмент. – 2010. – Т.?. - №1. С. 128-131. 4. Нұрғалиева Г.Қ. Электронды оқу жүйесі немесе жаңаша білім алу көзінің артықшылықтары қандай? /Нұрғалиева Г.Қ // Ұлан. – (http://zhasorken.kz). 5. К.А. Жамангозов. Электронное обучение – инновационное решение в реализации стратегии успешного преподавания // Открытая школа. – 2011. – Т.105. - №4. С. 37-38. 6. И.В. Нестерова. Дистанционное обучение в современной школе: возможности и перспективы // Открытая школа. – 2011. – Т.106. - №5. С. 6-7. | |
Просмотров: 3582 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|