Главная » Статьи » В помощь учителю » Сельская школа |
Өскемен қаласы әкімдігінің №33 орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Отан Сайрангүл Пәні:Математика Уақыты:15.01.2014ж Мен Отан Сайрангүл бұл ашық сабағымда оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін ертегіні қолдандым.Сол арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырдым.Сол ертегінің желісі бойынша 3 санның қосу кестесін құруды қалыптастырдым.Бұл сабақтың тиімділігі оқушылар өз бетімен 3 санын қосу кестесін құрастырып шықты. Сабақтың тақырыбы:3 санын қосу кестесі. Сабақтың мақсаты: Білімділік:3-ті қосуды және азайтуды тиянақтай түсу барысында 3-ті қосу кестесін құрастыру және қосылғыштардың біреуі 3 болып келген жағдайда санның құрамы жайлы жан-жақты түсіндіру. Дамытушылық:Оқушылардың жан-жақты ойлауын,іздену,есте сақтауын,іс жүзінде қолдана білу қаблетін дамыту.Ауызша ,жазбаша қосуға дағдыландыра отырып,ойын есептер арқылы ойлау қаблеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасай білуге ,ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі :Жаңа сабақ Сабақтың типі:Дәстүрлі сабақ Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ-жауап,түсіндіру Көрнекілігі: Суреттер,плокат,үлестіру материялдары,картшка,3-ті қосу кестесі. Сабақтың барысы: I .Ұйымдастыру кезеңі. 1.Психологиялық дайындық. Қайырлы күн қонақтар, Қайырлы күн достар, Қайырлы күн болсын. Сәрсенбінің сәті, Сәттілікке толсын. Біздің алар бағамыз, Кілең бестік болсын. II. Үй тапсырмасын тексеру. а).Өрнектің мәнін табу. 3+2≡5 8+2≡10 4+2≡6 7+2═ 9 5+2≡7 5-2═3 10-2═8 6-2═4 9-2═7 6+2═8 Ә ) Оқушылардың қызығушылығын ояту. -Балалар, ерте,ерте,ертеде «Математика елінде»бір хан болыпты.Ханның «Бір,екі,үш,төрт,бес,алты,жеті,сегіз,тоғыз,он»-деген он ұлы болыпты.Олар тату-тәтті өмір сүріп жатады.Күндердің бір күнінде оның «Үш»деген ортаншы баласы жоғалып кетіпті.Сонда хан былай деп жар салыпты: -Уа,халайық,кімде –кім менің баламды тауып берсе,ат басындай алтын беремін! -Балалар ханға өзінің ұлын табуға көмектесеміз бе? Бүгінгі сабақта берілген тапсырмаларды орындау арқылы, «Үштің» табылуына көмектесе аласыңдар.Олай болса,іске сәт! III.Жаңа сабақ. -Біз бүгін үйренген білімдерімізді қолдана отырып 3 санның қосу кестесін құрастырамыз.Олай болса,сабағымызды бастамас бұрын сандардың құрамын есімізге түсіріп алайық. 2 2 3 3 0 2 1 1 0 3 1 2 №1 тапсырма арқылы түсіндіру.Сурет бойынша. Балалар барлығымыз тақтаға плокатқа қарайық. Көк дөңгелек нешеу? Қызыл дөңгелек нешеу?Барлығы қанша болады? Көк дөңгелек 5,қызыл 3.Барлығы 8 Ендеше барлық сандарға нешені қостық? 3-ті қостық 5 ке 3ті қосқанда қанша шығады? 8. Қосу амалына кері амал қай амал? Азайту амалы. Сурет бойынша барлық тапсырмалар орындалады. 5+3 6+3 7+3 -3 -3 -3 Бүл есептерден қандай заңдылықты байқадыңдар? Сандарға 3-т і қостық және азайттық. №2.Балалар мен сендермен қазір «Кім жылдам» ойынын ойнаймын. (Карточка мен жұмыс) . 3 4 5 6 7 +3 Сергіту сәті: Біздер тату баламыз, Өсіп алға барамыз. Есептерді шығарып, Біз білімді боламыз. IV .Дәптермен жұмыс. Көркем жазу минуты. 333 333 V.Сабақты бекіту .(Оқулықпен жұмыс жасау арқылы) Оқулықтың 101-бетіндегі есептерді орындау. №4.Мәндері бір таңбалы болатын қосындыларды бірінші бағанға,мәндері екі таңбалы болып келетін қосындыларды екінші бағанға жаз. 8+2 3+7 5+3 1+9 3+3 (Тақтада екі балаға орындату). №5.Ыдыста 6 алма болды.Мадина бауырына 3 алманы берді.Ыдыста неше алма қалды? Шарты: Ыдыста 6 алма,3 алманы бауырына берді. Сұрағы:Неше алма қалды? Шешуі:6-3≡3 Жауабы:Ыдыста 6 алма қалды. VI.Қорытындылау. -Балалар ханға ұлын табу үшін көмектескендеріңе рахмет.Сөйтіп цифрлар түгел жиналып,осылардан ары қарай 3-ті қосу кестесін құрастырып шығайық. 0+3 3+3 6+3 1+3 4+3 7+3 2+3 5+3 №6.Геометриялық фигураларды ата. VII. Үй тапсырмасы. Оқулық 100-бет №3-есеп VIII.Бағалау. Өскемен қаласы әкімдігінің №33 орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Отан Сайрангүл Қош бол сүйікті әліппем! Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тианақтау.Еркін сөйлеу тілін,ойлау,талдау қаблетін дамыту.Оқушыларды ұжымшылдыққа,береке-бірлікке баулу. Мұғалім:Құрметті ұстаздар,қонақтар,аяулы да,ардақты ата-аналар бүгін 1 сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерімен қоштасқалы отыр.Міне бүгін біз барлық ғылымның атасы , біздің болашағымыздың негізі әліппені бітіріп отырмыз.Бүгін біз шексіз қуаныштамыз.Олай болса сүйікті әліппемізді ренжітпей рахметімізді айтып,өзімізден кейінгі кішкентай бауыр-сіңілілерімізге табыс ету міндетіміз.Сондықтан қазір осы уақытқа дейінгі алған білімдерімізді көрсетіп,ән-күймен өрнектеп өнерімізді ортаға салайық. Өсті міне бойларың, Өсті ақыл ойларың, Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың! Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Іші толған әріпке Білімдіге жарық не? Хормен: Болашаққа жол ашар Ол сүйікті әліппе! Ол сүйікті әліппе! Олай болса бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық. Оқушылар : Әліппе,әліппе,әліппе! Әліппе: Армысыңдар ,жас достар! Армысыңдар ата-ана! Болашаққа жол бастар Әліппең келді ортаға. Менің атым әліппе Мені анаңдай дәріпте. Мені оқып ержеткен Ағаң,сенің әпкең де. Балалар ,сендер мені оқыдыңдар,меннен не үйрендіңдер? Оқушылар: Жұмбақ,жаңылтпаш,санамақ,өлең,ән үйрендік.Сонымен жазуды,оқуды да үйрендік. Мұғалім: Армысыңдар, мұғалімдер ,әз жандар, Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би биленіп ,әнде бүгін шырқаңдар. Ылғар: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар , Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар, Алдарыңда жауқазындай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар. М.Ардақ: Ең алғаш қолға алғанда «Әліппені», Қызығып қарай бердім әріптерді. Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың, Ұстазым маған кілтін алып берді. Мамыржан: Әр күнім алып келер жаңалықты, Тоқимын оқып біліп жаңа әріпті, Ұстазымның тынымсыз еңбегімен, Жаным да сағат сайын жаңарыпты. Дариға: Атағым алатаудай болып биік, Тұрса да төбем өсіп,көкке жетіп, Алдыңда әрқашанда тағызым етіп, Тұрамыз «Ұстазым» деп басымызды иіп. Алқар: Ғұлама білгіш ғалымнан, Оқушы жас жалыннан, Өнері тасқан актерден, Мың бұралған бишіден, Ой тербеткен күйшіден, Оқыған жас-кәріден, Оқушының бәрінен. Хормен: Ұстаздарға мың алғыс! Хор: «Мұғалім ол біздің » Айбота: Бар кітапқа бас болған, Әліппе-ғылым ағасы. Әліппеден басталған, Даналықтың данасы. Аңсар: Оқуды көп ойладық, Қызығына тоймадық. Алфавиттер шығыңдар, Бастайық қане айтысты. Дана: Алфавиттің «А» тұрады басында, Әрқашанда «Ә» тұрады қасында. Байқадың ба «Б» тұрады үшінші, Ал осынң сыры неде,түсінші?! Есіл: Мен білмеймін басқаны, «А»-дан оқу басталды. Ата-ана,ақыл,ар «А» мен айы басталды. Камила: Әкең ,әжең, әлемің «Ә» мен әсем әдемің, «Ә»сіз аты аталмас, Әділеттің,Әменнің. Сымағұл: Бала,бақыт, бал,бақша Бақташы бас балдық та «Б» сыз атау болмайды, Барлаушы да,бармақ та. «Б» сендерден қалмақ па? Нұрсая: «Гүл» десең гүлдеп жатырмын, Гагарин десең батырмын, «Гу!» деп «Г» мен бөбек те Гуілдейді ақырын. Талғар: Ғылым,ғалым ,ғасырды «Ғ» білімге асырды. Ғазиз ғалым адамға Ғарышың да бас ұрды! Ғаламат деңдер атымды! Ақерке: Дастарқанды ,даланы, Даңқы шыққан даланы, «Д» мен айтып білген журт, Дауылпазды, даланы. Бағдар: Еркелетіп,ер,ерен Еңбегімді елеген. Ерлік етсең,екіңді Елжіретер «Е»деген! Мұғалім: Балалар біз «Е»дыбысын өткенде ғажайып ертегілер еліне саяхат жасадық.Қазір «Біреуге ор қазба» ертегісі.Көрініс. Д.Ардақ: Жан,жақсылық,жаңалық Жатыр «Ж» дан таралып. Жария «Ж» мен жаңалық. Одан бұрын бізді осындай күнге жеткізген аналарымызға мың алғыс ,рахметімізді айтып, «Ана» әнін орындап берсін. Еларман: Зау-зау заңғар,заңғарлар Замандар бар,заңдар бар. «З»да барлық заңдылық, Заң да «З» мен заң болар! Дана: «И» мен ине,имегің! «К» сіз киім кимедің! «Қ» дыбысын өткенде , «Қошақаным» әнін үйрендің. Ән: « Қошақаным». Нұрсымбат:Шиемін мен шиемін Піскенше тон киемін. Бала келсе қасыма, Басымды мен иемін. Айнур: Параходпен жүземіз, Парашюдпен қонамыз. Пайдамызды тигізіп, Парасатты боламыз. Жарас: Отан-сенің ата-анаң, Отан-досың, бауырың, Отан-өлкем,астанам, Отан-туған ауылым. Жұлдыз: Даурықпаңдар әріптер, Бәріңді жұрт дәріптер, Мен Я-мын соңғы әріп, Менен әрі барып көр. Мұғалім: Барлық әріп бағалы , Айттық әділ бағаны. Әріпсіз сөз болмайды, Буын онсыз толмайды. Адам барлық әріпті , Ардақтайды,қорғайды. Қазір кішкентай балдырғандарымыздың мың бұралған әсем биін тамашалайық.Халық биі «Қара жорға». Мұғалім: Балалар, алғашқы әліппені кім жазған? Балалар: Ыбырай атамыз. Мұғалім: Ыбырай атамыз қандай өсиет қалдырған? Мамыржан: Кел ,балалар,оқылық! Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық! Оқысаңыз балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар. Мұғалім: Абай аталарың оқу,өнер туралы қандай өсиет қалдырған? Нұрсымбат: Әсемпаз болма әр неге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан. Мұғалім: Ал,балалар, енді мақал-мәтелдерге жол берейік. Ылғар: Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады. Есіл: Балапан ұядан нені көрсе ,ұшқанда соны іледі. Ақыл озбайды, білім тозбайды. Сымағұл: Білім іздеген өсер, бүлік іздеген өшер. Алқар:Ата-асқар тау, ана-баурайындағы бқлақ, бала жағасындағы құрақ. Мұғалім: Балалар,әліппе сендерді оқуға,жазуға үйретті.Сол үшін әліппе достарыңа не айту керек? Камила: Қош бол құтты әліппем, Көп нәрсені үйреттің, Таныстырып әріппен, Тықылдатып сөйлеттің. М.Ардақ: Әліппем ,менің ,әліппем, Өмірді көрем танып мен, Қайталап айтам мың рет Өзіңе көп-көп рахмет Дариға: Таныстырған 42 әрппен Қош бол менің қасиетті әліппем Сенің арқаң оқи,жаза білгенім Сауатты адам санатына кіргенім Балалар: Рахмет әліппе. Ән: Әліппе Әліппе: Рахмет ,балалар әріпті танып ,тақылдап сөйлей аласыңдар.Енді мен сендерді сауатты жазу мен мәнерлеп оқыйтын достарыңмен таныстырамын. Ана тілі мен Қазақ тілі пәндері. Ал,қош сау болыңдар.Үнемі биктен көріне беріңдер. Баллалар: Қош сүйікті әліппе! Өскемен қаласы әкімдігінің №33 орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Отан Сайрангүл Пәні: Ана тілі Уақыты:25.04.2014ж ,2-сабақ Сыныбы: 1 «А» Сабақтың тақарыбы: Бұғы Сабақтың мақсаты: Оқушылар өткен тақырыптар бойынша тесттер орындайды.Бұғы мәтіні туралы толық түсінеді.Жаңа мәліметтер алады. Міндеттері: 1.Білімділік: Бұғы туралы түсінік беріледі. 2.Дамытушылық: Мәтінді оқиды,талдайды,салыстырады,іздейді. 3.Тәрбиелік: Оқушылар бір-бірін тыңдайды, сыйлайды.еркін айтады. Көрнекілігі: Бұғы суреті,интерактивті тақта.Оқулық. Сабақтың барысы : Сатылары Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ескерту Итермелеу сатысы Қызығушылықты ояту Еркін жазу стратегиясы Сәлемдесу.Оқушыларды Түстер бойынша топқа бөлу.6+6+6+5 Үй тапсырмасын сұрау. Тест бойынша білімдерін тексеру. Жұмбақ жасыру. Басында көп-ақ бұтағы, Адамды көрсе зытады. (Бұғы) Көздеріңді жұмып ашыңдар «Бұғы» дегенде көз алдарыңа не елестейді. Оқушылар топқа бөлінеді.Топ басшысын анықтайды. Оқушылар тест тапсырмаларын орындайды. Оқушылар жұмбақты шешеді. Жеке-жеке жұмыс. Жұппен жұмыс. Топпен жұмыс. Оқушылар топпен шешім қабылдай отырып,еркін жазу стратегиясын пайдаланып бұғы туралы білетіндерін жазады. Конструкциялау сатысы Мағынаны ажырату Сөздік жұмыс Слаидпен жұмыс 1 Ой ашар Бұғы мәтінін жеке-жеке оқыту,мұғалім мәтін мазмұны бойынша сұрақтар береді.Сөздік жұмыс жасалады. Мүк,қына сөздеріне түсінік береді. Мүк- жер бетінің барлық жерлерінде кездеседі. орманды жерлерде өседі. Қына-емдік қасиеті жоғары.Одан асқазан,тыныс жолы ауыруларына дәрі жасалады.Қант,бояу алынады.Нағыз ауа тазалығының көрсеткіші. Мәтін бойынша сұрақтар. 1.Бұғы қандай жануар? 2.Бұғының мүйізі туралы не айтылған? 3. Бұғылар қайда өмір сүреді? 4.Солтүстік бұғысы туралы не айтылған? 5.Бұғылар немен қоректенеді? 6.Бұғылар тағы қандай жерлерде кездеседі? Мұғалім бұғы туралы қысқаша мәліметтер береді. Бұғының түрлері көп.ШҚО Глубокий ауданында.Катон- Қарағай аудандарында өсіріледі.Бұғыны қолда өсіруге болады.Мүйізінен дәрі-дәрмектер жасалады. 1,2,3 бойға жина күш, Қолға қалам аламыз. Орнымызды табамыз, Әдемі етіп жазамыз. Оқушылар мәтінді оқиды. Сұрақтарға жауап іздейді,айтады. Мүк,қына туралы мәлімет алады. Оқушылар көреді,тыңдайды, жаңа ақпараттар алады. Дәптермен жұмыс Слайд 2 Ой ашар Күн тәртібін жазу. Көркем жазу минуты. Бб бұғы Әр топқа жеке-жеке сөздер қимасы таратылады.Мұғалім сол сөздерден сөйлем құрауға тапсырма береді.Жиде туралы мәлімет береді. Жиде Жиде- жемістің бір түрі.Жиде бақта өсіріледі.Біз жиде отырғыздық .Оны суарып, күтеміз. Жиде- ағаш және бұталы өсімдік. Жиде ағашы еліміздің барлық өңірінде өседі. Жиде – көптеген дертке шипа. Жануарлар Оқушылар Сөздерден сөйлем құрайды. сөйлемдерді көшіріп жазады. Әр топтан бір бала сол сөйлемдерді тақтада жазады. Мәтінге ат қояды. Жиде туралы ақпарат алады. Жануарлардың қимылдырын қайталайды. Нұсқалау сатысы Ой толғаныс Венн диаграммасын толтыру. Бұғы мен жидені салыстыру.Ортақ ерекшелігін табу. Оқушылар салыстырып талдай отырып толтырады. Бағалау Әр тапсырма бойынша жеке-жеке балмен бағалайды. Үй тапсырмасы «Бұғы»туралы мәліметтер жинап келу. Источник: http://word | |
Просмотров: 1185 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|