Главная » Статьи » В помощь учителю » Сельская школа |
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Айтиев селосы Айтиев бастауыш мектебі Мұғалім:Танатарова Шолпан Каратаевна Сынып:1 Пәні: сауат ашу Тақырыбы: Қазақ әліпбиі Мақсаты: а\Білімділігі: Қазақ әліпбиімен таныстыру. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету, оқу дағдысын қалыптастыру. ә\Тәрбиелілігі:Имандылыққа, ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеу. б\Дамытушылығы:Оқушылардың ой санасын, сөздік қорын кеңейту. Пән аралық байланыс: дүниетану,еңбек Әдісі:сұрақ-жауап, сөздік. Түрі:аралас Көрнекілігі: Мазмұнды суретттер,қима әріптер,буындар, дидакткалық материалдар,интерактивті алфавит,Қ.Мырза Әлидің суреті. Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.Шаттық шеңбер. Күлім қағып қолымды 1,2,3 деп соғайын Қарап тұрған көршіме Мен қолымды бұлғайын Жылы-жылы жүзіңнен Маңдайыңнан сипайын Жылы-жылы сөзбенен жүрегімді сыйлайын Ыстық алақанымен қолынды бер қысайын Амандасып өзіңмен құшақтасып алайын Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ.Өткен сабақты қайталау. 1.Дидактикткалық материалдар мен суреттерді пайдалана отырып, сөздерді буынға бөлу Ъ белгісі бар сөздерді тапқызу. 2. Әр сөзге дыбыстық талдау жасап, сызба түрінде көрсету. ІІІ. Жаңа сабақ. 1.Интерактивті алфавитімен жұмыс: қазақ әлипбиімен таныстыру. 2.Жұмбақтар жасыру. 3.Дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажыратып,алфавитте көрсету. /а,ә,е,ё,и,о,ө,у,ұ,ү,ы,і,э,ю,я/-15 /б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,у,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ/-25 /ь,ъ/-2 У қандай дыбыс екенін еске түсірту. 4.Қима әріптер мен буындармен сөздер,сөйлемдер құрату.Дыбыстық талдау жасау. Жалын,дуадақ,жеңіс,уық,уылдырық,разъезд.подъезд,рояль,лагерь,цирк,аю,қоян. Оқулықпен жұмыс: 1.Әліпбиді оқыту. 2.Қ.Мырза Әли туралы қысқаша мәлімет: Ақын 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған. 1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы«Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның халық жазушысы. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды. 4.«А» Қ.Мырза Әлидің өлеңін оқыту. 5.Суреттермен жұмыс: әңгіме құрату. Дәптермен жұмыс: 1.Алфавит жазу 2.Сөздік диктант 3. «Кім көп біледі?» ойыны 4.2 топқа бөлініп,берілген дыбыстардың ішінен: 1-топ дауысты дыбыстарды,2-топ дауыссыз дыбыстырды тауып қиып алу. IV.Қорытынды. -Бүгінгі сабақта біз не істедік? -Дыбыс деген не?Әріп деген не? V. Мадақтау. | |
Просмотров: 1992 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|