Главная » Статьи » В помощь учителю » Сельская школа |
Тақырыбы: «ТАБИҒАТЫМ-ТАҒДЫРЫМ». МАҚСАТЫ: 1) адам мен табиғат арасындағы байланысты түсіндіре отырып, қазіргі кездегі экологиялық жағдайлар әсерінінен табиғатқа төнетін қатер туралы түсінік беру. 2) білімдерін, ой-танымдарын, сөздік қорларын, түсініктерін, шығармашылықтарын дамыту. 3)табиғатты сүйе білуге, қорғауға, қадірлеуге тәрбиелеу. ТҮРІ: дәстүрлі емес, ой толғау, танымдық-дамытушы сабақ. Әдісі: «Сын Тұрғысынан Ойлау» әдістерінің элементтері,сұрақ- жауап,түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, шығармашылық-топтық жұмыстар. Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кітаптар, табиғат туралы қанатты сөздер. БАРЫСЫ: І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық: Амансың ба , Алтын күн! Амансың ба , Достарым! Амансың ба, Көк аспан! Сендерді көрсем қуанам! Қызығушылықты ояту: Кең дала көремісің сонау жақтан, Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан. Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен, Әне, сол, анам еді, мені тапқан! -өлең не туралы? -Табиғат деген не?(топтастыру жасау). жер, қоршаған орта Өзен-көл Күн, ай,жұлдыздар Өсімдіктер, ауа Жануарлар Тау,тас А) Жұмбақтар жасыру: 1. Көзге көрінбейді, қолға ілінбейді.(ауа) 2.Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен.(су) 3. Бір зат бар дүниеде құшағы кең, Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең, Адамзат,жан-жануар арасында, Мәңгілік өсіп-өніп, өмір сүрген.(жер) Б) топқа бөліну: жұмбақтың шешіміне сай үш топқа бөліну: «Ауа», «Су», «Жер». 2.Мағынаны тану. Табиғат-адамзатқа сыйланған баға жетпес байлық. Адам мен табиғат егіз, оларды бір-бірінен бөліп-жарып қарау мүмкін емес! Біз табиғаттан қандай қажеттілік аламыз, қане, дүниетану бойынша еске түсіріп көрелік: Азық ауа жылу су жарық Адамға осы қажеттіліктің бәрін табиғат-анамыз береді екен.Туған табиғатымыздың дархандығы, кеңдігі туралы талай ақындарымыз жыр арнап, суретшілер сурет салып,сазгерлеріміз ән шығарды. Осы табиғатымызды бағаламай, оның байлығын оңды-солды шашып,ысырап ету- табиғаттың бүлінуіне- өзен-көлдің тартылуына, ауаның ластануына, елімізде экологиялық аймақтың қалыптасуына алып келді. Еліміз өркендеп, экономикамыз ілгерілеген сайын, сан алуан зымырандардың ұшырылуы, ядролық қарулардың сыналуы- адамзатқа да, табиғатқа да зор апат әкелді.Сонымен қатар түрлі зауыт-фабрикалар, автокөліктер де ауаны ластаушы көзі болып табылатынын сендер білесіңдер. Сонымен қатар адамдар табиғатты өздерінің жеке мақсаттарына пайдалану барысында, табиғат аясында демалуға шыққанда да ағаштарды кесіп-шауып, күл-қоқысты көптеп төгуінен де табиғат зардап шегуде. -Осы табиғатты қорғау, ауаны таза сақтау үшін не қажет деп ойлайсыңдар? -Әрине, көгалдандыру, жасыл желекті көп отырғызу. Ендеше, табиғатты қорғауға өз үлесімізді қосуымыз үшін, мына тапсырмаларды орындайық. ІІІ.Шығармашылық тапсырмалар. Біз сабақтың басында үш топқа бөлінген едік, сол топтар бойынша тапсырмалар орындайық. 1-тапсырма. 1. «Ауа» тобына: Сызбаны толтыр: 2. «Су» тобына: Сызбаны толтыр: 3.«Жер» тобына: Сызбаны толтыр: 2-тапсырма. 1. «Ауа» тобына: мына сызба нені білдіреді? Жауабы: ауаның құрамы 2/3 бөлігі- азот Оттегі -1/3 азот 2.«Су» тобына: мына сұрақтарға өз ойыңды айт: -Балқаш көлі –әлемдегі ең ғажап көл, неге? -қандай шипалы суларды білесің,олар не үшін пайдаланылады? 3. «Жер» тобына : мына сұрақтарға өз ойыңды айт: -табиғатты таза ұстау үшін, оны сақтау үшін не істер едіңдер? 3-тапсырма. 1.«Ауа» тобына: «Тыйым сөздің мәнін біл!»- табиғат туралы тыйым сөздер айту: *Көкті жұлма! *Малды теппе! *Жалғыз ағашты кеспе! *Құмырсқаның илеуін бұзба! *Суға түкірме! *Құс ұясын бұзба! 2.«Су» тобына: суға 5 жолды өлең құрастыр. 1. не? Су. 2. қандай? Мөлдір, ертікіш. 3. не істеді? Ағады, тасиды, кебеді. 4. сөйлем. Су-барлық тіршіліктің көзі. 5.синоним . Сұйық. 3. «Жер» тобына: өлең құрастыр. (табиғатты)...................сүйеміз, (біздер оған)................иеміз. ..................................................... Құрметпен бас иеміз! ІҮ. Бекіту: 3. Ой толғаныс: «Жануарлар әлемін танып,біл!» Семантикалық картамен жұмыс. Пайымдау лар сүтқорек тілер құстар балық тар бауырмен жорға лаушылар жәндіктер қосмекен ділер Бұғы + Жылан + Шортан + Шегіртке + бақа + тырна + Сиыр + Шағала + Кит + Қоңыз + кесіртке + тасбақа + көксерке + V . Қорытынды: Табиғатты сүю -парыз, Қасиетін білу -парыз, Білу үшін ұғу- парыз! Күзетінде тұру-парыз- деп бүгінгі сынып сағатымызды аяқтаймыз. Өз өлкеміздің, Отанымыздың табиғатын қорғаушылары болып ер жетіңдер! | |
Просмотров: 810 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|