Главная » Статьи » В помощь учителю » Сельская школа |
Пәні: Математика 2-сынып Тақырыбы: Сағат. Минут Мақсаты:а) Уақыт бірліктері сағат пен минут туралы түсінік беру, рим цифрлары туралы алғашқы ұғымдарын қалыптастыру. ә) Білімдерін, таным-түсініктерін, есепті талдау және шығару дағдыларын дамыту. б) Уақытты тиімді пайдалануға, ұқыптылыққа тәрбилеу. Түрі: аралас Әдісі: сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, сын тұрғысынан ойлау элементтері Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, сағат, доп Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі Психологиялық даярлық: Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз Қонақтарды құрметтеп, Бас иеміз біз! ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6 мысал ІІІ. Өткен сабақты бекіту: «Доп лақтыру» ойыны Мұғалім допты сұрақ қою арқылы оқушыға береді. Ол жауап беріп, қайта мұғалімге береді. • 1 кг-да қанша грамм бар? • Фигуралардың периметрін қалай табамыз? • 4+6=? • Жақшалы өрнекте бірінші қай өрнек орындалады? • 1м=?дм бар? (10дм) • 1дм*90см қайсысы үлкен? ІV. Жаңа сабақ • Ой шақыру.1-слайд: Жұмбақ Сыртылдайды күнімен, Білгің келсе уақытты, Сыртылдайды түнімен Көрсетеді тілімен. (Сағат) • Сағат не үшін керек? • Біз сабаққа нешеде келеміз? • Мағынаны тану. 2-слайд Ертеде адамдар сағат пайда болмас бұрын уақытты күнге қарап, әтештің шақырғанына қарап, тіпті кей елдерде есектің ақырғанына қарапта ажырата білген. Қазақтар күнге қарап уақытты былайша болжаған: Таңертеңгі күн шыққан уақыт – сәресі • Күн тас төбеге келген кез – талтүс • Түсқайтағы уақыт – бесін • Күн байыр шақ – екінді • Күн ұясына қонған кез – ақшамдеп аталған. Ең алғаш рет сағат Қытай елінде пайда болған. Қазіргі кезде сағаттардың түрлері өте көп. Суға төзімді сағаттар, аса суыққа төзімді сағаттар, жар сағаты, қол сағаты, жүзік-сағаттар, электронды сағаттар, қалта сағаттары т.б. бар. 3-слайд: Сағат түрлері 4-слайд: Рим цифрлары Сағаттардың кейбірі рим цифрымен таңбаланады. Оларды оқып-тани білу керек. І ІІ ІІІ ІV V VІ VІІ VІІІ ІХ Х ХІ ХІІ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 V. Практикалық жұмыс А) Сағат арқылы түсіндіру: Сағаттың ішіне жазылған сандар циферблат деп аталады. Сағаттың екі тілі немесе үш тілі болады. Олар: сағаттық тіл (қысқа тілі), минуттық тіл (ұзындау тілі), секундтық тіл (жүріп бара жатырған тілі) деп аталады. Минуттық тілі 60 айналғанда 1 сағат болады. 1 сағатта=60 минут бар. Қысқаша сағ. мин. деп белгіленеді. Б) – таңертең нешеде тұратыныңды; - Сабағың нешеде басталатынын сағат тілдері арқылы көрсет. В) Ойын: «Сағат тілі ме, минут тілі ме?» Шарты: Сағат тілін көрсетсе –балалар қолдарын көтереді, минут тілін көрсетсе – қолдарын екі жанға жаяды. VІ. Оқулықпен жұмыс №1. Сағат қандай уақытты көрсетіп тұр? Неше минут өтті? • 11-ден 5 минут кетті. №2. Сағат қандай уақытты көрсетіп тұр? 1100 200немесе1400 600немесе1800 900немесе2100 №3. Бекжан үй тапсырмасын орындауға неше минут жұмсады? а) сағ1200 в) сағ2001 сағ = 60 мин 60 мин + 60 мин = 120 мин = 2 сағ. №4. Ә – 30 мин Ш: 30 мин + 30 мин = 60 мин – 1 сағ. С - ? 30 мина 1 сағ + 30 мин = 90 мин – 1 сағ 30 мин Е - ? сонша Ж: Е – 1 сағ 30 мин орындаған. 5 VІІ. Сергіту сәті Сағаттың тіліндей, Сағаттың тіліндей, Иіліп оңға бір. Иіліп солға бір Оң аяқ, сол аяқ, Жаттығу оңай – ақ. №6. Фигуралардың периметрін анықта: АВСД = 3см + 3см + 3см + 3см = 12см СКДL= 3см + 4см + 3см + 4см = 14см ВКАL= 3см + 7см + 3см + 7см = 20см №7. Берілген шаршылардың периметрінен 4 см кем периметрге ие шаршы сыз: А) Бер: 16см – 4см = 12см Ә) Бер: 12см - 4см =8см 3. Ой толғаныс:Бес жолды өлең 1. Не? Сағат 2. Қандай? Дөңгелек, төртбұрышты 3. Не істеді? Жүрді, тықылдады, тоқтады 4. 4 сөзден тұратын сөйлем: Сағат – уақыт мөлшерінің бірі. 5. Мағыналас сөз: Уақыт VІІІ. Сабақты бекіту: • Бүгін қандай уақыт бірлігімен таныстық? • Сағаттың тілдері қалай аталады? • 1 сағ. неше минут бар? • Сағаттан кіші уақыт өлшемі не? (Минут, секунд) • Біз 1 минутта неше сөз оқуға тиіспіз? (45-55сөз) ІХ. Үйге тапсырма: №5 мысал. Уақытқа қарап шығар Бағалау. Қорытынды. Источник: http://математикадан сабақ жоспары | |
Просмотров: 1486 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|