Главная » Статьи » В помощь учителю » Сельская школа |
14.09.15. Бекітемін. ТІЖО А.А.Улмесекова. Тақырыбы: Құқық әлеміне саяхат. Мақсаты: а) оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Құқықтарымен таныстыра отырып, түрлі өмірлік жағдайларда пайдалана білуді үйрету. ә) Ойлау, еске сақтау дағдыларын, құқықтық білімдерін, шығармашылықтарын дамыту. б) Құқықтық сауаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Түрі: саяхат сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жағдаят шешу, шығармашылық Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар Барысы:І. Ұйымдастыру бөлімі Психологиялық даярлық: Мақсатымыз – білім алу, Міндетіміз – еңбектену, Әр оқушы өз құқығын білу, Оны өмірде пайдалану. ІІ. Жаңа сабақ: Ой шақыру: - Балалар, еліміздегі Ата Заң күні қашан? -30 тамыз -Заң деген не? Ол туралы не білеміз? -Оқушылар пікірін тыңдау, толықтыру. Конституция – бұл еліміздің басты заңы. ҚР-да тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат. Балаларға арналған Заңдар бар ма? Балаларға арналған, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын арнайы құжат – Конвенция . Ендеше, біз бүгін саяхат сабағымызда «Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы танысамыз». Саяхат сызбасымен таныстыру. Мағынаны тану. «Бала құқықтары» бекеті (сұрақ-жауап) «Жағдаят шешу» бекеті «Түсініктеме» бекеті (сөздік жұмыс) «Болашақ Заңгерлер» бекеті (шығармашылық тапсырмалар) Мәре І. СҰРАҚ-ЖАУАП. «Бала құқықтары» бекеті - Қай жасқа дейінгі азамат бала болып саналады? - Бала құқықтары туралы заңда 18 жасқа дейінгі азамат бала болып саналады. - Баланың қорғаушы өкілі кім? - Ата-анасы, қамқоршысы, асыраушысы. - Бала дүниеге келгенде қандай құжат алады? - Туу туралы куәлік. - Біз қай елдің азаматымыз? - Қазақстан Республикасының азаматымыз. - Бала құқығы туралы Конвенцияда баланың қандай құқықтары туралы айтылған? - Бала не істеуге құқылы? (толық жауаптар слайд арқылы көрсетіледі.) БАЛА ҚҰҚЫҒЫ: Өмір сүруге; Ата – тек алуға; Отбасында тәрбиеленуге; Жеке бас бостандығына; Азаматтық алуға; Білім алуға; Қоғамдық жұмыстарға араласуға; Баспана алуға; Дүние – мүлікке; Демалуға; Денсаулық сақтауға; Сөз бостандығына. ІІ. «ЖАҒДАЯТ ШЕШУ» БЕКЕТІ Ерасыл сабақта болғанда анасы оның заттарын жинап жүріп, қажетсіз деген заттардың бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады. Ерасылдың қандай құқығы бұзылды? (оның мүлкіне қол сұғылды) Асқардың үйіндегі інісіне қарайтын адам болмағандықтан, оны анасы сабаққа жібермеді. Асқардың қандай құқығы бұзылды? (білім алуы) Әсел мен Айжан дос еді. Әсел жақсы оқитын, Айжан нашарлау еді. Бірде екеуі ренжісіп қалды. Әсел Айжанды «Екіліксің» деп мазақ етті. Айжанның қандай құқығы бұзылды? (Жеке басын кемсіту) ІІІ. «ТҮСІНІКТЕМЕ» БЕКЕТІ.Слайдтан көрсету. Құқық – мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір адамға берілетін ерік, бостандық. Туу туралы куәлік – баланың қашан туғанын анықтайтын, негізгі құжат. Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан, ерекше құқық қорғауды қажет етеді. Біздің елімізде балалардың барлық құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген. Сызбамен жұмыс: 1 – маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні 20 – қараша Балалардың дүниежүзілік күні 20. ХІ. 1989 ж. БҰҰ – да Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды. 8 маусым 1995 ж. Қазақстан Бала Құқықтары туралы конвенция бекітті. 30 – тамыз 1995 ж. Еліміздің Ата Заңы қабылданды. Ой – толғаныс: Шығармашылық тапсырмалар ІV. «БОЛАШАҚ ЗАҢГЕРЛЕР» БЕКЕТІ Сөздерді дұрыс оқы: А Р Л Д Е К А Я Ц И – ДЕКЛАРАЦИЯ И Т О Н Т К С И Т У Я Ц – КОНСТИТУЦИЯ Топтастыру жаса. Конвенцияның 7 бабы бойынша бала неге құқылы? БАЛА: Есім алуға Азаматтық алуға Білім алуға Баспана алуға Денсаулығын сақтауға «Міндетің бе? Құқың ба?» пайымдау: Пайымдаулар Міндеттер Құқық Әркім ҚР Ата Заңын сақтауға + Бала демалуға, білім алуға + Салауатты өмір салтын сақтауға + Жеке бас бостандығына + Тарихи ескерткішті қорғауға + Азаматтық алуға + Мемлекеттік Рәмізде,рді қорғауға + Денсаулығын сақтауға + V. БЕКІТУ. Конституция Конвенция VІ. ҚОРЫТЫНДЫ. Источник: http://құқықтық тәрбие бағытындағы ашық тәрбие сағаты | |
Просмотров: 2643 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|