Главная » Статьи » В помощь учителю » Сельская школа |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы «Леонидовка орта мектебі» КММ қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Агибалова Шара Жасқайратқызы Сабақтың тақырыбы: Мен спортпен айналысамын Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға спорт тақырыбындағы сөздерді таныстыра отырып, өз ойын еркін айта білуді меңгерту. Дамытушылық: Оқушыларға тақырыпқа сай тапсырмаларды орындата отырып, сөйлеу дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап,түсіндіру,ізденіс. Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, үлестірмелі қағаздар. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі а)сәлемдесу ә)сергіту сәті б)сөйлесу -Бүгін қай күн? -Айдың нешесі? -Жылдың қай мезгілі? -Ауа райы қандай? II.Үй тапсырмасын тексеру а)сөздікті тексеру (слайдта берілген сөздердің дұрыс баламасын тап) жаттығу занимаюсь таңертең делают зарядку пайда играть денсаулыққа пайдалы прыгать жарыс бронза қатысты бегать алтын серебро күміс золото қола участвовал жүгіру денсаулыққа пайдалы секіру соревнование ойнау польза жаттығу жасайды утром айналысамын зарядка ә) «Спортзалда» тақырыбы туралы сұрақ-жауап 1.Спротзал қандай? 2.Спортзал нешінші қабатта? 3.Оқушылар спортзалда не істейді? 4.Сен таңертең ерте тұрасың ба? 5.Сен таңертең жаттығу жасайсың ба? 6.Сен таңертең жүгіресің бе? 7.Жүгіру денсаулыққа пайдалы ма? 8.Кеше мектепте не болды? 9.Жарысқа кімдер қатысты? III. Жаңа сабақ 1.Мотивация кезеңі. Тақтада спорт тақырыбына сай суреттер көрсетіледі. Балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай – деп ойлайсыңдар. Дұрыс, спорт туралы. Ендеше бүгінгі сабақта «Спорт» тақырыбына байланысты тапсырмалар орындаймыз. -Сабағымызды әрі қарай жалғастыру үшін Тайыншадан келген хатты оқиық. Тыңдалым. Сәлем хат! Сәлеметсіңдер ме, балалар Менің –атым Қайрат. Мен бос уақытымды пайдалы өткіземін. Бос уақытта спортпен айналысамын. Қыста шаңғымен сырғанаймын, коньки тебемін. Жазда футбол, волейбол ойнаймын. Мен велоспортпен де айналысамын. Мен спорт үйірмесінде жүгіремін,секіремін жаттығамын. Менің жаттықтырушым – Әлібек ағай. Көкшетау қаласына шаңғымен сырғанаудан жарысқа бардым. Мен екінші орын алдым. Мен болашақта Қазақстан намысын қорғаймын. Достым, сенің де спортпен айналысқаның дұрыс. 2.Сөздікпен жұмыс а) тыңда, қайтала. былғары-кожаный жаттықтырушы- тренер намыс-честь қорғаймын-защищаю бос уақыт-свободное время үйірме-кружок болашақ-будущее ұнайды-нравиться ұнамайды-не нравиться сондықтан- поэтому жүзу-плавать күрес-борьба 3. Мәтінмен жұмыс а)түсініп оқу, аудару. Жазылым. 4. Қатасін түзе. Кыста шаңғімен сырғанаймін, коньки тебемын. Жазда футбол, волейбол ойнаймін. Мен спорт үйірмесында жүгіремын, секіремын, жаттығамін. Мен болашакта қазақстан намысын қорғаймін. 5. Қарлы кесек. Доп және футбол сөздерін қатыстырып сөйлемдер құраңдар. IV.Сабақты бекіту Айтылым. Қайрат не туралы жазды? Бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болды? Қайрат спорттың қай түрімен шұғылданады екен? Ол Көкшетау қаласына неге барды? Ол нешінші орын алды? Сен спортпен айналысасың ба? Саған футбол ұнай ма? Қайрат бос уақытын қалай өткізеді? Қайрат спорт үйірмесінде не істейді? Достым, сенің де спортпен айналысқаның дұрыс –деп не айтпақшы болды? V. Бағалау VI.Рефлексия: -Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма? VII. Үйге тапсырма 1.жаңа сөздер 2.мәтінді әңгімелеу 3.сұрақ-жауап Источник: http://обязательно | |
Просмотров: 946 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|