Главная » Статьи » В помощь учителю » Сельская школа |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы «Леонидовка орта мектебі» КММ қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Агибалова Шара Жасқайратқызы Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Сабақтың мақсаты: Білімдік: қазақ тілінің тарихы туралы мағлұмат бере отырып, тақырыпқа тиісті жаңа сөздерді игерту. Дамытушылық: жаңа сөздермен таныстыру, оны тілдік қолданыста қолдану. Тәрбиелік: оқушылардың тілін дамыту, сауатты сөйлеуге, сауатты жазуға баулу. Сабақтың көрнекілігі:интербелсенді тақта, тақырыпқа арналғапн суреттер, слайдтар. Сабақтың әдісі сұрақ-жауап I.Ұйымдастыру кезеңі а)оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгелдеу; ә)оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру; б)жаңа сабаққа оқушылардың назарын аударту. II.Үй тапсырмасын тексеру а)сөздікпен жұмыс ана тілі-родной язык еркіндігің-твоя свобода теңдігің-твоя равноправие мақтанышың-твоя гордость арың-твоя совесть ұят-стыд құрметте-уважай ә)Қ.Мырза Әлидің «Ана тілі» тақпағы жатқа. б)сұрақ-жауап -Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? -Қазақ тілі қашан мәртебе алды? III.Жаңа сабақ 1.Сөздікпен жұмыс тәуелсіз-независимый мемлекеттік-государственный тату-дружный барлық-все бір-бірімен-друг с другом 2. Мәтінмен жұмыс Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Мұнда қазақ, орыс, неміс, поляк, украин, татарлар тұрады. Олар өте тату. Қазақстандықтар бір-бірімен қазақ және орыс тілдерінде сөйлеседі.Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. 3. Сыңарын тап мемлекеттік сөйлеседі бір-бірімен адамдар тәуелсіз тұрады барлық тіл тату мемлекет 4.Дәптермен жұмыс а) сөйлемдерді қазақ тіліне аударып жаз. Я живу в Казахстане. Казахстан большой и богатый. Мой друг живет в городе Астана.Астана красивый город. Я живу в селе. ә)Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды жалғап жаз. Менің немере...ақылды. Мен ауылда тұра.... Сен үшінші сыныпта оқи....Сенің қарындас.. сүйкімді.Саматтың ана... мұғалім. б)Ребусты шешіп мақал-мәтелдерді көшіріп жазып ал. 1.Бас - сандық, Тіл – кілт. 2.Басқа пәле тілден. 3.Тілдің құлпы – тіс. 4.Тіл жетпейтін түкпір жоқ. IV. Сабақты бекіту. 1.Қазақстан қандай мемлекет? 2.Қазақстанда адамдар қай тілдерде сөйлейді? 3.Қазақ тілі қандай тіл? 4.Сен қай тілде сөйлейсің? 5. Сенің досың қай тілде сөйлейді? V.Бағалау VI.Үйге тапсырма: 1.жаңа сөздерді, мақал-мәтелдерді жаттау 2.мәтінді әңгімелеу 3.сұрақ-жауап. Источник: http://обязательно | |
Просмотров: 846 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|