Главная » Статьи » В помощь учителю » Сельская школа |
ШҚО. Аякөз ауданы. Тарбағатай ауылы. «Тарбағатай жалпы білім беретін орта мектеп»КММ Сарманова Ақжарқын Қалдыбайқызы мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі. «Ә» дыбысы және әрпі. Бөлімі: Сауат ашу. Білім беру саласы: «Қатынас» Тақырыбы: «Ә» дыбысы және әрпі. Мақсаты: «Ә» дыбысы және әрпімен таныстыру, балалардың логикалық ойлауын, сөздік қорын дамыту,буын туралы түсінігін кеңейту,ойын арқылы сабаққа қызығушылықтарын арттыру. Қол моторикасын дамыту. Көрнекілігі:Сауат ашу, әліппе-дәптер, текше,суреттер, үлестірмелі материалдар. Әрекет кезеңдері: Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті. Ұйымдастыру,сезімдерін ояту. Тәрбиеші: Күннің көзі ашылып, Нұры көкке шашылып, Топқа қонақ келіпті. Төрімізге еніпті. Ал,қанекей бәріміз, Сәлем дейік улкенге. Балалар: Ұл-қыз сәлем береміз Өнегелі өренбіз. Білер қазақ баласы: «Сәлем - сөздің анасы» Ойын «Сиқырлы сандықша»(Сандықшаның ішіндегі сұрақтарға жауап беру). Күзде жауын.Бұлт . Тұман. Сары жапырақ жауады. Сары құйын ұйытқан, Сапырады ауаны. - Өлеңде қай мезгіл жайлы айтылған? - Күз мезгілі жайлы. - Күз мезгілінің айларын атайық? - Қыркүйек, қазан, қараша. - Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер бар? - Күн суытып, жаңбырлы болады , жапырақтар сарғайып жерге түседі, жеміс –жидектер піседі, т.б Ғажайып сәт: - Ку-ка-ре-ку. - Ненің дауысы естіліп тұр? - Әтештің дауысы. - Балалар, бүгін әтеш бізден көмек сұрап келіпті. Далада күн суық , азығы таусылып ,баратын жері болмай бізге келіпті. Көмектесемізбе? - Иә. - Олай болса , Әтешжан , сен әуелі бізбен бірге сабағымызға қатыс. Сонан соң біз саған үй тұрғызып, қамқорлығымызға аламыз. Жұмбақ: Бұрап қойған сағаттай, айқайлайды таң атпай. - Шешуі не? - Әтеш. - Әтеш деген сөз қай дыбыстан басталып,естіліп тұр? - Ә дыбысынан басталып тұр. - Қане, бәріміз бірге айтайықшы, қалай айтылып тұр? - Ә-ә-ә - Кедергісіз айтылған дыбыс қалай айтылады? - Дауысты дыбыс. - Ендеше «Ә» дыбысын қызыл текшемен белгілейміз. Ойын: «Кім тапқыр? »(Сипаттау арқылы сөзді табу). - Ку-ка-ре-ку деп шақыратын не? - Әтеш. - Ертегі айтып, еркелетіп, құрт кәмпитін беретін кім? - Әже. - Ең бірінші әріптерді танытып, сауатымызды ашатын қай оқулық? - Әліппе. - Аулада отырып, тербелетін не? - Әткеншек. - Үйде асыраушымыз, асқар тауымыз кім? - Әке. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық Шапалақтап ұрайық. Қолды белге қояық, Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым. Оң жаққа бұрылып, Сол жаққа бұрылып. Бір отырып, бір тұрып Орнымызды табайық. «Ә» дыбысының әріптік таңбасын жазып көрсету. Ауада жазу. Балапан дәптерлеріне жазғызу. Тапсырмалар орындау арқылы Әтешке үй құрау. 1-тапсырма: «Әріп деген не? Дыбыс деген не?» Дыбыстар неше түрге бөлінеді? т е ш ә ж ә е 2-тапсырма:Шашылып қалған әріпті орнына қой. 3-тапсырма:Сандар арқылы сөздерді табу. 2 3 4 1 т е ш ә 3 1 2 е ә ж 4-тапсырма: Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Суреттерге сөйлем құрау. Іс- әрекетті қортындылау. Әтешке үйді сыйға тарту. Сұрақ- жауап арқылы бекіту. Балаларды мақтау-мадақтау. Күтілетін нәтиже: Білуі: Дыбысқа сөз ойлап , сөйлем құрайды. Меңгеруі:Жаңа дыбысты меңгереді, Жасай білуі: Ұйымдасып жұмыс жасайды. | |
Просмотров: 1096 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|