Главная » Статьи » В помощь учителю » Сельская школа |
ШҚО. Аягөз ауданы.Тарбағатай ауылы . «Тарбағатай жалпы білім беретін орта мектеп»КММ Математика- информатика пәнінің мұғалімі : Узбекова Назым Сапаровна Кештің тақырыбы: Жаңа ғаламшар-ИФМ. Мақсаты: Информатика, физика және математика пәндерін меңгерудегі оқушының білімінжетілдіру. Шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Топтық жұмысқа , көшбасшылыққа , өзін-өзі бағалауға , бәсекелестікке төтеп беруге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Компьютер, проектор, слайдтар, әр түрлді құрал-жабдықтар Кештің бағдарламасы: 1. Таныстыру, әні, киімі 2. «ИФМ-сіз бір күн» атты көрініс 3. Білім сайысы 4. ИФМ –жарнама 5. Оқушы және ИФМ 6. Қорытындылау. Кештің барысы: 1.Армысыздар құрметті ұстаздар ,қонақтар ,оқушылар. 2.Балжан- бізге қарап мына көрермендер таң қалып отырған шығар, бұл не деген сән үлгісі,ненің құрметіне бұлай киінді екен деп. 1.Дұрыс айтасың Бақнұр, бүгінгі кешіміздің аты да ерекше емес пе ендеше біз де соған сәйкес киініп ,осы кештің жақсы өтуіне ат салыспақшымыз. Бүгінгі біздің «Жаңа ғаламшар-ИФМ» атты кешімізге қош келдіңіздер. 2.Аспанда бар ғаламшар,1.ИФМ –деп бүгін біз, Мұны әр кім біледі.Ғаламшарды ашамыз. Жерден қарап кешкісін Ән мен білім ,өнерді , Тамашалап жүреді .Шашу қылып шашамыз. 2.Қане достар бәріміз,1.Ғаламшардың негізгі, Атын хормен айтайық.Тұрғындары ортада. Осы кештен үйді-үйге,Қошеметпен оларды Көңілденіп қайтайық.Қол соғайық қарсы ала. Зал: ИФМ-ИФМ-ИФМ!!!!!!!!!!! Есеп қисап жүргізген, Артық кемді білгізген. Математик тұрғындар «Көпбұрыштар» атты жұлдыздар-деп 10 сынып оқушыларынан құралған математиктер тобын ортаға шақырамыз. 2.Таң қай жақтан атады, Күн қай жақтан батады. Құбылыстың барлығын, Зерттеп олар жатады. Адамзатқа физика, Талай қызық ашады –дей отырып ортаға 9-сынып оқушыларынан құралған «Кемпірқосақ» тобын ортаға шақырамыз. 1.Ғаламшарға жаңалық,Информатика ғылымы, Көп әкелер өздері. Қарыштап даму үстінде. Бүкіл әлем алдында, «Көңілді дискілер» ортада, Салмақты да сөздері. Қол соғайық қарсы ала. 8-сынып оқушыларын ду қол шапалақпен ортаға шақырайық. 2.Ал енді кешіміздің бағасын беріп,әділ шешімін шығаратын әділ қазылар алқасын сайлап алайық. 1.Тәрбие ісінің меңгерушісі: Сығаева Г.Ш 2.Математика пәнінің мұғалімі: Мадрахимова Г.А 3.Педагог ұйымдастырушы: Абзолин.С.К 1.Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа, Табылғандай таным да, жат дауыс та. Біреу озып келеді қатарынан, Біреу мініп жатқанда аптығыста. 2.Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып, Біреу мығым, біреулер шалыс басып. Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып-дей отырып кешімізді бастаймыз. I-бөлім 1.Таныстырсын өздерін,2.Бар байлығы сандары Шабыттанып,шаттанып.Фигуралар ,белгілер. Қызықтырсын біздерді,Ән мен биін төгеді Жаңаша бір ой салып.Жүректер бір елжірер- деп ортаға «Көпбұрыштар» тобын шақырамыз. Таныстыруы: 1.Бір түзудің бойында 2.Квадрат. Жатпаса егер төрт нүкте.Төрт қабырғам тең болса , Төрт кесінді оларды ,Айналам таза ,кең болса. Пар-парымен қосады,Квадрат деп ұғыңдар, Пайда болған фигура ,Үйіме мойын сұғыңдар Төртбұрыш деп аталар,Табам десең үйімнің , Мына тұрған балалар ,Бос отырмай ауданын , Сол атадан таралар.Өлшей сап бір қабырғаны , Оңай болар достым-ау , Квадраттай оны салғаның. 3.Ромб Арғы атам төртбұрыш Параллелограм бергі атам, Ортасында аталардың, Еркелеп жүрген балапан. Ромб деген мен болам. Іш құрылысым ауырып, Дәргерге бардым көрініп. Тыңдап ,зерттеп қолыма. Қағаз берді табақтай . Оқимын тыңда ,дем қатпай: «Төрт қабырғаң тең екен, Диогональ деген қос ішек, Тік бұрыш жасап кетіпті , Онымен қоймай өздері, Бұрыштарға тіреліп, Қаққа бөліп өтіпті . Көрінбейді жамандық, Тілеймін сізге амандық» Жиналған үлкен жас кәрі Бәріңе де тілеймін. Жаңа жылда жақсылық. Ел іргесі тыныш боп, Болсын әр- кез баршылық. 4. Параллелограм Төртбұрыштың үлкен ұлы , Пароллелограм есімім Інілерім қасымда Осыларға қарап көсілдім. Қабырғалар әрқашан, Параллель боп жатады, Диогональ қиылысып Қақ бөлініп қатады . Қарсы жатқан бұрыштар, Әрқашан тең боп өтеді . Армандар көп аңсаған , Соған бірге жетеді . 5.Трапеция . Төртбұрыщтың баласы , Трапеция мен болам. Қарама-қарсы екеуі Бір-біріне параллель , Бұл табаны болады . Тағы қалған екеуі, Бүйірімде жатады , Сөйтіп тұрып өздері Кейде тең боп жарасып , Кейде тік боп таласып, Әйтеу қызмет көрсетер, Шешкенде есеп көз жетер. 2.Ғаламшарда ерекше , Көңіл шіркін толқиды. Ашылмаған қаншама , Жаңалық бар сан қилы. 1. «Кемпірқосақ» аспанның, Бет келбетін ашады. Физикада бұл ұғым, Әр кез сәуле шашады- деп ортаға «Кемпірқосақ» тобын шақырамыз. Таныстыруы: 1.Түрлі түсті аспанға Сәулеміз бар шашатын. Физиканы оқысаң, Жаңалық бұл ашатын. Спектр деп ғылымда , Мына бізді атайды . Жақсы оқушы аспаннан Әр кез бізді байқайды . 2.Физиканы жан-жақты, Оқу керек достарым. Ньютон менен Архимед, Білгің келсе сырын сен, Баяндау ғой жоспарым. 3.Күштер көп қой әр-түрлі , Бір екеуін атайық. Үйкеліс пен ауырлық, Серпімділік,тартылыс. Қасиеттерін ұғып –ап Үйімізге қайтайық. 4. Қызыл-жасыл,сарымыз, Ағайынбыз бәріміз. Ғаламшарға сән беріп, Шырқалсыншы әніміз. Физиканың қызығын, Жеткізейік сіздерге, Шын көңілден көрермен, Қол соғыңыз біздерге . 1.Кіші іні болады, Математик,физикке. Ғаламшардың жүйесі, Тәуелді информатикке. Бұнсыз қазір күнің жоқ, Жаныңды бір тындырар. «СD,RW» дискілер, Ақпаратты жыр қылар.-деп ортаға «Көңілді дискілер» тобын шақырамыз. Таныстыруы : 1.Компьютермен қазіргі , Барлық ісің бітеді . Сауда жасап ,хат жазып, Егін салып,мал бағып. Мына отырған адамзат Жетістікке жетеді . 2.Интернеттен керекті Ақпаратты аламыз. Сақтау үшін әрине , Дискілерді табамыз. 3.Көңілді дискілер тобының Дайындығын байқаңыз. Информатика пәніне , Тек алға –деп айтамыз. 4.Ғаламшарда бүгінгі , Ән айтамыз,би билеп. Қол соғып,демеңіздер, Жарайсыңдар CD-деп. II-бөлім 1.Кешімізді жалғайды, Көріністер шеруі. Тыңдап,баға бере отыр, Қозғамақпыз сан жайды. Математика,физика,информатика Ғажап үштік білерсіз. Бүр күн бұларсыз өткізген, Күннің қалай боларын,есте сақтай жүрерсіз. Ортаға математиктерден құралған «Көпбұрыштар»-тобының «Математикасыз –бір күн» атты көрінісін тамашалайық. Келесі кезекте физиктерден құралған «Кемпірқосақ» тобының «Физикасыз-бір күн» атты көрінісін тамашалайық. Жалыққан жоқ шығарсыздар құрметті көрермендер ендігі кезекті информатиктерден құралған «Көңілді дискілер» тобының « Информатикасыз-бір күн» атты көрінісін тамашалайық. Білім деген биік шың, Бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың, Қиындықтан өткізер . Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады, Олай болса білімнің, Қай мықтыда тұрағы –деп білім сайысын бастаймыз. Әр топқа өз саласы бойынша 3-сұрақ ,тағы 1- бейне сұрақ қойылады . Топтар ортаға шығамыз.Қол соға қарсы алайық. 21-ғасыр адымдап , Күшіне еніп келеді. Жарнамасы мықтылар , Өздеріне сенеді . Жарнамалап онда біз, Дамытайық ғылымды. Тыңдап,қарап,саралап, Ұғарсыз сіз сырымды-деп «Жарнама» бөлімін бастайық. Ендеше математиктерден құралған «Көпбұрыш» тобының жарнамасын тамашалайық. Келесі кезекті өзінің жарнамасын көрсетуге асығып тұрған физиктерден құралған «Кемпірқосақ» тобын қошеметпен қарсы алайық. Тағыда өзінің жарнамасымен таңқалдырмақшы болып бел байлап тұрған информатиктерден құралған « Көңілді дискілер» тобын ортаға шақырамыз. Кешіміздің соңғы бөлімі де келіп жетті . Оқушымен ғаламшар, Сәні кірер сеніңіз. Білім қуған жастарға, Құшақ ашар еліміз. Ролик ,слайд көңілді, Шығармашыл жас буын. Ұсынбақшы сіздерге, Күлкі сыйлап жүздерге. Бұл бөлімде әр топтың өздері дайындаған «Оқушы және ИФМ» тақырыбындағы слайдттарын тамашалайық. Ортада «Көпбұрыштар» тобы . Келесі өздерінің слайд,роликтерімен «Кемпірқосақ» тобы . Асығып тұрған « Көңілді дискілер»тобының шығармашылығына куә болайық. Топтарды ортаға шақыру . Әділ қазы мүшелері өздерінің қорытынды бағасын шығарғанша бізге өз өнерлерімен келіп отырған сыныптар бар екен соларды қарсы алайық. Құттықтау сөз мектеп директоры Ө.Б.Құдайбергеновке беріледі. Құрметті ұстаздар ,оқушылар,кеш қонақтары біз бүгін жаңа ғаламшар ашып оның атын-ИФМ деп қойдық. Бұл ғаламшарда сіздерге білім алу үшін барлық жағдай жасалынған. Еліміздің ертеңін өркендету үшін ,болашағын мығым ету үшін білім керек. Сондықтан білім айдынында қанаттарыңыз талмай ,дендеріңіз сау болып қалқи беріңіздер. Кешіміздің ән ұранын орындайық. (Аспанға қараймын,Жұлдызды санаймын) әнінің желісінде айтылады Ғаламшарда бүгін біз, Талай қызық өткердік. Арайланып жүзіміз, Ешкімді де сөкпедік. Білім алып бәріміз, Ізденуден қашпайық. Қазақстан елін біз, Болашаққа бастайық. ИФМ әлемі Керемет әдемі. Бұл әлемнен талайлар Білім ап келеді. Үшеуін меңгерсең , Жұлдыз боп жанасың. Мен соған сенемін, Мен соны қалаймын. Қызықтырып бәріңді , Ғылымдар ғой жетелер. Есеп қисап үйретіп, Жанға шаттық әкелер. Физиканы оқимыз, Тіршіліктің тірегі . Информатик қалыспай , Демеп оны жүреді . | |
Просмотров: 860 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|