Главная » Статьи » В помощь учителю » Сельская школа |
Ростовская средняя школа подготовили и провели Барташевич Л.Ю., Жаппарова А.Ж., Озатхан Б. 2012-2013 уч.год Звучат фанфары. Начинается вечер с исполнения песни о маме.(Барташевич Л.Ю.) (Музыка ырғағымен оқылады) Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін беріп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап, «Ана» дейді жас сәби де жарқылдап. «Ана» деген бәйтерегі өмірдің, «Ана» деген алтын қазық, алтын бақ. «Ана» деген – асыл жандар болаттай, «Ана» деген – мөлдір жандар бұлақтай. О, адамдар, қадірлей біл ананы, Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай! 1-жүргізуші: Армысыздар аналар, көрермен қонақтар! Қараша айының соңғы күні көптеген елдерде «Аналар күні» мерекесі аталып өтеді. Міне, бүгінгі күні біз де бұл мерекені өзімізше атап өтпекпіз. Бұл күн – барлық адамзат баласы үшін қуанышты, атаулы күн! Себебі, Ана – тіршіліктің тірегі. Бүгінгі біздің шағын концерттік бағдарламамыз аяулы аналар - Сіздерге арналады. 2-жүргізуші: - Здравствуйте! Мы рады приветствовать Вас в этом зале! Сегодня самый замечательный праздник, самый светлый и радостный – День Матери! Сегодня мы собрались, чтобы сказать нашим мамам: большое спасибо! Спасибо за ваш труд! За бессонные ночи у наших детских кроваток! За терпение во время нашего обучения! Играя первозданной силой, Творила мир природа – мать. И, видно, в женщину вложила, Всю красоту и благодать. И подарила ей уменье, Себе подобных возрождать. Из поколенья в поколенье, Породу только улучшать. 1- жүргізуші: - Иә, сен дұрыс айтасың, Настя! "Алып та анадан туады", «Ана - өмірдің, тіршіліктің тұнық бастауы». Тұнықтық та, мөлдірлік те, тазалық, махаббат та Ана сөзінің астарлы мағынасы. Егер біздің бойымызды ұлттық намыстың, қайсарлықтың, өжеттілік пен ерліктің қаны ойнап тұрса, ол да - Аналарымыздан. Аяулы арулардың қолдаулары мен көмектері арқасында ер азамат көптеген асуларды алады. Осы үшін де әйелдердің таусылмас жігер-қайраттары алдында бас иеміз. Әйел жерден шыққан жоқ, Ол да еркектің баласы. Ерлер көктен түскен жоқ, Әйел – оның анасы. Бізді білім нәрімен сусындатып отырған осынау үлкен білім ордасында еңбек етіп келе жатқан мектеп директорының орынбасары – осы білім ошағының мойыны - Магфуза Кабдылкаримовна, мектебіміздің бел омыртқасы – Людмила Юрьевна, Айгуль Куанышевна, Құралай Айткеновна сияқты білімді, әдемі, сүйікті ұстаз – аналарымыз барда біз де өзімізді сенімді, нық сезінеміз. Сіздер сияқты басшы болса сенімді, Бұлт баспайды мөлдіреген көгіңді. Сіздер барда сенімдіміз, батылмыз, Сіздер отырған жерде бізге көңілді. Бала болып құттықтаймыз бүгін біз, Құтты болсын бұл мереке күніңіз. Бәрімізге ақыл-кеңес беретін, Сіздер әркез аман-есен жүріңіз! – деп келесі әнімізді Сіздерге арнаймыз. Ән: «Ана жүрегі» Орындайтын: 8 «а» сынып оқушысы – Хавкей Еркегүл 1-жүргізуші: - Настя, айтшы, құстарға ең алдымен не керек? 2-жүргізуші: - Ол көк еркесі ғой, әрине, алдымен оған ұшар көк аспан қажет. 1-жүргізуші: - Ал теңіз, мұхиттарға ше? 2-жүргізуші: - Оларға ... оларға жағалау қажет. 1-жүргізуші: - Ал шаңғыға не қажет? 2-жүргізуші: - Қар қажет. 1-жүргізуші: - Балалар, сендерге не қажет? (4 «б»сынып ұлдары, бәрі бірге айтады) - Аман болсын, Аналар! 1-жүргізуші: Ән: «Мама». Орындайтын: 4 «б» сынып ұлдар тобы. 2-жүргізуші: Сегодня мы будем в игры играть Для Вас будем петь и танцевать. Для нас – счастье присутствовать здесь, Спасибо вам, мамы, за то, что вы есть! Награждение лотерейными билетами Ведущий : Мы проводим лотерею, сил своих мы не жалеем Чтоб порадовать матерей, всех собравшихся гостей, Кто еще не взял билет – таковых надеюсь нет. Главный приз - автомобиль, Мы желаем чтоб у всех он был. Хоть и маленькое мыло В нем всегда большая сила. Чтоб поднять ваш тонус низкий Дарим чай мы вам индийский. Со светом может быть осечка В хозяйстве пригодится свечка. Чтоб иметь красивую прическу При себе имейте расческу. Чтоб не облить свою соседку. Получайте от нас салфетку. Коль из глаз вдруг слезы побегут Сразу же платочек тут как тут. Вытрите слёзы, улыбнитесь скорей Жизнь прекрасна, наслаждайтесь ей. Вот вам эта штучка, зовётся авторучка. Вам достался карандаш, был ничей теперь он ваш. Погремушки самый раз, Пусть Казахстанцы будут больше чем сейчас. Пусть братишки не скучают, Иногда игрушками играют. Чтобы зубы не болели Чистите их хоть раз в неделю. В жизни на лучшее нужно надеяться, Клею возьмите, если что-то не клеится. 2-жүргізуші: Есть три святыни, Три имени в мире. Нам голову вечно Перед ними склонять: Великое - Хлеб, Дорогое - Отчизна, И третье – Бессмертью подобное – МАТЬ! Следующая песня в исполнении ученицы 4 класса Брайтмайер Валерии посвящается Вам дорогие наши мамы. 1-жүргізуші: - Аяулы да, ардақты Аналар! Әйел-Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күретамыры, ыстық ықылас пен ыждахаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен егемендігіміздің мерейінің үстем болуында да қашан да нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Әлемдегі барлық жақсылық, жылылық пен ұлылық ең әуелі отбасынан басталып, одан ұжым, орта, қоғамға тарайды десек, соның бәрінің ұйытқысы - Ана. Мектеп табалдырығын алғаш аттағанда, әріп танымай, қолымызға қаламды дұрыс ұстай алмай отырғанда бізге алғаш көмекке келген екінші анамыз – бастауыш сынып мұғалімдеріне алғысымыз шексіз! Сіздердің еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз! Десек те уақытпенен жарыспайды, Қиялға қиялменен қарыштайды. Шәкірттер шын жүректен тебіреніп, Өнерін аналарға бағыштайды,- дей отырып, келесі әнді Сіздерге арнаймыз. Ән: «Анам» Орындайтын: 2 «а» сынып оқушысы – Медет Назира 1-жүргізуші: - Ана – өмірдегі ең жақын, жанашыр адам! Біз ортаға үш ананы шақырамыз. Балаларыңызбен ортаға шықсаңыздар. Бұл сайыс «Аудармашылар» сайысы деп аталады. - Аналар, Сіздердің қазіргі ер жетіп, бой жетіп тұрған балаларыңыздың сәби кездерін естеріңізге түсірсеңіздер. Балдай тәтті тілдері енді ғана шыға бастағанда, сөйлеген сөздері түсініксіз болғанда аналар, яғни Сіздер аудармашы қызметін атқарған едіңіздер. Үйдегі атасы мен әжесі, әкесі түсінбегенде «Не дейді?» деп, Сіздерді ортаға салатыны естеріңізде ме? Сол күндерді еске алып көрсек. Қазір балаларыңыздың айтқан жаңылтпашын кім дұрыс қайталап айтса, сол жеңіске жетеді. (балалардың ауыздарына тас жаңғақ салып қойып, жаңылтпашты айтқызамыз). Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым, Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың. Өміріме нәрін берді ақ сүтің, Кең құшағың аясындай гүл бақтың. Ер жеткізіп елге берген баласын, Ақылдысың, ардақтысың, данасың! Қарайтыным қас-қабағың бір сенің, Қайратыңнан қайта көрме, анашым,- деп, келесі кезекте Настя мен Анасы – Людмила Юрьевна бүгінгі кешке бір ән шашуын алып келген екен. Қарсы алыңыздар. 2-жүргізуші: - У мамы самое чуткое сердце, самые ласковые руки. В их чутком сердце никогда не гаснет любовь к своим детям. Женщина – хранительница не только домашнего, семейного очага, но и гуманных, красивых, здоровых и национальных обычаев и традиций, родного языка и фольклора, духа земли и вечности. Женщина – дочь народа, в ней – его черты, его красота, его мудрость, его непобедимое жизнелюбие и неиссякаемое творческое начало. Сегодня мы поздравляем чудных матерей - учителей старших классов с этим прекрасным праздником. Вы самые добрые женщины в мире, Нигде нет на свете прекраснее глаз. И руки ваши, как огромные крылья, Всегда охраняют от напасти нас. Следующий музыкальный номер посвящается Вам, дорогие мамы! Муз. номер: «Я желаю тебе». В исполнении ученика 9б класса Клименко Владислава 1-жүргізуші: - Халқымызда "Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді" деген даналық сөз бар. Ол ақиқат, өйткені, жанұяда ана тек жар ғана емес, әулет тәрбиешісі, жылылық пен өнеге иесі, береке мен бірліктің, ырыс пен ынтымақтың ұйтқысы, ортаның сәні, қоғамның нәрі. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл. Оқушы: - Досан, мен бір нәрсе айтсам, бола ма? - Әрине. - Қазірет пайғамбарға бір адам келіп: - Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды. Сонда пайғамбар: -Анаң бар ма? - деп сұрайды. -Бар, - дейді әлгі адам. -Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. - Олай болса, біз шәкірт, бала ретінде ұстаздарға қызмет етуге дайынбыз. Себебі, мектеп – біздің екінші үйіміз, ал ұстаздар – екінші анамыз ғой. Досан: - Сен дұрыс айтасың, - Мұхаммед пайғамбарымыз айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді. Дүниедегі ең кемеңгер дананы Ана табады, аялайды, бағады. Сол үшін де құдіретіне бас иіп, Құрметтейік қасиетті ананы! Ән: «Асыл ана» Орындайтын: 7 «а» сынып оқушысы – Біржан Мадина. 1-оқушы (Бертілек): 2-оқушы (Назерке): 2-жүргізуші: Мы в жизни разными дорогами шагали Неважно, сколько зим и сколько лет, Но эту истину давно уже познали: Родней, чем мама, человека нет. 1-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт-берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. Осы отырған барлық көрермен – аналарды мерекелерімен құттықтаймыз. Аққудай айдын шалқар көлге көрік, Қалықтап бірде ұшып, бірде қонып. Шалқыған әсем саздың әуенімен, Ал кетті ару қыздар дөңгеленіп, - деп келесі кезекті бүлдіршін биші қыздарымызға берейік. Би: «Балалық шақ». Орындайтындар: Әйгерім мен Сабина 1-жүргізуші: - Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! О, аналар осындайсың бәрің де, Осындайсың жасындағы кәрің де, Сыйынатын болса өмірде құдірет, Сыйынар ем ана деген тәңірге. Ән: «Асыл ана» Орындайтындар: 5 сынып оқушылары. 2-жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше Осымен концертіміз аяқталды. | |
Просмотров: 2382 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|