Главная » Статьи » В помощь учителю » Профильное обучение |
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі Министерство образования и науки Республики Казахстан КМҚК №2 Өнер мектебі КГКП Школа искусств №2 Мақала «Жаяу Мұса Байжанұлы» Статья Орындаған: дәстүрлі ән айту бөлімінің ұстазы Муслимова К.С. Қарағанды 2011 Жаяу Мұса Байжанұлы Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929) - әнші, ақын, композитор. од Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің маңында дүниеге келген. Әкесі Байжан кедей болған. Анасы Нақыш ертеректе дүние салып, Мұса Байжанның ағасы Тайжанның қолында тәрбиеленеді. Жеті жасында хат таниды. Шыққан тегі - Орта жүз, Арғын ішіндегі Сүйіндік руы. Алғаш ауыл молласынан оқып, сауат ашады. Жастайынан халық музыкасымен, ауылға келіп-кетіп жүрген әнші-куйшілер өнерімен танысады. Өзі де ән салып. домбыра тартады. 1851 жылы Қызылжарға (қазіргі Петропавл) келіп, орыс тілін үйренеді. Ол домбыра, қобыз тартумен катар, сырнай мен скрипка ойнауды да меңгереді. Қаладағы оркестрлердің, әншілердің орындауындағы концерттерді қызыға тыңдайды. Бұл оның музыкалық-эстетикалық талғамын қалыптастыруда үлкен рөл аткарды. Жаяу Мұсаның Шокан Уәлихановпен бірге жүруі, Ыбырай Алтынсариннің өлеңіне («Кел, балалар, окылық») әи шығаруы, өлеңмен күнделік жазуы, Абайға өлең арнауы, Л.Н. Толстой кейіпкерінің атын баласына коюы - оның заман лебін терең сезінгендігін байқатады. 1854 жылы Омбы каласындағы орыс мектебінде оқыған. Осындағы кітапханадан Санкт-Петербор, Мәскеу, Қазан, Орынбор, Ақмола, тағы баска қалаларда шығатын газет-журналдармен, кітаптармен танысады. Жаяу Мұсаның тырнақалды туындысы «Қыздар-ай» Омбыда дүниеге келді. Ол туған ауылына сауатты азамат, музыкалық аспаптарда шебер ойнайтып өнерпаз болып оралады. Келе ауыл әміріне кызу араласты. Әкімдердің, би-болыстардың паракорлығын әшкерелеп, әсіресе, Баянауылдың ага сұлтаны Мұса Шорманов пен оның інісі Мұстафаның зорлык-зомбылығын айтып, Омбы генерал-губернаторына шағым жазады. Сол үшін ағайынды Шормановтар оның астындағы атын тартып алып, «жаяу» атандырды. Осы тұста шығарған «Ақсиса» әнінде - элеуметтік теңсіздікке өз наразылығын білдіреді. Билігі жүріп түрған Шормановтар әр түрлі жала жауьіп. 1 860 жылы оны Тобылга 12 жылға жер аудартады. «Сүйіндік», «Тұтқын зары» әндері осы кезде шыккан. Тұтқында 2 жыл болғаннан кейін өзі сұранып әскерге кетеді. Оны Литвада Орталык Азия жорығына дайындалып жаткан Г.Черняевтің отрядына жібереді. 1863-1865 жылдары осы отрядтың жүк батальоны құрамында Шымкент, Әулие-ата (Тараз), Верный (Алматы) жорығына катысқан. Черняевтің халыкка көрсеткен зорлыгына катты наразы болыгі, туған ауылына оралады. Оған ата жаулары елде де тыныштык бермей, қайта қуғынға салган. Жергілікті халыктың ауыр тұрмысын, билеушілерден көрген зорлық-зомбылығын айтып түсіндіру үшіы ол Санкт-Петерборға аттанады. Бірак одан да колдау таба алмаған соң, Латвияда, Польшада болып, соңынан Қазанға келіп аялдайды. Жаяу Мұсаның әншілік, композиторлық өнері халык музыкасымен тығыз байланыста дамыды. Сол тұста өмір сүрген Тоқсанбай, Жанак, Түбек, Көтеш, Жаңабай сынды акын-жыршылардың дәстүрлерін үлгі тұтып, жаңалыққа кұлаш ұрды. Жаяу Мұсанын. элеуметтік теңсіздікті әшкерелейтін «Аксиса», «Хаулау», «Шормановка», «Толғау», «Бұзау зары», «Тұтқын зары», «Сүйіндік», туған жер табиғатын суреттейтін «Баянауыл», «Жаздың күні», «Жазда», «Ұлытау», «Сарын»; аңшылық-саятшылық туралы «Тұрымтай», «Қаршыга», «Көгершін», күлдіргі «Құлбай», «Қазан қыздары», махаббатты жырлайтын «Сұрша қыз». «Шолпан», «Сэулем кыздар», «Гауһар қыз», «Лэйлім»; өмірлік серігі Сапарга арналған «Келдім, Сапар, басыңа» атты әыдері бар. Сондай-ақ, ол - лирикалык сипаттағы «Қыз күйі», «Қыз-бала күйі», «Қызқарқара», «Қамшылау» сияқты күйлердің де авторы.Жаяу Мұсаның музыкалық шығармалары халықтың әншілік орындаушылық дәстүрі, сондай-ақ, кала әсерінен пайда болган марш, би ырғағындағы туындылар негізінде дамыған. Әндерінде диатоникалық жүйедегі ладтар басым. Жаяу Мұсаның әндерінде қазак халык әндерінде аса сирек кездесетін кұбылыс классикалык музыканың формасын кұрайтын ерекшеліктер «Ақсиса», «Ескендір», «Тұрымтай» әндерінен анык байқалады. Жаяу Мүса композитор, әнші ғана емес, өз әндеріне лайықтап, өлең шығарған акын. Көптеген мыскыл өлеңдерімен қатар «Шал мен торғай», «Бәдене мен қаншыр» атты мысалдары да бар. Жаяу Мұса көңілге түйгендерін орысша, қазакша кағазға түсіріп отырған. Қазак коғамының әлеуметтік. істеріне белсене араласып, ұлт мәдениетіне елеулі үлес косқан. Жаяу М.ұсаның көптеген колжазбалары Алматы, Қазан, Санкт-Петербор, Омбы мүрағаттарынан табылғаы.Оның әндері мен күйлерін алғаш нотаға түсіріп, жазып алгандар - Александр Затаевич, Ахмет Жұбанов, Борис Ерзакович, Михаил Лалинов, әндерін айтып берушілер - Қосымжан Бабаков, Қали Байжанов, Әміре Қашаубаев, Қуан Лекеров, Жүсіпбек Елебеков және Жаяу Мұсаның баласы Салык Мусин. Оның музыкалық мұрасын казак композиторлары опера («Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Біржан Сара», «Бекет»), симфония, эстрада жаирларында пайдаланғаы. Жаяу Мұсаның эндері казіргі әншілердің (Ермек Серкебаев, Қайрат Байбосынов, т.б.) репертуарынан орым алды.Әнші бейнесі керкем шығармаларда, Зсйтін Ақышевтің «Жаяу Мүса» романында сомдалған.Павлодар облысының Аксу каласындағы мәдеми-ағарту училищесі және Павлодар каласының бір көшесі Жаяу Мұсаның ееімімен аталады. Оң-солын тани келе өнер-білім куып, Қызылжар, Омбы қалаларына келеді. Омбыдағы орыс мектебінде оқиды, кала өнерпаздарымен араласып, домбыра, сыриай, скрипка аспаптарын тартуды меңгереді, өзінің сезім-күйін әнге қосуга машыктанады, музыкалык әдеби кештерге араласады. Бойындағы өнерін жүрт алдында көрсете бастайды. Қалада еткергем жылдарында Жаяу Мүса сол кездің саяси-элеуметтік өмірін тереңірек танып, туған елінің бодандықтағы мүшкіл халіне ой зерделетіп, санасы толысқан шағында елғе оралады. Әрине, ел ішіндегі элеуметтік эділетсіздіктер мен сыртқы өктемдікті жай ғана бақылаушы болып кана қалмайды, өзінің үстанымын тиісті жерінде енерімен де, іс-әрекетімен де корсетіп отырады. «Ақ сиса» сияқты әлеүметтік теңсіздікті әшкерелеген эндері ел ішіне тарай бастайды. Акыры Жаяу Мұсаға «Патша саясатына наразы адам» деген айып тағылып, Тобылға жер аударылады. Тобыл түрмесінде ол генерал-губернаторға хат жазып, эскер қатарына сұранады. Мұсаның өтініші кабылданады. Осылайша, оның эскер катарындағы эр қиырды шарлаған күрделі өімірі басталады. Тобыл, Орынбор, Қазан, Новгород, Москва, Владимир, Петербург қалаларында, Польша, Литва жерінде болады. Кейін Қоқан хандығының саясатына карсы жұмсалган полковник М.Черняевтің эскерінің кұрамында Алатау, Әулиеата, Шымкент жорығына катысады. Осы жорықта Ресей әскерінің зорлықшыл әрекеттерін көзімен көрген Жаяу Мұса катты налиды, ән-жырына косады. Алыста жүріп, туған жерін сағынып «Сүйіндік» әнін шығарады. «Толғау», «Арап үрыга», «Бозторғай», «Хаулау» әндеріне өмірден көрген сондай киындык киянаттар аркау болады. Өмірдің көп тауқыметін бастан өткеріп, еліне оралган Жаяу Мұса әлеуметтік-саяси теңсіздікке арналған әндер шығаруды одан әрі жалгастырады. Ақмола уезіне карасты Құлбай деген байдың немере қызы Сапармен көңіл жарастырып, үрпак құрып, саясатшылықпен айналысады. Жаяу Мұса казақтың ән өнерін мазмұн, түр жағынан байытып, шығармашылык жаңалыктар енгізіп, әуен сазын жаңа биіктерге көтерген аса дарынды композитор. Ол өз шыгармаларында қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, өз заманының арман-аңсарын әнмен бедерлей білді. Оның әлеуметтік көзкарастары, азаматтык ұстанымдары сол кездің демократтык-ағартушылық озык идеяларымен астасып жатты. Жаяу Мұса әндерін күні бүгінге дейін халық сүйіп тыңдайды. Оның алуан нақышты асқақ әндері Қазакстан композиторларының көптеген шығармаларына аркаү болған. | |
Просмотров: 2973 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|