Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Физика

Урок по физике
Күні 28.04.2011ж сыныбы 7 «Ә» пәні физика Мұғалімнің аты-жөні: Таласбаева Г.Т.
Сабақ тақырыбы: Жай механизмдер. Механиканың алтын ережесі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- жаңа материалды игерту мүмкіндігін туғызу;
- жай механизм және оның адам өміріндегі маңызы туралы пікірлерін қалыптастыру.
Дамытушылық:
- болжам жасау біліктіліктерін қалыптастыру және оны тексеру;
- танымдық белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік:
- жауап беруде нақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу;
- қоршаған ортаны бақылау, оның ішкі мәніне үңіліп, ондағы өзгерістердің себептерін, жағдайларын талдай білуге үйрету.
Көрнекіліктің қолданылуы: кестелер, электрондық оқулық, физикалық құрал-жабдықтар, бағалау парағы.
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты меңгеру
Әдіс – тәсілдер: топпен жұмыс, эксперимент, СДОПТ.

Сабақ барысы:
1. Актуализация
2. Жаңа тақырыпты меңгеру
3. Кері байланыс
_______________________________________________________________

«Пирамида» Өлең жолдары /музыка/ Слайд1-7
Көріп пе ең тас жүректің жылағанын,
Көріп пе ең дүмі мықты құлағанын?
Біледі пирамида әр тасының,
Салмағы төрт тоннаны құрағанын!

Алғашқы өркендеудің қасқалдағы,
Жұлдыздар құйылатын аспандағы.
Биікке көтерді оны миллион тас,
Миллионнан тұрады, баспалдағы!

Нұр болып күн сәулесі шашыраған,
Қарайды төзімменен ғасыр оған.
Жетінші кереметі бұл әлемнің
Ұлысын Египпеттің асыраған!
-Пирамидалар туралы естігендерің бар ма?
-Пирамидаларды құрастырғанда қандай құралдарды қолданған? /Оқушылардың ойларын тыңдау/
- Бұл құралдар адамның жұмысын жеңілдете ме екен?
- Кейбір жағдайларда қалай үлкен нәрсені оңай көтеруге немесе орнынан қозғалтуға болады екендігін байқауға болады.
- Бұл құралдарды жай механизмдер деп атайды.
Сондықтан дәптерлеріңді ашыңыздар бүгінгі күнмен тақырыпты жазыңыздар. Слайд8-9
• Механизм – «mechane” грек тілінде – құрал, ғимарат.
• Машина – «machina” латын тілінде – ғимарат.
-Адамдар ежелгі заманнан механикалық жұмысты атқару үшін әр түрлі құралдарды қолданған./жай механизмдердің презентациясы/слайд 10-26/

Кесте толтыру
Жай механизмдерді қолдану

құрылыста
техникада тұрмыста


/Оқушыларды тыңдау-кестеге сәйкес/
Қорытынды:күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар механизмдер деп аталады/.Слайд 27/
Жай механизмдер
Иіндік Көлбеу жазықтық
жылжымалы блок сына
жылжымайтын блок бұранда
шығыр
Бүгінгі сабақта біз Иіндік пен Көлбеу жазықтықпен танысамыз.
/Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің /осьтің/ төңірегінде айнала алатын кез келген дене иіндік деп аталады./Слайд28/
Иіндікті сұлбамен әзірлейік.
О- иіндіктің жылжымайтын нүктесі – тіреу нүктесі
АВ – күштердің түсірілу нүктелері
ОА – F күшінің иіні
ОВ- P күшінің иіні
Анықтама: тіреу нүктесінен иіндікке әрекет ететін күш орналасқан түзуге жүргізілген перпендикулярдың ұзындығын күш иіні деп атайды.
d әріпімен белгіленеді- метрмен өлшенеді
Электрондық оқулыққа назар аударамыз/электрондық оқулық/
I .Оқу проблемасы: Жай механизмдерді пайдаланып күштен қанша есе ұтуға болады екен?
/топпен жұмыс/
-аз күш жұмсап жұмысты орындағанмен жұмыстан ұтыс болмайды, ал күштен ұтады. F1d1=F2d2 d1/d2=F2/F1-күш ұтысы
Қорытынды: Иіндік күштен ұтыс береді. /Оқушыларды тыңдау/Слайд29
/Эксперимент- линейкамен -Жандос/
II. Оқу проблемасы: жай механизм-иіндік күштен ұтыс беретінін қарастырдық, ал орын ауыстырудан ұтыс береді ме екен. Осыны байқап көрейік.Бұл сұраққа жауап беру үшін иіндікпен бірге көлбеу жазықтықты пайдаланамыз.Слайд 30
/топпен жұмыс/
Массасы m денені ұзындығы l көлбеу жазықтықтың бойымен бірқалыпты қозғай отырып, h биіктікке көтерейік. Сонда денеге екі күш әрекет етедіP-ауырлық күші, және F-тарту күші. Есептеуді жеңілдету үшін үйкеліс күшті ескермейміз. Денені көлбеу жазықтықтың бойымен тарту күшіне бағыттас жылжытқанда оның орын ауыстыруы L ұзындыққа сәйкес келеді.Сонда F-тарту күшінің істейтін жұмысы: A=Fl
Дене , h биіктікке көтерілгенде оның Жер бетімен салыстырғандағы потенциалдық энергиясы En= En2- En1=mgh шамасына өседі. Энергияның бұл өзгерісі денені көлбеу жазықтықтың бойымен жылжытқанда жасалған жұмысқа тең: A= En=mgh. Бұл теңдікті, A=Fl өрнегін пайдаланып, мына түрде жазамыз: Fl =mgh /P=mg /, Fl = Ph немесе F/P=h/l
/Оқушыларды тыңдау/
Слайд 31
Қорытынды: көлбеу жазықтықтың бойымен денеге әрекет ететін тарту күші оның ауырлық күшінен неше есе кем болса, көлбеу жазықтықтың ұзындығы оның биіктігінен сонша есе артық болады.
Эксперимент-бұранда/Айсара/
Жалпы қорытынды: оқулық №197 беттен оқимыз.
Күштен қанша есе ұтсақ, орын ауыстырудан сонша есе ұтыламыз.
Бұл қағида жай механизмдердің барлық түрлеріне ортақ механиканың алтын ережесі деп аталады.
Бұл ережені шығарған ұлы ғалым Архимед./Архимедтің суреті, жұмыстары/ -Архимед туралы не білесіңдер? Слайд 32-34
-Бүгінгі күндегі өткен материалдың, механиканың алтын ережесінің маңыздылығы неде?
1. Күштен ұтыс алу үшін өмірімізде әр түрлі жай механизмдерді қолданамыз.
2. Механиканың алтын ережесінің негізінде күрделі механизмдер пайда болды.
Слайд 35-36

Деңгейлік тапсырмаларды орындау /фишкаларды жылжыту/
Бағалау парағын толтыру
Үйге жұмыс: п 71,72 /Шығарма жазу «Менің өмірімдегі жай механизмдер»/
Өзін-өзі бағалау
Бағалау парағын толтыру
№ Оқушының аты-жөні оқушылардың бағасы мұғалімнің бағасы



Үйге жұмыс: п.56, эксперименттік тапсырма
Кесте толтыру
Жай механизмдерді қолдану

құрылыста
техникада тұрмыста




І Оқу проблемасы:
Тапсырма: Иіндікті пайдаланып күштен қанша есе ұтуға болады екендігін анықтаңдар.
1.Иіндікті тепе-теңдікке келтіріңіздер
2.Иіндіктің сол жақ иініне әрекет ететін күшті анықтаңдар F1=m1g
3.Осы күштің иінін өлшеңдер d1
4.F1d1 туындысын табыңдар
5. Иіндіктің оң жақ иініне әрекет ететін күшті анықтаңдар F2=m2g
6. Осы күштің иінін өлшеңдер d2
7. F2d2 туындысын табыңдар
8.Туындыларды салыстырыңдар F1d1 F2d2
9.Күшпен иіннің арасындағы тәуелділікті орналастырыңдар F2/ F1= d1/ d2
10.Қорытынды шығарыңдар
Кесте толтыру:
Тапсырма Есептеу
1. Иіндіктің сол жақ иініне әрекет ететін күшті анықтаңдар F1=m1g
2. Осы күштің иінін өлшеңдер d1
3. Туындысын табыңдар F1d1
4. Иіндіктің оң жақ иініне әрекет ететін күшті анықтаңдар F2=m2g

5. Осы күштің иінін өлшеңдер d2
6. Туындысын табыңдар F2d2
7. Туындыларды салыстырыңдар F1d1 F2d2
8. Күшпен иіннің арасындағы тәуелділікті орналастырыңдар/келтіріңдер/ F2/ F1= d1/ d2

9. Қорытынды шығарыңдар

ІІ Оқу проблемасы:
Тапсырма: көлбеу жазықтықты пайдаланып күштен қанша есе ұтуға болады екендігін анықтаңдар.
1.Көлбеу жазықтықтың биіктігін өлшеңдер h
2.Көлбеу жазықтықтың ұзындығын өлшеңдер l
3.Динамометрді пайдаланып жүкке әрекет ететін күшті өлшеңдер P=mg
4.Ph туындысын анықтаңдар
5.Динамометрді пайдаланып тарту күшті өлшеңдер Fтарту
6. Fтарту l туындысын табыңдар
7. Ph Fтарту l туындыларын салыстырыңдар
8. Fтарту және l, P және h арасындағы тәуелділікті орналастырыңдар F/P=h/l
9. Қорытынды шығарыңдар
Кесте толтыру:
Тапсырма Есептеу
1. Көлбеу жазықтықтың биіктігін өлшеңдер h

2. Көлбеу жазықтықтың ұзындығын өлшеңдер l

3. Динамометрді пайдаланып жүкке әрекет ететін күшті өлшеңдер P=mg
4. Туындысын табыңдар Ph
5. Динамометрді пайдаланып тарту күшті өлшеңдер Fтарту

6. Туындысын табыңдар Fтарту l
7. Туындыларды салыстырыңдар Ph Fтарту l
8. Fтарту және l, P және h арасындағы тәуелділікті орналастырыңдар F/P=h/l

9. Қорытынды шығарыңдар

Деңгейлік тапсырмаларды орындау /фишкаларды жылжыту/
Бағалау парағын толтыру
Үйге жұмыс: п 71,72 /Шығарма жазу «Менің өмірімдегі жай механизмдер»/
Өзін-өзі бағалау
Бағалау парағын толтыру
№ Оқушының аты-жөні оқушылардың бағасы мұғалімнің бағасы



Үйге жұмыс: п.56, эксперименттік тапсырма
Кесте толтыру
Жай механизмдерді қолдану

құрылыста
техникада тұрмыста




І деңгей

1.Жүкті тепе-теңдікте ұстау үшін рычагтың А нүктесіне қандай күш түсіру керек?

2.Рычагтың кіші иініне 300Н үлкен иініне 20Н күш әсер етеді. Кіші иіннің ұзындығы 5см. Үлкен иіннің ұзындығын анықтаңдар.

3.Рычагтың қысқа иінінің ұзындығы 5см, ұзын иінінің ұзындығы 30см. Қысқа иініне 12Н күш түсірілген. Рычагты тепе-теңдікке келтіру үшін, оның ұзын иініне қандай күш түсіру керек?


ІІдеңгей

1.Рычагтың ұштарына 40Н және 240Н күш әсер етеді, тіреу нүктесінен аз күшке дейінгі ара қашықтық 6см. Егер рычаг тепе-теңдікте болса, онда оның ұзындығын анықтаңдар.
2.Денені көлбеу жазықтықтың бойымен 100Н күш салып көтереді. Көлбеу жазықтықтың ұзындығы 2м, ал биіктігі 1м. Дененің массасын анықтау қажет.

ІІІ деңгей
1.Қол пресінің бұранда иінінің ұзындығы l=30см, бұранда қадамы h=5мм. Егер бұранданы бұрағанда, оның иінінің шетіне 200Н күш салса, онда престің қысымының күші неге тең болады?
Категория: Физика | Добавил: Gulnar13 (2013-03-31) | Автор: Жай механизмдер. E
Просмотров: 2794 | Теги: физика, Жай механизмдер, 7 класс | Рейтинг: 2.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-26, 10:54 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru