Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Физика

Жарық депресиясы
Физика. Жарық дисперсиясы.
Сабақтың тақырыбы: Жарықтың поляризациясы.
Мақсаты: Сабақты танымдық интеллектуалды ойын түрінде ұйымдастыра отырып, бағдаршам түстерін жарықтың интерференция, дифракция, дисперсия құбылыстарындағы табиғи түстерімен байланыстыру негізінде өмір көшелеріндегі бағдаршамға мұқият болуға тәрбиелеу.
1) Білімділік: Оқушылардың жарықтың интерференция, дифракция құбылыстары туралы алған теориялық, практикалық білімдерін пысықтау. Жарықтың поляризациясы туралы түсінік беру.
2) Тәрбиелік: Оқушыларды сабақ кезіңде жауапкершілікке, жоғары саналылыққа, адалдыққа бірін-бірі қадірлеуге үйрету. Сабақта халықтық-педагогика элементтерін пайдалана отырып, оқушы-ларды ұлттық салт-дәстүрлерімізді қастерлеуге тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың танымдық ойлау қабілетін арттыру. Жарық құбылыстарын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығы мен шығармашылық белсен-ділігін дамыту.
Сабақтың түрі. Танымдық интеллектуалды ойын сабағы.
Сабақтың әдісі. Баяндау, сұрақ-жауап жеке, ұжымдық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Математатика, халық ауыз әдебиеті, сурет, өмір қауіпсіздік негіздері.
Көрнекілік және 1) тірек-сызбалар, слайдтар.
техникалық 2) демонстрациялық құралдар.
құралдар: 3) интерактивті тақта, видеопроектор.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
а) «Бағдаршам» танымдық интеллектуалды ойын сабағының мақсатымен танысу.
б) Сынып оқушылары бағдаршамның жасыл, қызыл, сары түстері бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды орындайды, яғни жүргізушілік куәлікке сынақ тапсырады.
в) Сынақтан өткен оқушыларға бағалау негізінде жүргізушілік куәлік беріледі, ол да бағдаршам түстері бойынша.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
А) «Жасыл шамның» жайдарлы тапсырмалары.
1. Жарықтың табиғаты туралы теориялар.
2. Жарықтың интерференциясы дегеніміз не?
3. Жарық интерференциясы қалай байқалады, когеренттік толқындар дегеніміз не?
4. Жарықтың интерференциясын қандай әдістермен алуға болады? (жарықтын интерференциясы слайдтан көрінеді Юнг әдісі)
Жарықтың дифракциясы дегеніміз не?
Дифракциялық тор деп нені айтамыз?
Тор периоды неге тең (формуласы)
Б) «Қызыл шамның» қызықты тапсырмалары.
Жарықтың интерференциясын қалай байқауға болады. (өмірмен байланыстыру.)
Су бетіне тамған мұнай, бензин, майдағы интерференциялық көрініс.
Сабын көпіршіктеріндегі және дөңгелек сақинадағы интерференциялық көрініс.
Дифракциялық тордағы (CD дискідегі) дифракция.
«Жасыл шамның» жайдарлы тапсырмалары. Тірек сызба – 1.
Гюйгенстің толқынды Жарық теориясы Ньютонның корпускулалық
Жарықтың интерферен -циясы Когеренттік толқындар Жарықтың дифракциясы
Томас Юнг әдісі max, min шарттары Гюйгенс-Френель принципі
Френель әдістері Биайнадағы, бипризмадағы Дифракциялық тор
Ньютон сақиналары Жұқа пленка әдісі Табиғи (кемпірқосақ) түстердің көрінуі
«Сары шамның» салмақты тапсырмалары.
Деңгейлік есептер. (ҰБТ тапсырмалары бойынша)
I деңгей.
1. Ортаның сыну көрсеткіші 2-ге тең болса, осы ортадағы жарық жылдамдығы неге тең?
2. Кеңістіктің қайсыбір нүктесінде жол айырымы 2,25 мкм когерентті сәулелер түседі. Егер толқын ұзындығы қызыл (λ=750 нм), жасыл (λ=500нм) болса, осы нүктедегі интерференция нәтижесі қандай?
II деңгей.
1.Толқын көзінің тербеліс теңдеуі x=2Sin200πt. Тербелістің ортада таралу жылдамдығы 400м/с. Толқын ұзындығы неге тең?
2.Толқын ұзындығы 0,5 мкм жарықтың екінші реттік дифракциялық максимумы 30° бұрышпен байқалу үшін дифракциялық тордың 1мм-дегі штрих саны.
III деңгей
1.Периоды 0,01 мм дифракциялық тордан 3м алыс тұрған экранда алынған бірінші реттік барлық спектрдің ені қандай? (λ=0,38 мкм; λ=0,76 мкм)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
І. Жарық дисперсиясының ашылуы, Ньютон тәжірибесі.
1) Дисперсия – жарықтың призма арқылы өткенде ақ түстің спектрлерге жіктелуі.
2) Дисперсия – жарықтың сыну көрсеткішінің жарық жиілігіне (толқын ұзындығына) тәуелділігі.
3) Сыну көрсеткіштерінің жарықтың зат ішіндегі таралу жылдамдығына тәуелділігі:
nк > nж > nқ
uк < uж < uқ
4) Спектрдің түстеріне сәйкес толқын ұзындығы:
λқ = 780нм;
λк = 400нм;
5) Толықтауыш түстер, алғашқы түстер, түстердің қосылуы.
6) Ақ жарықтың заттардың бетінен шағылуы.
ІІ. Жарықтың поляризациясы.
1) Табиғи және поляризацияланған жарық.
2) Жарық поляризациясының ашылуы.
3) Турмалин кристалымен жасалған тәжірибе нәтижесі:
а) Турмалин кристалы жарықты белгілі бір жазықтықта ғана өткізеді.
б) Жарық тербелістерінің бағыты жарықтың таралу бағытына перпендикуляр, яғни жарық толқындары көлденең толқын екені дәлелденді.
в) Қарапайым жарық көзінен таралатын жарықтың әр түрлі жазықтықтардағы тер-белістері бірдей.
4) Поляроидтар.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1) Ақ жарықтың жіктелуін ретімен орналастыру. (ойын элементтері түрінде)
2) Жасыл – қызыл түстерді сырлы бояуды пайдаланып, қосу арқылы сары түсті шығарып, бағдаршам түстерін біріктіру.
3) Жұмбақтар арқылы сабақты бекіту.
Фазалары бірдей боп,
Тербеледі толқындар.
Кеңістікте бір жерде
Кездеседі және олар,
max, min, шарттары
Орындалар сәті бар.
Бұл жұмбақтың шешуін
Кәне,кім тез таба алар.
Табиғатын жарықтың
Зерттегендей жан-жақты.
Интерференция, дисперсия,
Құбылысын да дәл тапқан,
Ағылшынның ғалымы.
Жаңбырлар тамшысында шағылады,
Аспаннан түсті жарық табылады.
Табиғаттың тамаша сұлулығын
Көріп алып бар адам қайран қалды.
Жолаушыға әуелі «тұр» – деп белгі береді
Сәл кідіріп қайтадан
«Жүруге» рұқсат береді
Табиғатта екеуі,
Қосылып қай түс береді.
V. Сабақты қорытындылау.
«Бағдаршамды» білу, жолда жүру ережесін білу яғни өмір қауіпсіздігін сақтау. Болашақта автокөлік жүргізу үшін қандай сынақтардан өту керек екенін бүгінгі сабақтан біліп үйрендік. Бағдаршамның үш шамының тапсырмалары арқылы жарық табиғатының қасиеттерін толық меңгердік деуге болады. Сондықтан бүгінгі алған бағаларыңыз негізінде жүргізуші куәлігі тапсырылады.
Өмір көшелеріндегі бағдаршамға сақ болыңыздар!
VІ. Бағалау.
Бағдаршамның қызыл, сары, жасыл түстері бойынша бағаланады.
«5» – сары түс.
«4» – қызыл түс.
«3» – жасыл түс.
VII. Үйге тапсырма.
1. § 4.6; § 4.7; оқулықтан 123-128беттер.
2. № 4.2-15; №4.2-27; № 4.2-35; есептер. Есептер жинағы 11 сынып.
Категория: Физика | Добавил: Айдана6452 (2013-11-20) | Автор: Жарықтың депресиясы
Просмотров: 3414 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-26, 3:53 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru