Главная » Статьи » В помощь учителю » Физика |
Тыныштыкулова Мүслихан Жұмақызы- физика пәні мұғалімі Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясы Мұғалжар ауданы Ақтөбе облысы Сабақтың тақырыбы:Электродинамика негіздері» бөлімінің «Электростатика» тарауы бойынша тірек білімдерді бекітуге арналған арнайы конструкторлық бюроның жұмысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік:Әрбір оушының және бүкіл сыныптың оқу материалвн меңгеру деңгейін анықтау,білімдерін тексеру және тиянақтау. Дамытушылық:Дәстүрлі емес сабақ түрінде оқушылардың белсенділігін арттырып ,өзіне-өзі баға беруге,өз жетістіктерін сезініп,әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету,іскерліктерін ,білім сапасын арттыру. Тәрбиелік:Еңбекке баулу,ғылымға қызығушылығын арттыру ,өз бетмен ізденуге даідыландыру. Сабақтың типі: Бекіту сабағы(дәстүрлі емес ) Сабақтың оқу әдістері: Шығармашалықпен зерттеу ,оқыту,технологиялардың түрлері,тез ойлануға уйрету,келелі мәселелер қоя білуге уйрету әддістері. Сабақтың көрнекілігі :Электроскоп,шыны эбонит таяқшалар,сұлтандар,штатив,әртүрлі тәжірибе құралдары,плакаттар,кодоскоп. Сабақтың барысы: Класс 5 топқа бөлінеді. І –топ: «Анықтама бюросы»,ол бастапқы қажетті берілгендері айтып отырады. Мысалы: 1.заряд дегенімз не? 2.Электростатикалық өзара әсер дегенді қалай түсінуге болады? 3.Электр өрісі дегеніміз не? Оған сан жағынан сипаттамасын беретін жаңа ұғым потенциал дегеніміз не? Бұл топ осы мақсатта оқушылар түрлі анықтамалармен,энциклопедиялармен тағы басқа әдебиеттермен жұмыс істейді. ІІ-топ «Ойлы орталық» Бұл топ жоғарда туындаған сұрақтар бойынша гипотезалар мен ғылыми ойлар,заңдылықтар ұсынады. ІІІ- топ Экспериментаторлар. Бұлар қарастырылып отырған физикалық құбылыстың негізіне алынған конструкцияларды демонстрациялайды. ІҮ-топ Тарихшылар. Бұл топтағы оқушылар «электр заряды-электрон-янтарь»-дың қалай пайда болу тарихын баяндаса,Кулон заңы,Иоффе-Милликен тәжірибелерінің маңызы мен Фарадейдің жақыннан әсер ету теориясына батыл бетбұрыс жасағандықтан тарихи тұрғыда түсіндіреді. Ү топ Бақылаушылар Бұл топ анықтама,заңдылық,теорияны тұжырымдап бекітіп отырады. І-топ «Анықтама бюросы» -Нүктелік заряд дегеніміз не? Соған анықтама бере кетейік. Нүктелік заряд дегеніміз-электрленген материалдық нүкте. Ең алдымен берілген дененің немесе бөлшектің электр заряды бар деген тұжырымның өзін қалай түсінуге болатынын анықтап көрейік. 2.Электростатикалық өзара әсерді сан жағынан сипаттайтын заңдарға анықтама берейік. Тыныштықтағы екі нүктелік зарядталған денелердің немесе бөлшектердің өзара әсерлесу заңы электростатикалық гнегізгі заңы. k-пропорционалдық коэффициенті k=9.109 Н м2/кл2 е=1,6.10-19 кл2/Н м2 k=1/4ПЕ0 Е0=8,85.10-12 кл 2 /Н м2 Ғ күші кулон күші немесе электр күші 1кл=1А.1с 3.Олардың әсерлесуі электр өрісінің әсерінен жүзеге асады. электр өрісі дегеніміз не ? (жауап береді) 4.Ао өрістің сан жағынан сипаттамасын беретін потенциалға анықтама берейік. (оқушылардың жауабы) 5. егер денелерді зарядтасақ немесе электр өрісінде орналастырсақ не болар еді?Бұл сұраққа жауап беру үшін ең дұрыс өткізгішті қарастыру. Бұл жерде оқушылар еркін зарядтар туралы және өткізгіш емес денелер электростатикалық өріске қандай ықпалын тигізеді? Деген сұраққа оқушылар жауап нақты таба білу керек. ІІ- топ «Ойлы орталық» . зарядталған бөлшектердің арасындағы өзара әсерлесу электромагниттік әсерлесу деп аталады. Гравитациялық өзара әсерлесудің интенсивтілігін анықтайтын масса сияқты,электр заряды-электромагниттік өзара әсерлесудің интенсивтілігін анықтайды. 2. Ол заң былай айтылады: қозғалмайтын зарядталған екі нүктелік дененің вакуумдағы өзара әсерлесу күші олардың зарядтарының модульдерінің көбейтіндісіне тура пропорционал және ара қашақтықтың квадратына кері пропорционал. 3.Электр өрісі-кернеулік сызықтармен (күш сызықтарымен) бейнелейді. Кернеулік сызықтарды-қисық сызық ,тұйықталмаған сызық (кодоскоп арқылы көрсету 40,41,42,43,44 сурет). Потенциалға есептер ұсынып шығарады. №7 есеп. Радиусы 10 м. шар берілген. Сол шардың бетінен 1=5м қашықтықтағы электр өрісінің потенциал f1 = 10 В. Шардың потенциалын табу керек. (жауабы:510 В) №8 есеп.Бірдей екі оң заряд берілген q 1=q1=q+2 kл.Олардың бірінен-бірі R=25 м қашақтықта орналасқан.Оларды R 2=25 м қашақтыққа дейін жақындату үшін қандай жұмыс атқару керек? (жауабы: 0,08 Дж). №6 есеп. Жер бетіндегі кернеулік Е=130 В/м. Жердің толық заряды неге тең? ІІІ топ Экспериментаторлар 1.Эбонит таяқшаныжүн матаға үйкесек,онда ұсақ заттарды өзіне тарту қасиеті пайда болады.Ал шыны таяқша алып,оны жібеккке үйкесек,ол ла сондай қасиетке ие болады екен.Егер де электрленген эбонит таяқшаны бір жіпке іліп қойып,оған алдын-ала электрленген эбонит таяқша жақындатсақ,олардың бірін-бірі тебетінін,ал шыны таяқша жақындатқанда бірін-бірі тартатынын байқар едік. Эбонит,шыны таяқшалардың бұлайша әрекет жасасуы олардағыэлектр зарядтарының әр түрлігінен деп түсіну керек. 1.Кулон тәжірибесі (плакаттан түсіндіріледі) 3. Гильза жапырақшаларының тебілуі,тартылуы арқылы электр өрісін көрсету (сұлтандармен жасалатын тәжірибе). 4.Шыныдағы фольга. Темірддегі фольганы өрістің әсерінен яғни үйкелген,электрленген таяқшаны жақындатқан кезде қандай көрінісберетінін. 5. Электроскоп арқылы зарядтың бар екендігін,оның металл өткізгіш арқылы екінші бір өткізгішке берілетінін. 6. Банкадағы алюминий гильза жапырақшаларының тебілетіні. 7.Аққан судың зарядталған таяқшаға тартылатынын. 8. Металл моншақтың қозғалуы. 9. Үлпек мақтаның ауадағы қозғалысын көрсету. 10. Стаканның айналуы. ІҮ топ «Тарихшылар» 1.Біздің заманымыздан 2500 жыл бұрын-ақ янтарьды жүнге үйкегенде,янтарьдың басқа заттарды өзіне тарту қасиеті артатындығы байқалған.ХҮІ ғасырда ағылшын дәрігері Гильберт шыны,шайыр,күкірт,т.б.заттардың бойында үйкелістің нәтижесінде «бір нәрсе»,жаңа қасиет-басқа заттарды өзіне тарту қасиеті пайда болады деген. Осы «бір нәрсе » электр немесе электр заряды деп аталады.Электр деген сөз гректің «электрон»-янтарь деген сөзінен шыққан.Зарядтардың түрлерін ажырату үшін Франклин 1747 жылы электр зарядтарының екі түрі болатындығын туралы пікір қозғады.Ол шыны таяқшаны жібекпен үйкегенде пайда болатын электр зарядын оң заряд деп,ал эбонит таяқшаны жүн мақтаға үйкегенде пайда болатын зарядты теріс деп атауға ұсынды. 2.ХҮІІІ ғасырдың ортасында зарядтардың өзара әсерлесу заңы бүкіләлемдік тартылыс заңына ұқсас деген пікірлер айтыла басталды.Осы пікірдің дұрыстылығын 1785 жылы француз ғалымы Кулон дәлелдеді. Ол өте сезімтал айналмалы таразы алып,сол арқылы екі зарядтың қалай әсерлесетінін анықтады (плакаттағы суретті қолданады). 3.электр өрісін күш сызықтары арқылы кескіндеуді ойлап тапқан Фарадей ағылшын ғалымы.Ол жақыннан әсер ету жөніндегі пікірлерге бетбұрыс адам. 4. электр зарядын өлшеуге байланысты тәжірибені 1906-1916 жылдары американ физигі Р.милликен және оған тәуелсіз біздің елдің ғалымы А.Иоффе жоғары дәлдікпен жүзеге асырды.бұл жерде плакаттан Иоффе-милликен тәжірибесі түсіндіріледі. Ү-топ «Бақылаушылар» 1.Зарядталған элементар бөлшектердің бәріне де элекментар заряд деп аталатын минимал шамадағы заряд бар.Элементар бөлшектер зарядтарың тек таңба жөнінен айырмашылығ бар.Зарядтың біраз бөлігін,мысалы,электронның зарядын бөліп алу мүмкін емес.Электр зарядтары туралы барлық мәліметтер тәжірибелерден алынады. 2. Кулон заңынын ашылуы-электр зарядының қасиеттерін зерттеу жолындағы алғашқы нақтылы қадам болды. Элементарбөлшектерде немесе денелерде электр зарядтарының бар болуы олардың бір-бірімен Кулон заңы бойынша өзара әсерлесетінін көрсетеді. 3.Бірінен-бірі алшақ тұрған екі заряд Кулон заңы бойынша әсерлеседіделік. Бір зарядтыі екінші зарядпен әсерлесуі қалай,ненің көмегімен жүрелі деген заңды сұрақ туады. 4.Сонымен электр өрісі-біздің ол туралы түсінігімізге тәуелсіз өмір сүретін материяның ерекше бір түрі екен.Электр өрісінің басты қасиеті-оның электр зарядтарына белгілі бір күшпен әсер ететіндігінде. Электр өрісінің бар екендігінің дәлелі-электромагниттік өзара ісерлесудің шекті жылдамдықпен таралуы. 5.Заряд орын ауыстырған кезде біртекті электрлік өрісте жұмыс істеледі.Денелердің өзара әсерлесуі нәтижесінде потенциалдық энергия болады. ҮІІ.Бекіту бөлімі. Кроссворд шешу. 1.Джоуль Д 2.Инертті И 3.электрлік диполь Э 4.полярлы Л 5.нейтрон Е 6.Кулон К 7.электростатика Т 8.эектрон Р 9.Иоффе И 10.Кю К Ребус шешу Алма ай кілт Ф ара добмыра ине қайшы (Майкл Фарайдер) Электромагниттік құбылыстардың бәрін бір ортақ тұрғыдан қарастырып,олар жөніндегі жалпы ілімнің негізін қалаған ұлы ағылшын ғалымы. | |
Просмотров: 4674 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|