Главная » Статьи » В помощь учителю » Физика |
Пәні: физика Сынып: 7 Сабақтың тақырыбы: Қуат Сабақтың мақсаты: оқушыларға қуат ұғымын түсіндіру Сабақтың міндеттері: Білімділік: оқушыларға қуат тақырыбы туралы түсінік беріп, олардың физика пәнін оқуға ынталандыру; Дамытушылық: оқушылардың санасында уат туралы ұғымды кеңірек қалыптастырып, ой-өрісін дамыту Тәрбиелік: аталған тақырыпқа байланысты кез келген тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, кеспе қағаздар Сабақтың эксперименттік көрсетілімі: машина қозғалтқыштарының орташа қуаты көрсетілген кеспе, жүкті көтеру кезіндегі қуатты анықтау Сабақтың түрі: аралас Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру 2. Үй жұмысын тексеру 3. Жаңа сабақты баяндау 4. Сабақты бекіту 5. Есептер шығару 6. Сабақты қорытындылау 7. Үйге тапсырма беру 1. Ұйымдастыру: оқушыларды сабаққа дайындығын тексеру 2. Үй тапсырмасын тексеру Тақырыпты жеке-жеке сұрау, сұрақтар қою 3. Жаңа сабақты баяндау Белгілі бір жұмысты орындап шығу үшін әр түрлі қозғалтқыштар әр түрлі уақыт жұмсайды. Мысалы, нақты бір жұмысты жұмысшыдан гөрі көтергіш кран тезірек орындаса, сол жұмысты трактор аттан гөрі жылдамырақ атқарады. Бұдан жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын физикалық ұғымды енгізу қажеттігі туындайды. Жұмыстың орындалу теңдігін сипаттайтын шаманы қуат деп атайды. Қуатты табу үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек. қуат = жұмыс , уақыт немесе N=A/t мұндағы N — қуат, А — жұмыс, t — уақыт. СИ жүйесінде қуат бірлігі ватт (1 Вт) болып саналады. 1 Вт – бұл 1 сек.-та 1 Дж жұмыс істелінетін қуат: 1 Вт =1 Дж/с. Бұл бірлік алғашқы бу машинасын құрастырған ағылшын өнертапқышы Дж. Ватт (Уатт) (1736—1819) құрметіне осылай аталған. Уаттың өзі бу машинасы мен аттың күшін салыстыру мақсатымен енгізген қуаттың басқа бірлігін – ат күшін (1 а.к.) пайдаланған: 1 а. к. = 735,5 Вт. Техникада қуаттың тым ірі бірлігі – киловатт пен мегаватт қолданылады: 1 кВт =1000 Вт, 1 МВт =1000 000 Вт. Қуат кез келген қозғалтқыштың сипаттамасы болып саналады. Әр түрлі қозғалтқыштың қуаты киловаттың жүздеген және ондаған бөлігінен (электр ұстарасының, тігін машинасының қозғалтқыштары) миллиондаған киловаттқа (ғарыштық кемелердің ракета-тасығыштарының қозғалтқыштары) дейін барады. Жүректің өндіретін орташа қуаты 2,2 Вт-қа тең. Ал адам орнынан секіру немесе ауырлықты көтеру кезінде қуатты мың есе артық дамыта алады. Қуатты біле отырып, жұмысты есептеуге болады. (19.1) формуладан мынаны аламыз: A = Nt. (19.2) Жұмысты табу үшін қуатты жұмыс істелінген уақытқа көбейту керек. 4. Сабақты бекіту. 1. Қуат дегеніміз не? 2. Қуатты қалай есептеуге болады? 3. Қуаттың SI жүйесіндегі өлшем бірлігі қандай? 5. Есептер шығару №1. Биіктігі 10 м сарқырамадан 2 минутта 50 м3 су құлап ағады. Су ағынының қуаты қандай? Берілгені: Талдау: Шешуі: h = 10 N=A/t m=1000*50=50000 кг t = 2 мин A=Fh F=50000*9,8=490000 Н V = 50 м3 F=mg A=490000*10=490000 Дж ρ =1000 кг/м3 m=ρV N=490000 Дж/120 с=41 кВт Табу керек: N Жауабы: N=41 кВт 6. Сабақты қорытындылау: оқушыларды бағалау 7. Үйге: §64 оқу | |
Просмотров: 4461 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|