Главная » Статьи » В помощь учителю » Физика |
Сыныбы: 7 сынып Шығармашылық сабактың такырыбы: Манометрлер Сабактын мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығынарттыру, ғылым дамуындағы адамның тұрмыс қажеттілігі мен өмір жалғастығының арасындағы сабақтастықты көрсету. Оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдістері: Түсіндірмелі, сүрақ-жауап, OPEN SPACE Ойын элементтерін қолдану Пән аралық байланыс: биология, валиология, тарих, дүние тану Оқу формасы: Ұжымдық Көрнекілігі: Электрондық оқулық, сызбалар,манометр, сфигмоманометр Өткізілетін орыны: физика кабинеті Барысы : І.Ұйымдастыру кезеңі: Әдеттегідей оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріп, жаңа күн сабағына Оқушылардың назарын аудару ІІ. Үй тапсырмасы А) «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» Ойын сұрақтары: 1.Барометр қандай құрал және не үшін қолданады? 2.Атмосфера қабаттарын ата 3.Қалыпты атмосфералық қысым дегеніміз не? 4.Альтиметор қандай құрал? 5.Атмосфералық қысым Б) Ұлылардан ұлағатты сөз қалар, Бойға жисаң көкіректе шам жанар! (Ізденіс жұмыстарын тыңдау, бағалау) ІІІ. Жаңа тақырып: Табиғат пен техникада қысымы атмосфералық қысымнан жоғары немесе төмен болатын процестер жиі байқалады. Көп жағдайда ондай процестердегі қысымды бақылап отыру қажет. Осындай жағдайларда манометрлер деп аталатын аспаптар пайдаланылады. Манометр -қысым айырымын өлшеу үшін қолайлы аспап. Қарапайым сұйықтық манометр латын әрпі U пішінді түтіктен тұрады. Түтікке қандайда бір сұйық, мысалы, аз қысымын айырымын өлшеу үшін май сияқты тығыздығы аздау, ал үлкен қысым айырымын өлшеу үшін сынап сияқты тығызырақ сұйық құйылады. Түтіктің бір тармағы ашық қалдырып, екінші тармағы резеңке түтікшемен жалғасады. Түтікке құйылған сұйық оның екі тармағында да бір деңгейде болады, себебі ыдыс тармақтарындағы сұйық бетіне тек атмосфералық қысым ғана әсер ете алады. Техникада көбінесе сұйықтықтың , газдың немесе будың қысымын өлшеу үшін металл манометор қолданылады, кейде оны Бурдон манометрі деп атайды. Оның жұмыс істеу принципі үрлеген кезде түзеулене түсетін сыбызғы тәрізді ойыншыққа ұқсайды . Металл манометрдың негізгі бөлігі доға тәрізді иілген металл түтікше. Адамның қан айналым жүйесіндегі қысым арнайы құрал сфигмоманометрмен немесе сфигмотанометрмен өлшенеді. «Сфигмос» -грек сөзі –«жүрек соғуы» деген мағына . Жүрек жұмысы және қан қысымының салатамырдағы және көк тамырдағы айырымы қан айналымының негізгі себебінің бірі. Ал қан қысымы оны өзгеріске ұшырататын ауруларды танып білуге себептеседі. Дені сау адамның қанының жоғарғы қысымы 110-120 мм.сын. бағ., төменгісі 70-80 мм. сын. бағ. шамасында болады. ІY. Сабақты бекіту: А) «Қысым» сөзіне арналған сөз жұмбақ шешу Б) Жедел көмек (Оқушылардың сфигмоманометрмен ,GLX-пен жұмыс жүргізуі) YІ. Бағалау: Оқушыларды бағалау YІІ. Рефлекция: 1 .Бүгінгі сабақ ұнадыма? 2.Сабақ несімен ұнады? 3.Ең мықты сынып қайда? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. § 53-ты оқып келу 2.Қосымша дәптерге Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап жазу | |
Просмотров: 1402 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|