Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Физика

Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Сабақтың тақырыбы: Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: оқушыларға қозғалыстың түрлерін және туралы ғылыми түрде түсіндіру.
2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, электронды оқулық, арбаша, тамызғыш, Видеофильм «Қозғалыс»
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру.
ІІ. ДК. Жаңа сабаққа дайындық.
1. Механикалық қозғалыс. Мысал келтір.
2. Қозғалыс туралы не білесің?
3. Қозғалыс, жол, троектория, қозғалыс түрлері, уақыт.
ІІІ. ДК. Жаңа сабақты түсіндіру. Электрондық оқулық арқылы түсіндіру.
1. Қозғалыс жылдамдығы. Орын ауыстыру
2. Бір қалыпты қозғалыс. Уақыт. Жылдамдықтың өлшем бірлігі.
Жылдамдық
Тәжірибе жасалық. Арбаға тамызғышты орнаталық (11-сурет). Тамызғыштан бірдей уақыт аралығында боялған сұйықтың тамшысы тамады. Егерде арбаға (11-суретте көрсетілгендей) жүкті жалғастырсақ, онда (арба қозғалған кезде) қағазда тамшының қалдырған іздерінің ара қашықтығы тең бола алады екен. Бұл арба бірдей уақыт аралығында тең жол жүріп өтетіндігін білдіреді. Тамызғыштың кранын тамшы жиі таматындай етіп бұрып, тәжірибені қайталап жасалық. Тамшы іздері бұл жағдайда да бірінші тәжірибеге қарағанда жақын болғанымен бір бірінен бірдей қашықтықта болады екен. Бұл бірдей уақыт аралығында арба бірдей жол жүріп өтетіндігін білдіреды.
Егерде әлдебір дене кез келген тең уақыт аралығында бірдей жол жүріп өтетін болса, онда оның қозғалысын бір қалыпты қозғалыс деп атайды. Қозғалыстың шапшаңдығын жылдамдық деп аталатын физикалық шама сипаттайды. Ұшақтың автомобильден шапшаңырақ қозғалатыны, ал жасанды Жер серігі ұшақтан шапшаңырақ қозғалатындығы белгілі.
Бірқалыпты қозғалыс кезіндегі дене жылдамдығы уақыт бірлігі ішінде қандай жол жүріп өтетіндігін көрсетеді. Мысалы, егер жаяу адам әрбір сағатта 3 км жүрсе, ал ұшақ 900 км-ге ұшатын болса, онда жаяу адамның жылдамдығы 3 км/сағ., ал ұшақтың жылдамдығы 900 км/сағ. деп айтады. Егерде сол жаяу адамның әрбір екі сағатта 6 км жол жүріп өтетіндігі белгілі болса, онда ол 1 сағатта қандай жол жүріп өтетіндігін білу үшін 6 км-ді 2 сағатқа бөлу керек. Сол кезде біз тағы да 3 км/сағ.-ты аламыз. Сонымен, бірқалыпты қозғалыс кезіндегі дене жылдамдығын анықтау үшін дененің жүріп өткен жолын қозғалыс уақытына бөлу керек. Осы өрнекке кіретін барлық шамаларды латын әрпімен белгілейік: s-жол, υ-жылдамдық, t-уақыт. Сонда жылдамдықты табуға арналған формуланы мына түрде ұсынуға болады: СИ жүйесінде жылдамдық бірлігіне 1 сек.-та 1 м-ге тең жол жүріп өтетін дененің бірқалыпты қозғалыстағы жылдамдығы алынады. Бұл бірлікті былайша белгілейді: 1 м/с немесе 1 м/сек (“метр секунд” деп оқылады). Практикада басқа да жылдамдық бірлігі жиірек қолданады: 1 км/сағ. Әр түрлі жылдамдық бірліктерінің арасындағы байланысты табалық: 1 км = 1000 м, ал 1 сағ = 60 мин = 3600 с болғандықтан біз былайша жаза аламыз: Мысал қарастырайық. 720 км/сағ-қа тең ұшақ жылдамдығын метр секундпен өрнектеу талап етілсін делік. Ол үшін километрді метрге, ал сағатты секундқа аудара отырып мына өрнекті аламыз:Бірқалыпты қозғалыс кезінде жылдамдықтың сандық мәні өзгермейді. Егерде дененің жылдамдығы 60 км/сағ-қа тең болса, онда қозғалыстың барлық уақытында бұл мән осы күйінде өзгеріссіз қалады. Бірақ, жылдамдықтың өзінің сандық мәнінен басқа және оның өз бағыты болады. Сондықтан суретте дененің жылдамдығын жебелік түрінде кескіндейді (12-сурет). Жебелік жылдамдықтың бағытын нұсқайды (олай болса, дене қозғалысының бағытын көрсетеді). Кеңістікте бағыты бар шамаларды векторлық шамалар немесе жай ғана векторлар деп атайды. Жылдамдық — векторлық шама. Кейінірек күштің де векторлық шама болып саналатынын көреміз. Екінші жағынан масса, жол, көлем сияқты шамалар векторлық шамалар болып саналмайды: олардың кеңістікте бағыттары жоқ және олар тек сандық мәндермен ғана сипатталады.
2-кестеде табиғатта кездесетін кейбір жылдамдықтардың мәндері келтірілген.
Қозғалыс жылдамдықтары , м/с
Ұлу 0,0014 Ауадағы дыбыс (0°С кезінде ) 331
Шыбын 5 Жер айналасындағы Ай 1000
Қараторғай 20 Күн айналасындағы Жер 30 000
Түйеқұс 22 Жарық пен радиотолқындар 300000000
2-кестеде көрсетілген қозғалыстардың барлығы бірқалыпты қозғалыс болып саналмайды. Тек дыбыс, жарық пен радиотолқын белгілі бір жағдайларда ғана тұрақты жылдамдықпен тарайды. Қалған денелердің жылдамдықтары қозғалыс процесінде өзгеріп отырады. Сондықтан олар үшін орташа немесе осы денелер жете алатын ең үлкен мәндер көрсетілген.
Тракторияның әр түрлі бөліктерінде дененің жылдамдығы әр түрлі болатын қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды. Бірқалыпты емес қозғалысты орташа жылдамдық сипаттайды. Бірқалыпты емес қозғалыстың орташа жылдамдығын бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығын қалай тапса, дәл солай табады, яғни дененің жүріп өткен жолын қозғалыс уақытына бөледі:
Осы кезде алынған мән тракторияның жеке бөліктеріндегі дене қозғалысының жылдамдықтарымен сәйкес келмеуі мүмкін. Дененің бірқалыпты емес қозғалысы кезінде бір бөлікте жылдамдық кіші, ал екінші бөлікте үлкен болып келеді. Мысалы, станциядан шыққан пойыз бірте бірте жылдам қозғала бастайды. Станцияға жақындағанда керісінше өз қозғалысын баяулатады. Тек бірқалыпты қозғалыс кезінде ғана дене жылдамдығы тракторияның барлық ұзына бойына өзгеріссіз сандық мәнге ие болады. Бірқалыпты қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен уақытын біле отырып, дененің жүріп өткен жолын есептеуге болады. (6.1) формуладан мына өрнек алынады: s = vt.
Сонымен, бірқалыпты қозғалыс кезіндегі жүрілген жолды табу үшін дененің жылдамдығын қозғалыс уақытына көбейту керек. Егерде жүрілген жол мен жылдамдық белгілі болса, онда қозғалыс уақытын табуға болады. (6.2) формуладан мына өрнекті аламыз: Сонымен, қозғалыс уақытын табу үшін дененің жүріп өткен жолын оның жылдамдығына бөлу керек.
ІV. ДК. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру.
1. Жылдамдық қандай шама?
2. Өлшем бірлігі.
V. ДК. Жаңа сабақты бекіту.
А) Жылдамдық қандай шамаларға байланысты?
Сұрау: Мысалы.
1. Самалеттің;
2. машинаның;
3. Жеңіл велосипедтің.

VI. ДК. Үй тапсырмасын тексеру. Өзін -өзі тексеру сұрақтарын ауызша сұрау.
1. Бір қалыпты қозғалысқа анықтама.
2. Бір қалыпты емес қозғалысқа анықтама.
3. Қозғалыс троекториясы деген не?
4. Материялық нүкте.
VII.ДК. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру.
А) Есеп шығару.
Берілгені: Шешуі:
S=180 км
t=2,5 сағ
Т/к  -?
7-жаттығу №2 есебін тақтаға шығару.
Велосипедші бірқалыпты қозғалып 30 мин ішінде 9 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м/с пен есептеп тап.
Дидактикалық материалдан есептер.
1. Реактивті ұшақ 20 секундта 8 км қашықтыққа ұшады, ал дыбыс 4 секундта 1320 м қашықтыққа таралады. Осы екуінің жылдамдығын салыстыр.
2. Жаяу адам 20 секундта 30 м, келесі 40 секундта 58 м, сонан соң тағыда 30 секундта 45 м жол жүрді. Адаманың осы жолдағы орташа жылдамдығы қандай?
3. Видеофильм. «Қозғалыс». Осы фильм туралы оқушылардың ойларын тыңдау.

VIІI.ДК.Үйге тапсырма. § 25. 7-жаттығу №3 есепбі. Өзін -өзі тексеру сұрақтары.
Категория: Физика | Добавил: Алтын6411 (2014-11-20) | Автор: Садыкова Алтын Оразбаевна E
Просмотров: 3935 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 4:52 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru