Главная » Статьи » В помощь учителю » Физика |
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жәнтікей ауылы «Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп» КММ Физика пәнінің мұғалімі: Сағдат Архат Сағдатұлы Сыныбы: 10 Сабақ тақырыбы: Кинематика тарауын қайталау Жалпы мақсат: Кинематика тарауының негізгі ұғымдарын қайталау,қозғалыс түрлерін ажырата білу,қасиеттерін түсіну,ұқсастығы мен айырмашылығын ұғыну,икем-дағыларын қалыптастыру. Сілтеме: Электронды оқулық, 10-сынып оқулығы,дидактикалық материал, интернет көздерінен алған бейнематериал Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Кинематика тарауының негізгі ұғымдарын қайталайды, қозғалыс түрлерін ажырата біледі,қасиеттерін түсінеді, ұқсастығы мен айырмашылығын ұғынады,икем-дағылары қалыптасады. Негізгі идеялар: Оқушылардың логикалық ойлау дәрежесін арттыру Сабақта қолданылатын материалдар мен құрал-жабдықтар Оқулық, АКТ,электронды оқулық,дидактикалық материалдар, штатив,суы бар ыдыс,баллистикалық пистолет,бағалау парағы. Оқыту әдістері: Топтық жұмыс, топтастыру, Венн диаграммасы,ассосация әдісі,диалогтік оқыту, деңгейлік тапсырмалар, тест,практикалық тапсырмалар. Дерек көздері: Оқулықтағы және дидактикалық материалдағы тақырыпқа сай берілген материалдар,электронды оқулық, ғаламтордан алынған бейнематериал. Тапсырмалар: Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу «Жүрегіңнің түбіне терең бойла!» (3 мин) Сыныпты 2 топқа бөледі.Әуен қойылады. Бейнематериал «Өмірдегі барлық жарқын істеріңе күш жігер тілеймін!» Оқушылар тармақты құрастыру арқылы топқа бөлінеді, өлеңнің әр қатарын жеке оқушы кезекпен,мәнерлеп оқып шығады ӨМІРДЕГІ БАРЛЫҚ ЖАРҚЫН ІСТЕРІҢЕ КҮШ-ЖІГЕР ТІЛЕЙМІН ! 1.Саған көмек қолын ұсынса, сонымен бірге жүрегіңе жылылығын сыйласа, ол адам шын достыққа шақырды деп ұққайсың. .Адам еш уақытта барына қанағат етпейді. Өзінде жоққа ғана ұмтылады. . Бәрі бітті деп қамықпа. Өміріңде тамаша сәттердің болғаны үшін қуанғайсың.Жоспарың нақты болған сайын, тағдырдың тартар сыйы да ауыр болатындығын есте сақтағайсың. .Болар оқиғалардың өзіндік себебі де болады. І.Қызығушылықты ояту. «Білемісің, сен мұны?» (2 мин) Проекциялық апарат арқылы интерактивті тақтада сызбалар көрсетіледі:(диалог әдісі) Сұрақ: Суретте не бейнеленген? Айырма бар ма? Осындай көрініс арқылы қандай тұжырымға келуге болады? 1.Сұрақтарға жауап береді. 2.Сыни ойлауға қалыптасады 3.Ойларын жеткізеді 4.Ойларын тұжырымдайды. ІІ.Мағынаны тану «Ой қозғау» 1-тапсырма:Постер қорғау 1-топ: Бірқалыпты,бірқалыпсыз қозғалыс тақырыбын ашу. 2-топ:Айнымалы қозғалыс пен қисық сызықты қозғалыс. Айырмашылықтары мен ұқсастығына тоқталу. Ассоцация әдісі арқылы топтастыру. 2-тапсырма:Графикалық Тапсырма: (1 және 2 цифры бойынша сұрақ таңдайды) №1 №2 3-тапсырма:Тәжірибелік тапсырма: №1 тап-ма: Ыдыстан аққан судың түсу уақытын табу. №2 тап-ма: Баллистика-лық пистолеттің оғының ұшу жылдамдығын анықтау 1.Постер дайындайды. 2.Постер қорғайды: Негізгі ұғымдар мен формулаларға тоқталады, қозғалыстар арасындағы айырмашылық пен ұқсастыққа ой жүгіртеді,ойларын жинақтайды. Сұрақтарға жауап береді. Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды. №1 График бойынша денелердің үдеуін анықтау; №2 График бойынша жылдамдығы мен қозғалыс түрін анықтау №3 Графикбойынша қозғалыс теңдеуі мен жылдамдығын анықтау. №4 Графикбойынша үдеуі мен қозғалыс түрін анықтау. №5 График бойынша уақыты мен жылдамдығын анықтау №1 сұрақ:Ыдыстан аққан судың түсу уақытын табу. №2 сұрақ:Баллистикалық пистолеттің ұшу жылдамдығын анықтау. ІІІ.Ой толғаныс 10-мин 4-тапсырма:Есеп шығару А,В,С деңгейлі тапсырма: А-деңгей-3 есеп В-деңгей-2 есеп С-деңгей-2 есеп Проекциялық апарат арқылы есептердің жауабы тексеріледі. Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Шыққан қорытындыны ортақ жауап парағына толтырады № Аты-жөні Жауабы 1 2 3 4 5 6 7 Бекіту 5-мин Тест арқылы оқушылардың білімін нақтылау.(Шаблон арқылы жауабы тексеріледі) Оқушылар тест сұрақтарының жауабын белгілейді.Тест сұрақтары 2 нұсқадан,4 жауаптан тұрады:А,В,С,Д. VI. Бағалау 2-мин Формативті бағалау. Ишара арқылы(қол шапалақ,ризалық кейіп таныту,ауызша мадақ) Топ жетекшісінің бағалауы Үйге тапсырма 1мин Бақылау жұмысына дайындық. Тараулар бойынша қайталау,есептер шығару V. Рефлексия 2мин «Тобықтай ойдың түйіні» Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазу. Оқушылар өздерінің алған әсерлері мен көңіл-күйін стикер арқылы жеткізуі. Источник: http://arhatkz | |
Просмотров: 1399 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|