Главная » Статьи » В помощь учителю » Физика |
Жаңбыр тамшысы Су- жер бетінің 70 пайыздан астамын алып жатқан ғажайып нәрсе. Оны ерекше етіп тұрған –молекулалары .Әрқайсысы оттегінің бір атомына біріккен сутегінің екі ұсақ атомынан тұрады. Олар біріге отырып, заттарға ұсақ магниттер секілді жабысады. Гидростатика мен азростатикада (гиро-су , аэро-ауа, статус (грек сөзінен алынған) –тұрақты күйдегі) су мен ауадағы құбылыстар , сұйықтар мен газдардың қасиеттері қарастырылады. Сұйықтардың ең басты қасиеттеріне сұйықтардың аққыштығы, сұйықтың ыдыстан ыдысқа оңай құйылуы , ыдыстағы сұйықтың төгілуі , сұйықтың ұдайы ағуға ұмтылатыны жатады. Оның үстіне , сұйықтар өз пішінін оңай өзгертіп, өздері құйылған ыдыстың пішінін қабылайды, ал көлемін өгертуге үлкен кедергі жасайды. Оның себебі сұйықтарда молекулалар тығыз, бір-біріне нығыздай түсу екені белгілі. Ал молекулаларды сығымдап жақындастыруға олардың өзара тебу күштері кедергі жасайды. Жалпы алғанда сұйықтарға түсірілген (әсіресе суға түсірілген) қысым оны өте аз мөлшерде сығымдай алады. Мысалы, қысымның бір килограммға артуы көлемін өте болымсыз (1/20000 үлесіндей) өзгертеді. Міне, сондықтан сұйық іс жүзінде алғанда «сығылмайтын» дене деп есептеледі. Бұған , яғни судың өте болымсыз сығылатынына ,оқушылардың көзін жеткізу үшін эксперимент ретінде мынандай оңай тәжірибе жасап көруді ұсынуға болады. Эксперимент:Шөлмекке ернеуіне дейін толтыра су құйып , аузын ағаш не резеңке тығынмен мықтап тығынау керек. Тығынның астында ауа көпіршігі қалып қоймасын.Әрі тығын судың бетіне ғана тиіп тұратындай болып орналасуы шарт. Енді тығынды балғамен ақырын соққылап ары қарай ендіруге , яғни сәл болса да сығуға тырысу керек. Сұйықтың ыдыс қабырғасымен жанаспай емін-еркін тұрған беті сұйықтың еркін беті деп аталады. Бұл бет сұйық тұрған ыдыстың ашық бетінің пішініне байланысты. Мысалы, шелекте тұрған судың еркін беті қашанда сұйықтың үстіңгі өте жұқа қабатынан тұрады да әрқашан да ауырлық күшінің бағытына перпендикуляр болады. Енді бір ерекше атап өтетін жағдай – сұйық беті әрқашан горизонталь күйін сақтауы. Оны оп-оңай дәлелдеуге болады. Стаканға су құйып, бір түзу сызық алып, оны стакандағы су бетімен дәлме-әл келетіндей етіп экранға әкеліп ұстау керек. Су деңгейінің түзу сызық бойымен толық беттескеніне көз жеткізу керек. Стаканның тіп-тік қалпын өзгертсе, су формасының да өзгергені, бірақ оның бетінің горизонтальдығы өзгермей қалғаны анық байқалады. Ақырында стаканды одан ары қисайтамыз. Су стаканның жиегінен төгіле бастайды. Бірақ судың жоғарғы деңгейі сол бұрынғы горизонталь қалпында қала береді. Сұйықтың ендігі бір атап көрсететін қасиеті- ол сұйықтардың жұққыштық қасиеті. Сұйықтардың көпшілігі жұққыш сұйықтар болып есептеледі. Оны біз күнделікті өмірімізден жиі көріп жүрміз. Мысалы, айран, қымыз, пісте майы құйылған шынылардан,ыдыстардан аталған сұйықтардың құйылғаны айқын аңғарылып тұрады. Әрине , мұндай сұйықтармен қатар жұқпайтын сұйықтар да бар (сынап жұқпайтын сұйықтың мысалы бола алады). Жаңбыр тамшысының пішіні қандай болады? Адамдар жаңбыр тамшысының пішіні көздің жасы секілді болады деп ойлайды.Олар шар секілді домалақ болады. Тамшы ішінде су молекулалары өзара байланысты электр күшінің көмегімен түрлі бағытта қозғалады. Алайда судың беткі жағында молекула тамшылары ішке бағытталады.Ішкі күш тамшыларды сфераға тартады. Ұсақ тамшаларға қарағанда ірі тамшылар жерге түскенде тез жайылып кетеді. Сендер су бетімен жүре аласыңдар ма? Тоған бетіндегі су молекулалары астындағы молекулаларды итере алмайтын болғандықтан , оларды итеру күші су бетіне шоғырланады. Осының нәтижесінде судың беткі қабатында жәндіктер жүре алатындай тығыздық пайда болады. Бұл беткі қабаттың қысымы деп аталады. | |
Просмотров: 1768 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|