Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Физика

Ньютонның екінші заңы.Масса.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы
Имантау ауылы
Канатова Багила Елсуеровна
Имантау орта мектебі , физика пәні
мұғалімі,

Күні:21.10.2015жыл. Физика және астрономия. 9 а сынып.
Сабақтың тақырыбы: Ньютонның екінші заңы. Масса.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Ньютонның екінші заңымен таныстырып, масса жайлы түсінік қалыптастыру.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жұптық жұмыс, әңгіме, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: презентация, приборлар, плакаттар, суреттер, есептер, формулалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру.
Сабақтың жоспары:

1.«Ия, жоқ»
2. «Білгір физик»
3. «Сен білесің бе?»
4. «Жүйрік болсаң, жетіп көр»
5. «Ой толғаныс»
6. «Бәрін білгім келеді

1-жоспар бойынша сабақты бастаймыз
№ Сұрақ Жауап
«ия, жоқ»
1 Күш векторлық шама
2 м/с үдеудің өлшем бірлігі
3 Исаак Ньютон грек ғалымы
4 Күш Ғ әрпімен белгіленеді
5 Ньютонның бірінші заңы инерция заңы
6 Удеу деп-бір дененің екінші денеге әсері
7 Денелер тікелей жанасқанда үйкеліс күші болады
8 Денені жерге тарту күші серпімділік күші
9 Ға=mg ауырлық күші формуласы
10 Динамика-өзара әрекеттесу заңдарын зерттейді?
2 ші «Білгірлер алаңында» өтілген сабақтар бойынша сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың барысы:
ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Оқушылар өтілген сабақ бойынша постер қорғайды. Үш топқа тапсырма беріледі олар сол берілген тапсырма бойынша өз түсінігін жазып дәлелдейді.

Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Ньютонның екінші заңымен танысамыз.V..Жаңа материалды меңгерту: Сабақтың тақырыбы: Масса.Ньютонның екінші заңы
Дененің массасы – оның инерттілігінің, яғни күштің әрекетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сандық сипаттамасы болып табылады. Денелер жүйесінің массасы оны құрайтын денелердің массаларының қосындысына тең болады, яғни m = m 1 + m2 +……+m п.Өлшем бірлігі килограмм, грамм 1кг деп алынған. Денеге бірдей күш түсірілген жағдайда денелердің алатын үдеуі олардың массаларына кері пропорционал болатындығын байқаймыз . Яғни әрқашан а ~ 1/m болады. Дененің массасы неғұрлым үлкен болса , белгілі бір күш әрекетінен ол соғұрлым аз үдеу алады. Дененің үдеуі мен оған әрекет етуші күш арасында Ғ ~ а ( m= const кезінде ) және кез келген дененің үдеуімен оның массасының арасында а ~ 1/m ( Ғ= const болғандағы ) байланыс болса , онда механиканың іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңы былайша тұжырымдалады:
Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал:
Сабақтың тақырыбы: Масса.Ньютонның екінші заңы
Дененің массасы – оның инерттілігінің, яғни күштің әрекетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сандық сипаттамасы болып табылады. Денелер жүйесінің массасы оны құрайтын денелердің массаларының қосындысына тең болады, яғни m = m 1 + m2 +……+m п.Өлшем бірлігі килограмм, грамм 1кг деп алынған. Денеге бірдей күш түсірілген жағдайда денелердің алатын үдеуі олардың массаларына кері пропорционал болатындығын байқаймыз . Яғни әрқашан а ~ 1/m болады. Дененің массасы неғұрлым үлкен болса , белгілі бір күш әрекетінен ол соғұрлым аз үдеу алады. Дененің үдеуі мен оған әрекет етуші күш арасында Ғ ~ а ( m= const кезінде ) және кез келген дененің үдеуімен оның массасының арасында а ~ 1/m ( Ғ= const болғандағы ) байланыс болса , онда механиканың іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңы былайша тұжырымдалады:
Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал:

«Жүйрік болсаң жетіп көр» мұнда өтілген сабаққа арналған есептер шығарып жұптық жұмыс жасап бірін бірі тексереді.
Ғ күшінің әсерімен массасы m-ге тең дене а үдеумен қозғалады. Кестені толтырыңдар
а 0,25м\с 2 20м\с 2 1,5м\с 2 2м\с 2 0,1м\с 2 5м\с 2
m 8кг 300кг 200г 50кг 200кг 200кг
F 2Н 6кН 0,3Н 100Н 20Н 1 кН
9 - жаттығу. №1 есеп.
Бір денеге 8Н және 6Н болатын екі күш әрекет етеді. Күштер бағыттарының арасындағы бұрыш 900. Осы екі күштің тең әрекетті күші неге тең?
Берілгені: Шешуі:
F1 = 8H F=√ F12+F22F=√36H+64H= √100H= 10H
F2 = 6H
α=900 Жауабы: 10Н
F- ?
№243.
«Арқан тарту» ойынында екі топ сайысуда. Әр топ арқанды өзіне 5000Н күшпен тартады. Арқанның керілу күші қандай?
Берілгені: Шешуі:
F= 5000H Fк=F= 5000H
Fк -? Жауабы: 5000Н.
10 жаттығу. №1 есеп.
Массасы 1500кг автокөлік 0,5м/с2 үдеумен горизонталь бағытта қозғала бастады. Қозғалысқа кедергі жасайтын күш 500Н-ға тең. Қозғалтқыштың өндіретін тарту күшін анықтаңдар?
Берілгені: Шешуі:
m = 1500кг F1=m a. F1= 1500кг × 0,5м/с2=750H
a = 0,5 м/с2 Fт=F1+F. Fт= 750Н + 500Н = 1250Н.
F= 500H Жауабы: 1250Н
Fт -?
Ой толғаныс формуланың байланысын табу

Өтілеген сабақтарға шолу жасау

V.Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
1. Денелердің инерттілік қасиетінің мәні.
2 Дененің массасы.
3. Ньютонның екінші заңы, оның формуласы.
4. SI жүйесіндегі күш бірлігі.
VІ. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§12 дайындық сұрақтарын талдау.
1. Денелердің инерттілік қасиетінің мәні неде?
2. Дененің массасы дегеніміз не?
3. Ньютонның екінші заңы қалай тұжырымдалады?
4. Әртүрлі денелердің инерттілігі бірдей ме?
5. Бірнеше күш әрекет еткенде дененің үдеуін қалай табуға болады?
VІІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Тапсырма
1. Санақ жүйесі теміржол тіркемесімен байланысқан. Ол қандай жағдайда инерциялық болады: а)пойыз станциада тұр; ә) пойыз станциядан жүріп кетті; б) пойыз станцияға жақындады; в) пойыз жолдың түзу сызықты бөлігінде бірқалыпты қозғалады.
2. Бала таудан сырғанап келеді. Мына төмендегі қайсы денелердің әрекеттері теңгеріледі: а) жер мен қардың әсері; ә) жер, қар және ауаның әсері; б) денелердің әсерлері теңгерілмейді.
10-жаттығу (1,2)
VIІI. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §12 , 10-жаттығу (3,4)
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері жайлы тілек ағашқа өз пікірлерін жазады.
Категория: Физика | Добавил: bagilakanatova (2016-02-05) | Автор: Канатова Багила Елсуеровна E
Просмотров: 2286 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 6:20 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru