Главная » Статьи » В помощь учителю » Физика |
Ежекенова Лязат Рамазановна Семей қаласы,Шаған кенті "№24ЖНББМ"КММ Сынып: 9 Физика Тақырыбы: Радиоактивтік Мақсаты: Оқушыларды радиоактивтік құбылыспен таныстыру міндеттері Білімділік: Оқушылардың радиоактивтік, сәуле шығарудың түрлеріне сипаттау, ерекшелігін анықтау біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру. Дамытушылық: Оқу материалын талдау, салыстыру, қорытынды жасай білу дағдысын дамыту. Ғылыми дүниетанымын кеңейту. Тәрбиелік: Өз ойын еркін айтуға,өз бетімен жұмыс істеу білуге,шапшаңдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі жаңа материалды игерту Сабақтың әдісі Жеке жұмыс,жұптық және топтық жұмыстар Көрнекілігі: Мультимедиялық құрылғы,видеоматериал, сәйкестік тест, тірек сызбалар Сабақ барысы: № Сабақ элементтері, сұрақтары, оқыту түрлері мен әдістері I. Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дайындығына назар аудару және сыныпты 3 топқа бөліп, топтың аты жазылған тақтайшаны орталарына апарып қою. II. Үй тапсырмасын сұрау Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру– 8 мин 3-4 оқушыдан түсініктерін сұрау және тірек конспектісін тексеру/Рентгендік сәулелер/ №40 жаттығуды дәптерлерінен қарап, тақтаға жауабы ілініп, сол арқылы оқушылар бір-бірінің жауаптарын тексереді. Оқушылар бір-бірін тексеріп,түзетіп, бағалайды. бағалау парағын толтыру III. Жаңа сабақты меңгеру – 20 мин Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады. Дәптерге жазып алу Жаңа сабақты меңгерту жоспары: 1. Қажетті мәліметтерді қайталау сұрақтары а) Атом құрылысы туралы не білесіңдер? ә) Ядроның сипаттамасы. б) α – бөлшектер туралы не білесіңдер? 2. Радиоактивтік. 3. Сәуле шығару түрлері. Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгерту тапсырмалары ұсынылады. 1.Мария және Пьер Кюрилер, Беккерель т.б. ғалымдардың осы салада істеген жұмыстарымен таныстыру. 2.Сәуле шығару түрлерінің табиғаты мен қасиеттеріне арналған кестені толтыру. Оқушылар кітаппен жұмыс мәтінді оқиды, топта талдайды, кестені толтырады. Дайын слайдпен түсіндіру Оқушылар алған білімдерін есте сақтау мақсатында осы тапсырмаларға тақырыптың ең негізгі мәліметтерінен тірек- конспектісін құрастырады. Дәптерге жазып алу IV. Сергіту сәті 2 мин. Видеоәуен. VI. Жаңа білімді бекіту- 8 мин Физикалық диктант. Оқушылар бос орынға қажетті сөздерді жазып,дербес жұмыс жасайды VII Үйге тапсырма-1 мин §52 41 жаттығу. VIII Қорытындылау. -2 мин. Рефлексия Стикерлерге өз ойларын жазып тапсырады. Бағалау.-2 мин Топты бағалауға,өзара бірін-бірі бағалауға нұсқау беру. Белсене қатысқан топ және топ мүшелерін мадақтау. бағалау парағын толтыру Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі Радиоактивтiктiң — атом ядросының күрделi құрлысын дәлелдейтiн құбылыстың ашылуы сәттi кездейсоқтықтың жемiсi болды. Өздігінен сәуле шығаратын химиялық элементті радиоактивті деп, ал сәуле шығару процесін радиоактивтік деп атауды М. Кюри ұсынған еді. Радиоактивтік латынның "radio" — сәуле шығару, "activus" — әрекетті деген сөздерінен алынған. 1896 ж. А.Беккерель уран тұздарының люминесценциясын зерттеу барысында уран тұздары қағаз, ағаш, жұқа металл пластиналары арқылы өтетін белігісіз сәуле шығаратынын байқады. 1898 ж. М. Складовская және П. Кюри уран рудаларын зерттеп, полоний, радийді тапты. 1898 ж. Э.Резерфорд радиоактивті элементтердің шығаратын сәулесін магнит өрісінде әсерінен , оның екі түрге: альфа, бета сәулелеріне бөлінетінін ашты 1900ж. П.Виклард гамма сәулесін ашты. 1- кесте.Сәле шығару түрлеріне сипаттама. құрамы α- сәуле, β –сәуле ,γ – сәуле Физикалық табиғаты: гелий атомының ядросы ,өте шапшаң қозғалатын бөлшектер (электрондар), электромагниттік сәулелену қасиеттері, q: оң теріс заряды жоқ m: 6,64*〖10〗^(-27), 9,1*〖10〗^(-31), m_(о^ ) 〖=0〗_(^ ) υ : өтімділігі төмен, өте шапшаң, с Қалың қағазда жұтылады; жоғары.Қалыңдығы 1 мм мыс қабатынан өте алмайды; өте жоғары,Қалыңдығы 1см қорғасын пластинка кедергі бола алмайды Магнит өрісіндегі әрекеті: ауытқиды, ауытқиды, ауытқымайды Радиоактивті элементтердің сәуле шығару себебі – атом ядросы ыдырауы . Физикалық диктант 1. Кейбір ядролардың өз бетімен бір немесе бірнеше бөлшек шығарып түрленуі р...............к деп аталады. 2. Радиоактивтік құбылысын 1896 жылы француз ғалымы А. Б................ь ашқан. 3. Сәуле шығару процесін радиоактивтік деп атауды М. К.....и ұсынған. 4. β –сәуле өте шапшаң қозғалатын бөлшектер э.............р ағыны. 5. γ – сәулелену дегеніміз э..............к т.....р. 6. α-, β–, γ – сәулеленулердің г.....а сәулеленуі магнит өрістерінде ауытқымайды. 7. Альфа бөлшектің құрамы е...і п...н және е..і н...н тұрады. 8. . α-, β–, γ – сәулеленулердің ішінде а...а с..ң өтімділігі төмен. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут Топ мүшелері: Топ аты: Үй тапсырмасы: 1тапсырма 2тапсырмае диктант | |
Просмотров: 1378 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|