Главная » Статьи » В помощь учителю » Физика |
"Шаған кенті №24 ЖНББМ" КММ Ежекенова Л.Р. Физика-9 Тақырыбы: Фотоэффект құбылысы. Эйнштейн формуласы. Фотоэффект құбылысын техникада пайдалану. Мақсаты: Оқушыларды фотоэффект құбылысы туралы негізгі түсініктермен таныстыру. міндеттері: Білімділік: Оқушылардың фотоэффект құбылысы, Эйнштейн формуласы, фотоэффект құбылысын техникада пайдаланатын орындар туралы білімдері мен білігін қалыптастыру. Дамытушылық: Оқушылардың оқу материалын игерудегі іскерлік пен дағдысын дамыту. Ғылыми дүниетанымын кеңейту. Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, алған білімдерін қолдана алуға тәрбиелеу Сабақтың түрі жаңа материалды игерту Сабақтың әдісі:топтау, деңгейлеу Көрнекілігі: Мультимедиялық құрылғы,видеоматериал, үлестірме қағаздар, тірек сызбалар Сабақ барысы: № Сабақ элементтері, сұрақтары, оқыту тұрлері мен әдістері I Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дайындығына назар аудару және сыныпты топтастыру. Бағалау критериімен және бағалау парағымен таныстыру. II Үй тапсырмасын сұрау, өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру– 8 мин 3-4 оқушыдан түсініктерін сұрау. 1. Өткен сабақта қандай тақырыпты қарастырдық? 2. Қандай ұғымдармен таныстық? 3. Планк гипотезасы қалай оқылады? 4.Квант дегеніміз не? 5. Планк тұрақтысы қаншаға тең? Оқушылардың белсенділігін анықтау. Топтар бір-бірін тексеріп,түзетіп, бағалайды. бағалау парағын толтыру III Жаңа сабақты меңгеру – 20 мин Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады. Дәптерге жазып алу Жаңа сабақты меңгерту жоспары: Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгерту тапсырмалары ұсынылады. «Мәтінмен жұмыс» 1. Фотоэффект құбылысының ашылуы және алғашқы зерттеулер. жұмыстарымен таныстыру. 2. Фотоэффект заңдылықтары 3.Фотоэффект теориясын түсіндіру 4. Фотоэффектінің қолдануы. Қосымшада тіркелді Оқушылар жұмыс мәтінді оқиды, топта талдайды, Дайын видеоматерил көмегімен түсіндіреді. Оқушылар алған білімдерін есте сақтау мақсатында, осы тапсырмаларға тақырыптың ең негізгі мәліметтерінен тірек - конспектісін құрастырады. Әр топ өз сызбаларын,конспектілерін қорғайды. өзге топтың мықты және әлсіз жақтарына мән беріп, сұрақтармен алмасады. Оқушылардың барлығы фотоэффект құбылысын түсінеді, Эйнштейн формуласын біледі. IV Сергіту сәті 2 мин. Видеоәуен. VI Жаңа білімді бекіту- 8 мин Деңгейлік тапсырмалары Оқушылар тапсырманы орындап ,дербес жұмыс жасайды. Берілген уақыт ішінде тақырыпты меңгереді, берілген тапсырмаларды қатесіз орындайды. VII Үйге тапсырма-1 мин §49-50 39 - жаттығу. VIII Қорытындылау. -3 мин. Рефлексия Стикерлерге өз ойларын жазып тапсырады. Бағалау.-2 мин Топты бағалауға,өзара бірін-бірі бағалауға нұсқау беру. Оқушыларды сабаққа қатысуларына және нақты әрі дұрыс жауап берулеріне қарап бағалау. Белсене қатысқан топ және топ мүшелерін мадақтау. бағалау парағын толтыру Фотоэффект құбылысының ашылуы және алғашқы зерттеулер: 1. 1887ж. Фотоффект құбылысын неміс физигі Г. Герц ашты 2. 1888 – 1890 жылдары орыс ғалымы А. Г. Столетов бұл құбылысты тәжірибе жүзінде алғаш зерттеп, заңдылықтарын тағайындады. 3.1905ж. Фотоэффект құбылысын түсіндіру жолын А.Эйнштейн тапты Фотоэффект – жарықтың әсерінен металл бетінен электрондардың бөлініп шығу құбылысы. Фотоэффект заңдылықтары: 1..I ~ Ф 2. Босап шыққан электрондар жылдамдығы түскен сәулелердің интенсивтілігіне тәуелсіз, ал толқын ұзындығы кеміген сайын артады. 3.Әр зат үшін фотоэффекті байқалатын жиілік бар, оны фотоэффектінің қызыл шекарасы деп атайды. Фотоэффект теориясы. Эйнштейн 1905жылы М.Планк идеясы негізінде--жарықтың жұтылуы және шағылуы үлес түрінде өтеді E = hν һ – Планк тұрақтысы ▭(hν〖=А〗_шығу〗^ +〖〖mϑ〗^2/2〗^ ) -- Эйнштейн теңдеуі Фотоэффект hν≥ А_шығу болғанда байқалады. Егер hν 〖=А〗_шығу □(⇒┬ ) 〖 ν 〗_min= А_шығу/h - ф/э қызыл шекарасы Фотон (жарық кванты) E = hν – энергияға ие. массасы: hν=〖mс〗^2 □(⇒┬ ) m = hν/c^2 (m_0=0) импульсі: р=mc=hν/c жарықтың дуализмі □(→┬ толқын)/(□(→┬ ) бөлшек) ├ ┤〉бірлігі Фотоэффект пайдалануы: -автоматтандыру, телемеханика -фототелеграф -дыбысты кино Деңгейлік тапсырмалар А деңгей 1. Металл үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы 〖3*10〗^14 Гц. Егер оған жиілігі 〖3*10〗^14 Гц жарық түсетін болса, осы металл үшін шығужұмысын анықтау керек〖 (h=6,6*10〗^(-34) Дж * с ) 2. Жиілігі ν болатын жарық фотонының энергиясы неге тең? В деңгей 1. Фотонның 〖λ=3*10〗^(-9) м толқын ұзындығына сәйкес келетін фотон энергиясын анықта. 2.Күміс үшін фотоэффектінің ұзын толқынды (қызыл) шекарасы 0,26 мкм Электрондардың күмістен шығу жұмысын табыңдар (эВ есебімен). С деңгей 1. .Калий үшін фотоэффектінің қызыл шекарасын анықтаңдар, шығу жұмысы 2 эВ. 2. Егер жапқыш кернеу 1,5 В – қа тең болса, онда катодтан жұлып шығарылған фотоэлектрондардың ең үлкен кинетикалық энергиясын табыңдар | |
Просмотров: 4050 | Комментарии: 2 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|