Главная » Статьи » В помощь учителю » Физика |
Жабаева Салтанат Оразбайқызы Өзін-өзі тану гимназиясы Сабақ тақырыбы: Жарық. Жарық көздері. Жарық жылдамдығы. Күн -Жұлдыз. Сабақ мақсаты: 1.Оптика ғылымы, жарық көді, жарық табиғаты туралы көзқарастар, жарықтың вакуумда таралу жылдамдығы, жарықтың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. 2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру. 3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, видеокассеталар. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. «Электромагниттік құбылысы» тарауын қорытындылау. (10 минуттық тест жұмысы) 1. Магнит күш сызықтарының бағыты А.Магнит тілшесінің оңтүстік полюсін көрсететін бағыт В. Магнит өрісінің күш сызықтарының бағыты болмайды С. Магнит тілшесінің солтүстік полюсін көрсететін бағыт Д. Катушкадағы токпен сәйкес келетін бағыт Е. Бұрғының айналмалы қозғалысымен сәйкес келетін бағыт. 2. 1820 жылы электр тогы бар өткізгіштің магнит тілшесіне әсерін байқаған ғалым А. Г.Ом В. Х.Эрстед С.М.Фарадей Д. А. Ампер Е. А. Вольт. 3. Тогы бар өткізгіштің машгнит өрісінің күш сызықтарын бағытын анықтайтын ереже А. Ленц В. Сол қол С. Оң қол Д. Параллелограмм Е. Бұрғы. 4. Өткізгіш бойымен ток жібереді. Осы токтың магнит өрісін ненің көмегімен анықтауға болады? А. Электроскоп В. Амперметр С. Вольтметр Д. Болта үгінділері Е. Ағаш үгінділері. 5. Магнит өрісінің бар екендігінің дәледемесі А. Ток көзінің бар болуы В. өрісте қозғалып келе жатқан зарядтадған бөлшектің ауытқуы С. Екі өткізгіштің өзара әсердесуі Д. Электромагниттік толқынның бар екендігі Е. Ток көзінің болуы және электромагниттік толқынның бар болуы. 6. Тогы бар катушканың магнит өрісінің полюсін өзгерту үшін А. Катушкаға өзекше енгізу керек В. Катушкадағы ток бағытын өзгерту керек С. Орам санын арттыру керек Д. Ток күшін арттыру керек Е.Катушканың магнит өрісінің полюсін өзгертуге болмайды. 7. Магнит өрісінің күштік сипаттамасы болып табылады А. Потенциал В. Магнит өтімділігі С. Жұмыс Д. Магниттік индукция Е. Қуат 8. Күшті магниттік қасиетке ие заттар А. Ферромагнетиктер В. Диамагнетиктер С. Парамагнетиктер Д. Магнетиктер Е. Диамагнетиктер, парамагнетиктер. 9. Магнит өрісі А. Қозғалмайтын зарядтарға В. Қозғалыстағы зарядарға С. Тыныштықтағы және қозғалыстағы зарядтарға Д. Қозғалыстағы зарядтарға және тогы бар өткізгішке Е. Тыныштықтағы, қозғалыстағы зарядтарға және тогы бар өткізгішке. 10. Өткізгіш арқылы тұрақты ток жібергенде оның айналасында магнит өрісі пайда болады. Ол қағаз парағындағы болат үгінділері орналасуы бойынша немесе магнит тілшесінің бұрылуы бойынша анықталады. Бұл магнит өрісі мына жағдайда жоғалады А. Сымдағы электр тогын ажыратқан кезде В. Болат үгінділерін алып тастаған кезде С. Магнит тілшесін алып тастаған кезде Д. Болат үгінділерін және магнит тілшені алып тастаған кезде Е. Айда болған магнит өрісі ешқашан да жоғалмайды. ІІІ. Жаңа сабақ. Жарық бөлшектерін фотон деп атайды. Фотондар ағыны энергияны жарық көзінен жарықталатын денеге тасымалдайды. Осы энергияны фотон энергиясы деп атайды. Жарық жылдамдығын өлшеу тәсілдері: 1. Астрономиялық тәсіл (1676 ж. О.Ремер) 2. Лабораториялық тәсіл (1849 ж. И.Физо) Жарық жылдамдығы: с=3•108 м/с 1 а. б. (астрономиялық бірлік)≈1,5•108 км Күннің сәуле шығаруының толық қуатын оның жарқырауы деп атайды. Ол 3,8•1023 кВт-қа тең. Күн көлемі Жер көлемінен 1300000 есе үлкен. Күн шарының отраша тығыздығы 1410 кг/м3. Күннің орташа температурасы 60000С. Күн атмосферасы шартты түрде бірнеше қабаттарға бөлінген: IV. Пысықтау. 1.Адам тіршілігінде жарық қандай рөл атқарады? 2. Оптика деген не? 3. Қандай денелер жарық көзі болып табылады? 4. Жарық таибиғаты туралы қандай көзқарастар бар? 5. Жарық жылдамдығын өлшеу тәсілдері қандай? 6. Жарық вакуумда қандай жылдамдықпен таралады? 7. Күн қойнауында зат қандай күйде болады? 8. Күн атмосферасы қандай бөліктерден тұрады? V. Қорытындылау. VІ. Бағалау. VІІ. Үйге тапсырма:§§61, 62. | |
Просмотров: 1186 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|