Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Физика

«Ньютон заңдарының өмірдегі маңыздылығы» сабақ-конференция
Сабақтың тақырыбы: Ньютон заңдарының өмірдегі маңыздылығы.
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: Ньютон заңдары» тақырыбы бойынша оқу материалын қайталау және жүйелендіруді қамтамасыз ету, практикадық және сапалық есептерді шығару кезінде Ньютон заңдарының қолданыс дағдыларын қалыптастыру, GLX Xplorer физикалық құрал-жабдықтармен жұмысты жетілдіру;
Дамытушылық: әртүрлі жұмыс түрлерін қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылықтарын арттыру, өтілген материалды жалпылау мен анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: ұжымдық қатынас пен өзара бірлесе отырып жұмыс істеуге баулу, оқушылармен бейіналды жұмыс жүргізу.
Сыныбы: 10
Сабақ типі конференция
Сабақты өткізу әдістері: салыстыру, бақылау, талдау, зерттеу тәжірибесі
Қолданылатын технологиялар: жоба технологиясы, рольдік ойын


Қолданылатын құралдар:
1) GLX Xplorer құрылғысы, Pasсo SPARK құралдары
2) Мультимедиялық комплекс (проектор, ДК)
3) «Ньютон заңдары» үлестірмелі таблицасы (оқушылар санына байланысты).
4) Слайдтар және видео фрагменттер.

Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі- кеңестің ашылуы
ІІ. Жаңа сабақ- зерттеу бөлімі
ІІІ. Бекіту-GLX Xplorer құрылғысымен жұмыс
ІV. Қорытындылау –проблемалық сұрақтар
V. Бағалау-Қаулы шығару
VІ. Үй тапсырмасы-келесі кеңеске дайындалу.

Сабақ барысы:
Сабақ «№15ОМ» MM Ғылыми кеңесі түрінде өтеді. Қатысушылар: №1 зертхана қызметкерлері, №2 зертхана қызметкерлері, №3 зертхана қызметкерлері. Қызметкерлер ақ халат киіп, бейджик тағады. (қосымша: жүргізуші, арқан тартушы адамдар, мылтығы бар аңшы қатысады) Кеңестің хатшысы тағайындалады. Кеңесті өткізуші директор. Кеңес соңында кеңестің қаулысы қабылданады.

«№15 орта мектебі ММ» Ғылыми институтының КЕҢЕСІ.
ДИРЕКТОР: Сәлеметсіздерме, құрметті кеңеске қатысушы ғылыми институттың №1, №2, №3 зертхана қызметкерлері. Сіздерді кезекті кеңесімізде көруге қуаныштымын. Кеңеске барлығы 15 қызметкер қатысу керек еді, қатысып отырғаны:15, келмеген: жоқ. Кеңесті дауыс беру арқылы ашық деп жариялайық. Кеңес ашылсың дегендеріңіз? Қарсы шыққандарыңыз? Қалыс қалғандарыңыз? Ендеше кезекті кеңесімізді ашық деп жариялап, рұқсат етсеңіздер, бүгінгі кеңесіміздің күн тәртібімен танысып кетейік.
Күн тәртібінде:
1. Ньютон заңдарының өмірдегі маңыздылығы.
2. Ньютон заңдарының ғылыми тұжырымдамаларын Xplorer GLX арқылы дәлелдеу.
3. Іс-тәжірибені қорытындылау.
ДИРЕКТОР: құрметті, ғылыми қызметкерлер, кеңестің мақсатын анықтап алғанымыз жөн.
Кеңестің мақсаты: өмірдегі Ньютон заңдарының қолданысы мен маңыздылығын анықтау.
ДИРЕКТОР: негізгі жұмысты бастамас бұрын, «Космо-байланыс» кафедрасына аталмыш заңдардың авторымен байланыс жасау қажеттігі айтылып, сұраныс берілген. Қазір сол кафедрамен байланыстамыз, өкінішке орай видео байланысқа шыға алмаймыз, алайда кафедра қызметкерлерінің тиянақты еңбектерінің арқасында аудио байланыс мүмкін болып тұр.
ДИРЕКТОР: Құрметті, Иссак Ньютон мырза, біз сізді тыңдап тұрмыз!
НЬЮТОН: Сәлеметсіздер ме!
ДИРЕКТОР: Сізді бүгінгі ғылыми кеңесімізде естуге өте қуаныштымыз. Өзініз жайлы қысқа библиографиялық анықтама беріп өтсеңіз.
НЬЮТОН: Әрине, мен 369 жыл бұрын Англияның Вульсторп деген ауылында бай емес фермер отбасында дүниеге келдім. Өзімнің ғылымға арнаған 84 жыл өмірімде қазір сіздер қолданып жүрген классикалық механика негіздерін құрастырдым. Еңбектерім механика, оптика, астрономия және математикаға тиесілі. Өмірімнің соңына дейін ғылыммен айналыссам да, зерттелмеген ашылмаған ақиқат көп екенін біліп келдім. Ендігі кезек сіздерде. Ғылымға ұмтылыңдар, жаңалықтар мен заңдылықтарды аша беріңдер. Ал бүгін мен ашқан, динамиканың негізгі 3 заңын (І,ІІ,ІІІ) өмір тәжірибесінде қолдану маңыздылығын көрсетулеріңізді сұраймын. Тәжірибенің өту барысын қадағалауды өзіме қалдырамын.
ДИРЕКТОР: Ұлы ғалымның берген тапсырмасы бойынша жұмыс жасауға кірісейік:
Міндеттер:
№1 зертханаға Ньютонның І заңының өмірдегі маңыздылығы көрсету жүктеледі, №2 зертханаға Ньютонның ІІ заңының, №3 зертхана қызметкерлеріне Ньютонның ІІІ заңының маңыздылы мен қолданысын көрсету жүктеледі.
ДИРЕКТОР: Иссак Ньютон жаңа ғана бізге өзінің заңдары толық көрсетілген кестені беріп жіберіпті, осы кестеге сүейне отырып, жүктелген міндетке жетулеріңізді сұраймын. Әрбір зертханаға регламент 5 минут беріледі.
Ньютон заңдары
I заң II заң III заң
Физикалық жүйе Макроскопиялық дене Екі дене жүйесі
Модель Материялық нүкте Екі материялық нүкте жүйесі
Сипатталатын құбылыс Тыныштық күй немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс Үдеу ала қозғалу
а= ΣF/m Денелердің өзара әрекеттесуі
Заң мазмұны Инерциялық санақ жүйесінің бар болуын көрсетед, егері
F=0 => υ = coпst. Өзара әрекеттесу жылдамдықтың өзгеруін көрсетеді, яғни үдеу
а= F/m Табиғаттағы кез келген күшке модулі бойынша тең бірақ бағыты бойынша қарама қарсы бағыттталған екінщі күш табылады.
F1,2 = F 2,1
Пайда болу мысалдары Ғарыш кемесінің қозғалысы Планеталардың қозғалысы, Денелердің жерге түсуі, автокөліктің жылдамдық алуы кезіндегі және тоқтау кезіндегі қозғалыс Денелердің өзара әрекеттесуі: Күн және Жер, Жер және Ай, автокөлік және жер беті
№ 1 ЗЕРТХАНАСЫНДАҒЫ ЭКСПЕРИМЕНТКЕ ҚАТЫСУШЫ-АВТОКӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:
-мен бірнеше жылдан бері жүргізуші болып істеймін. №1 зертхана қызметкерлеріне келесі сұрақ қойғым келіп тұр: дене түзу сызық бойымен бірқалыпты қозғалған кезде және аз уақытқа қозғалтқышын өшіріп, тоқтағанға дейін аз ғана қозғалған кезде автомобильдің қозғалысы қандай заңдылыққа бағынады?
№1 ЗЕРТХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ: бірқалыпты түзусызықты қозғалған кезде автомобиль Ньютонның бірінші заңына сәйкес, ал аз ғана уақыт қозғалтқышын жаңармайды үнемдеу үшін өшірген кезде Ньютонның ІІ заңына сәйкес теңкемімелі қозғалады.
№ 2 ЗЕРТХАНАСЫНДАҒЫ ЭКСПЕРИМЕНТКЕ ҚАТЫСУШЫ-АҢШЫ:
Мен малды бір орыннан екінші орынға үнемі қорек табу мақсатында айдап отырамын, ешқандай аурулар таралып кетпеуін қадағалаймын. Өзімен бірге үнемі мылтық алып жүремін. Мылтықтан шыққан оқтың траекториясы қандай және қандай заңдылыққа бағынатынын айтып беріңіздерші.
№2 ЗЕРТХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ: мылтықтан шыққан оқтың траекториясы түзу сызық болып табылады. Оқа әсер ететін күштің шамасы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оның алатын үдеуі де артық болады. Яғни оқтың қозғалысы Ньютонның ІІ заңына бағынады.
№3 ЗЕРТХАНАСЫНДАҒЫ ЭКСПЕРИМЕНТКЕ ҚАТЫСУШЫ-АРҚАН ТАРТУШЫЛАР:
Біз бірнеше жылдан бері спортпен айналысып келеміз. Негізі сүйікті ісіміз- арқан тартысу. Арқан тартысу кезінде денеге түсірілген күш неге тең болады.
№3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕР:арқан тартысу қазақтың ойындарының бірі. Бірнеше жақтан түсірілдген күш шың мәнінде басқа күштермен теңгеріледі, яғни табиғатта кез келген күшке модулі бойынша тең, бірақ бағыты бойынша қарама қарсы басқа күш табылдаы.
ДИРЕКТОР: Ньютон мырза 3 зертхана да сіздің берген тарсырмаңызды орындады. Бағаңызды беріңіз.
НЬЮТОН: Мен 3 зертхананың да жұмысына қанағаттанамын. Заңдардың өмірдегі қолданысы мен маңыздылығын ашып көрсетті, менің заңдарым өмірде кең қолданыс тапқанына қуаныштымын. Сіздерге ғылыми жаңалықтар ашуда сәттілік тілеймін! Сау болыңдар!
ДИРЕКТОР: Сау болыңыз!
ДИРЕКТОР: Сонымен, XVII ғасырда ашылған Ньютон заңдарының бүгінгі XXI ғасырдағы ғылыми тұжырымдамасын дәлелдейік, яғни кеңесіміздің екінші мәселесіне көшейік. Жаңа заманауи технологиялардың қарқындау шағында Ньютон заңдарын да заман талабына сай жаңа GLX Xplorer құрылғысының көмегімен зертеуге тура келіп отыр. №1 зертханаға Ньютонның І заңың, №2 зертхана қызметкерлеріне ІІ заңды, №3 зертханаға ІІІ заңды зерттеу жүктеледі. (әрбір зертханаға қоңдырғыны орнату және орындау нұсқаулығы алдын ала беріледі. Жұмыстарын қоғауға әрбір топқа 5 минуттан уақыт беріледі)

Зертхана қызметкерлері жұмыстарын кезекпен кезек қорғайды.

ДИРЕКТОР: құрметті, ғылыми қызметкерлер, Ньютон заңдарын сіздер бүгін көрсетпеген қандай салада қолдануға болады?
№1 ЗЕРТХАНА: поездің қозғалысы: поезд бірқалыпты түзусызықты қозғалған кезде инерциялық санақ жүйесінде қозғалады, демек Ньютонның бірінші заңына сәйкес қозғалады.
№2 ЗЕРТХАНА: тіс емдеу: Тісті емдеу кезінде ешқандай да күш дененің жылдамдығын лезде өзгерте алмайтынын ескеруіміз қажет. Егер тіс жұлатын құралмен кенет тісті жұлып алса, адам денесі жылдамдығын өзгертіп үлгермейді, ал тіс инертті дене ретінде Жерге қатысты үдеу алады.
№3 ЗЕРТХАНА: атарба: Ньютонның үшінші заңына сүйенетін болсақ, ат арбаны қандай күшпен тартатын болса, арба да атты сондай күшпен тартады.

ДИРЕКТОР: Сонымен, құрметті, №1, №2, №3 зертхананың ғылыми қызметкерлері, бүгінгі кеңесіміздің күн тәртібінде тұрған үш мәселе де талқыланып өтті. Соның нәтижесінде қеңестің қаулысы шығарылсын:
Қаулы:
1. №____зертхана қызметкерлерінің жүргізген іс-тәжірибесі негізінде Ньютонның____заңын ғылыми тұрғыдан жоғары деңгейде зертеу жүргізгендері атап өтілсін.
2. №____зертхана қызметкерлерінің жүргізген іс-тәжірибесі негізінде Ньютонның____заңын зертеу кезінде жіберген қателеріне байланысты қызметкерлердің жұмысына жақсы деген баға берілсін.
3. №____зертхана қызметкерлерінің жүргізген іс-тәжірибесі негізінде Ньютонның____заңын ғылыми тұрғыдан зерттулеріне қанағаттанарлық деген баға берілсің.
ДИРЕКТОР: осы қаулыға алып-қосарларыңыз бар ма? оқылған қаулы қабылдансың дегендеріңіз қол көтерулеріңізді сұраймын. Қарсы шыққандар бар ма? Қалыс қалғандар? Олай болса, бүгінгі кеңесіміздің қаулысы хаттамаға тіркелсің.

ДИРЕКТОР: құрметті, ғылыми қызметкерлер, бүгінгі істеген жұмыстарыңыз үшін рахмет. Келесі ғылыми кеңеске Ньютонның Бүкіләлемдік тартылыс заңын талқылап өмірдегі қолданысы мен маңыздылығын зерттеп келулеріңіз сұралады. Осыменен, бүгінгі кеңесіміз жабық деп жарияланады. Сау болыңыздар!
Категория: Физика | Добавил: ЖГА (2013-01-17) | Автор: Жапарова Гүлнар Аманжолқызы E
Просмотров: 3054 | Комментарии: 3 | Теги: физика, Ньютон заңдары, рольдік ойын | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 7:09 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru