Главная » Статьи » В помощь учителю » Экология |
Тақырыбы: Рудный қаласының экологиялық жағдайы және адам денсаулығы. Мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру; адамның денсаулығының сыртқы ортамен байланысын көрсету; экологиялық жағдайларға байланысты аурулар туралы мәлімет беру, экологиялық жағдайды төмендететін факторларды көрсету, проблеманы шешу жолдарын анықтау. Жүру барысы 1. Кіріспе сөз 2. Сұрақ-жауап 3. Ойланайық, пікірлесейік 4. Ой қозғау «Автокөліктер бөлетін заттар және тұрмыстық қөқыс мәселесі» 5. Жағдаяттарды талқылау 6. Қорытынды «Жүректен жүрекке» 1. Кіріспе сөз Бүгінгі таңда 30млн астам адамдар экологиялық жағдайлары төмен аудандарда тұрады, осы ортада сәтті аудандармен салыстырғанда ауру бірнеше есе артық болады. Қоршаған ортаның жағдайы оның құрамындағы әр түрлі зиянды заттармен анықталады. Аурулардың өсуі экологиялық жағдайдың төмендеуімен тікелей байланысты . Адамның денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмаумен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз-бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық. Ғалымдардың есептеуі бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50-52% өмір сүру салтына, 20-25%-тұқым қуалау факторларына, 18-20%-қоршаған орта жағдайларына, ал 7-12%-ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Бұрын болмаған антропогенді факторлар жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекетті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн-нан астам заттар шығарылған. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаған жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер, яғни адам мен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар. Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге, яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайын нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стрестік құбылыстар арқылы әсер етеді. 2. Сұрақ-жауап. Оқушылар қаланың тазалығы жағынан бір-біріне сұрақтар қойып, талқылайды. 3. Ойланайық, пікірлесейік «Медицина мен табиғаттың байланысы» тақырыбына пікірлесіп, балалар өз ойларын білдіреді. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар медицинамен тығыз байланысты. Сондықтан елімізде аурулардың аумақка таралу заңдылықтарын зерттейтін медициналық география ғылымын дамытудың маңызы зор. Бұл ғылым саласы адам денсаулығына қоршаған ортанын табиғат жағдайларының әсер етуін де зерттейді. Адам - табиғат карым-қатынасы өте күрделі. Бір жағынан адам табиғат қорларын тұтынушы болса, екінші жағынан, өзі өзгерткен ортада өмір сүріп, ондағы кері өзгерістердің зардабын тартушы ретінде саналады. Бұдан адам қоғамының табиғаттан тыс өмір сүре алмайтыны белгілі болады. Адамдардың тіршілік етуіне қолайлы және қолайсыз аудандардың болуы жергілікті табиғат жағдайларымен байланысты. Жаздың жылы, қыстың қоңыржай болуы және т.б. жағдайлар қолайлы болса, құрғақ, құмды шөлдер мен биік таулар, қатал қыс, аптапты жаз қолайсыз әсер етеді. Дегенмен табиғат жағдайларынан басқа адам әрекетінен болған табиғи ортаның өзгерістері де адам тіршілігіне әсер етеді. Бұл соңғы экологиялық жағдайларға байланысты. Мысалы, өнеркәсіпті қалаларға қарағанда шеткі ауылдарда ауа аз ластанған. Ал керісінше, орталықтандырылған су құбырлар жүйесінің болуына байланысты қалаларда ауыз судың сапасы жақсы. Республика аумағын бірнеше экологиялық аудандар тобына бөлуге болады: • экологиялық жағдайы нашар аудандар; • экологиялық жағдайы орташа аудандар; • экологиялық жагдайы салыстырмалы жақсы аудандар. 4. Ой қозғау «Автокөліктер бөлетін заттар және тұрмыстық қөқыс мәселесі» Бүгінді таңда қала экологиясы, экология саласында өзекті мәселеге айналуда, оның себебі соңғы мәліметтер бойынша қала тұрғындарының саны өсуде-49% Мен өзімнің жұмысымда қала тұрғындарының жағдайлары туралы айтқым келеді. Қала немен ерекшеленеді: халық саны көп, автокөліктер саны көп, әр түрлі саладағы өнеркәсіптер көп, ауданы үлкен сондықтан барлық қалалардың проблемасы қоршаған ортаның ластануы, ал адамның өмірі тікелей қоршаған ортамен байланысты. Қоршаған ортаны ластайтын факторлар көп солардың ішінде Қостанай облысы, Рудный қаласынын толғандырған екі негізгісін көрсетіп өтсем: Қостанай облысының қоршаған орта жағдайы. Автокөліктер ауа ластандырушылардың негізгі көзі ретінде қарастыруға болады.Автокөлік шығарады:азот оксидің(NO)азот диоксидің(NO2) көмірқышқыл газын,(CO2) көмірсуларды, түтін, күкірт оксиді(SO2)ауыр металдарды. 2010 жылы ауаның ластандыру көрсеткіші 3-ке тең. Бұл дегеніміз ластану деңгейіне қарағанда «Жоғары ластандыру деңгейіне» жатады. Бұл көрсеткішке кіреді: көміртек оксиді, азот оксиді, күкірт диоксиді және қатты бөлшектер. Ауаның ластану деңгейі бір қатар себептерге байланысты. Мысалы дизельді машиналар бензинмен салыстырғанда жанармайды 25%-ға аз қолданады. Дизельді жанармайда сынап қосылыстары болмайды, олардың жұмыс барысында, көміртек оксиді аз бөлінеді, бірақ күкірт қосылыстары бензинмен салыстырғанда-көбірек бөлінеді.Статистикалық мәліметтерді алатын болсақ: Қостанай обласында тіркеуде 133 272 автомашиналар. 2007 жылдан бастап жыл сайын 5-8 мың машина саны қосылады Ал тексеріс бойынша 10%машиналардың токсинді газдардың шағаруы мөлшерінен жоғары. Әрбір автокөлік 1 тәулікте 4кг жоғардағы заттарды бөліп ауаға шығарады. 1 адам өмір бойы қаншама оттекті жұмсайды, соншама 1 машина әрбір 100км өткен сайын жұмсайды 5. Жағдаяттарды талқылау Сарамандық жұмыс: Автокөліктер бөлетін зиянды заттар. Мақсаты: Автокөліктер бөлетін зиянды заттарды есептеу Жұмыс барысы: Автокөліктер өтуі әр түрлі 3 көшені таңдап алдым. 1.Парковая көшесі 2.Ленин көшесі 3.Студентческая көшесі Әрбір көшеде 100м жол белгіледім Осы белгіленген жолда 15 мин ішінде неше машиналар өтті санадым. Көрсеткіштер Парковая көшесі Ленин көшесі Студентческая көшесі Өткен машиналар саны 63 92 17 1 сағатта өтуі мүмкін 63х4=252 92х4=368 17х4=68 1сағат ішінде неше км, өтеді 25200 36800 6800 Жанармайдың мөлшері Дизель -0,1л Бензин -0,4л 2520 3680 680 10080 14720 2720 Бөлінген зиянды заттардың мөлшері Көміртек оксиді 15120 22080 4080 Метан 2520 3680 680 Азот оксидтері 1008 1472 270 Рудный қаласында қазіргі таңда -127827адам тұрады. Ал, автокөліктер саны-21500. Сонда 5,9адамға 1автокөлік келеді Зиянды заттар Әрбір 100 км сайын Бензин Дизель Көміртек оксиді 5155920 1391280 Метан 859320 231880 Азот оксидтері 343728 92070 Дизельді жанармай жаңғанда зиянды заттар 4 есе аз мөлшерде бөлінеді. Белгілі мәліметтер бойынша (Вронский,1996ж) антропогенді затар есебінен қоршаған ортаға қорғасының 94-97%, кадмийдің -84-89%-ы, мыстың 56-87%-ы, никельдің 66-75%, сынаптың 60% шығарылады.Тұрмыстық қоқыстың жағдайын анықтау мақсатында жыл сайын қоқыс жинақтайтын орынын тексеруі өтеді. 2007жылы рұқсатсыз ұйымдастырылған қоқысты жинақтау орындары (полигон) 600 жабылды. Санитарлық-экологиялық талаптарына сай 500 орын келтірілді. Әрбір полигонына нақты жауапты адам бекітілген. Осындай шара нәтиже береді. Кез келген жерде полигондар ашылмайды, және жер алабы ластанбайды. Яғни жақын жерде орналасқан ауылдарда экологиялық жағдай жақсарады. Сонымен қатар қатты тұрмыстық қоқыстарды ірі өнеркәсіп орындары да бөледі. Облыс зауытарында жыл сайын 180млн. тонн тұрмыстық қоқыстар бөледі. Осы проблеманы шешу мақсатында өнеркәсіп орындарынада жаңа технологияларды қолданады. Олардың негізі: қоқыстарды өндіру. Солай жыл сайын қоқыстардың мөлшері 7-13,5 млн. м3. азаяды. Рудный қаласындағы АҚ «ССКББ» қатты қоқыстарды транспортық коммуникация құрылысына жұмсайды, оның нәтижесі жыл сайын қоқыстың мөлшері 1,5-1,8 млн. тоннаға кемиді. Облыстағы ҚТҚ жағдайы туралы. Қатты тұрмыстық қөқыс 5230мың т Қоқыстар алып тұрған жер көлемі 2065га Полигондар саны 728 Олардың ішіндегі санитарлық-экологиялық талаптарына сай 500 3.Облыстық экологиялық инспекция жүргізетін жұмыстар: -қөқыстың мөлшерін анықтау -полигондардың жағдайын анықтау -полигондарды талаптарға сай келтіру -полигондарға жауатыларды бекіту Ал, Рудный қаласы бойынша: Қала тұрғындарының саны- 127 мың 827 адам (2009 санақ бойынша) Ал қала тазалығын қамтамасыз ететін бір ғана мекеме бар. Ол ЖШС «Рудный Ажар» 2006 жылы құрылған, директоры: Чижов С.Н. Қала маңында санитарлық талапқа сай 1 полигон және санитарлық талапқа сай емес 4 полигон бар. Қоқысты сыртқа шығарады 6 машина.Қазіргі кезде мекеменің техникалары ескірген. Сондықтан олар қала тазалығын толығымен қамтамасыз ете алмайды. Және қаладағы кейбір мекемелер ЖШС «Рудный Ажар» мекемесімен келісім шартқа отырмаған. Мұның өзі қаланың қоқыстан толықтай тазартылмайтынын көрсетіп отыр. Облыс және қала әкімшілігі аумақтың экологиялық жағдайына көңіл аударуда. Және тиісті шаралар қолдануда. Олар қоқысты өндіру бойынша жүргізілетін жұмыстар: 1. Қоқысты өндіру жоспары жасалды, оны меңгеруге -6млн тенге бөлінді. 2.Жоба «Қостанай, қостанай ауданы және Рудный қаласындағы қоқыс жағдайын бақылау жүйесі» жасалды, бөлінеген қаражат-80,246млн тенге Бағдарлама Ал өзіміздің қаламызды жақсарту мақсатында көп еңбек етіп журген МКҰ «Рахат»-директоры Бейферт С.П. және Рудный қаласында қаланы тазарту, қоғаландыру жұмыстармен айналасады: директоры- Масюк Н. Сонымен қатар Рудный қаласындағы санитарлы-эпидемиологиялық қызмет жұмысын жасайды, директоры-Сагандыков Р. К. Осы тұрғыда МКҰ "Зеленстрой" жұмысын ерекше атап өткім келіп отыр. Өйткені олар қоғалдандырумен қаланың көркейте түсті. Қала мекемелеріне де өз көмегін аямай қызмет көрсетті. Біздің қаланы ерекше деп айтуға болады, себебі бүкіл Қазақстан білетін ірі кәсіпорын АҚ «ССКББ» бар. Ол ауаға улы заттар бөлетіні сөзсіз. Ал МКҰ "Зеленстрой" осы заттар мөлшерін азайту мақсатында қала көшелеріне қылқанды жапырақты өсімдіктерді отырғызуда. Осы өсімдіктер ұшқыш заттар фитонциттерді бөледі. 6. Қорытынды: Жыл сайын әрбір қала тұрғыны 200-300 кг қатты тұрмыстық қоқыстарды шығарады. Осы қоқыстар көп аумақты алып, ауаға улы заттарды бөледі. Бұл әлемдегі барлық қалалардың ортақ проблемасы. Осы проблемарды шешу деңгейлері әр елде әртүрлі жағдайда. Полигондарға шығарады % Қазақстан 97 АҚШ 73 Германия 70 Швейцария 25 Япония 30 Жоғарыдағы кестеде көріп отырғандай Қазақстан қалалары қоқыстарын 97% полигондарға шығарады, ал басқа елдерде 20-30 % полигондарға шығарса, қалғандарын қайта өңдейді. Ал Қазақстанда тек Алматы қаласында 1 қоқысты қайта өңдейтін зауыт бар. Батыс Қазақстанда 1 зауыт болған, ол қоқыстан ламинат жасаған, ал қазір жабылды. Алдағы уақытта Астана, Қостанай, Шымкент қалаларында зауыттар салу жоспарлануда. Қоқысты іріктеу зауытының құрылысына – 1млрд. тг қажет. Ал қоқысты қайта өңдеу зауытына – 1.35млрд. тг. Бұл әрине қымбат, бірақ 10 жыл ішінде облыстағы барлық қоқыс полигондарын тазартуға болар еді. Тазартылған жерді басқа іске пайдалануға болар еді. Қостанай облысындағы Рудный қаласының негізгі экологиялық проблемасын талдай отырып осы мәселені шешуге келесі жолдарды ұсынамын: 1. Қоқыстарды іріктеу және қоқыстың әр түріне жеке ыдыс орнату 2. Әрбір мекемелерде қоршаған ортаны қорғау мақсатында қоғамдық ұйымдар құру. 3. Қала экологиясы туралы жарнамалар жасау 4. Қала экологиясын жақсартуға үлес қосып жүрген мекемелерге, кәсіпкерлерге жағдай жасау, олар турала теледидар арқылы хабарлау 5. Мектепте экологиялық мәдениетке оқыту 6. Оқушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту Наурыз айының 11-20 аралығында «Үш тілдің тұғырлығы» тақырыбында өткен декадада «Рудный қаласының экологиялық жағдайы және адам денсаулығы»атта дөңгелек үстелдің өткізілуі туралы Рудный қаласының №15 орта мектебінде 2012-2013оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес наурыз айының 15 күні «Үш тілдің тұғырлығы » деген тақырыптағы декадада «Рудный қаласының экологиялық жағдайы және адам денсаулығы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді өткізудегі мақсат: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру; адамның денсаулығының сыртқы ортамен байланысын көрсету; экологиялық жағдайларға байланысты аурулар туралы мәлімет беру, экологиялық жағдайды төмендететін факторларды көрсету, проблеманы шешу жолдарын анықтау. Экология мен адам денсаулығы туралы өткізілген дөңгелек үстел алты бөлімнен тұрады: 1. Кіріспе сөз 2. Сұрақ-жауап 3. Ойланайық, пікірлесейік 4. Ой қозғау «Автокөліктер бөлетін заттар және тұрмыстық қоқыс мәселесі» 5. Жағдаяттарды талқылау 6. Қорытынды «Жүректен жүрекке» 8 «А» сыныбымен ұйымдастырылған дөңгелек үстелге осы сынып оқушылары және мектеп мұғалімдері қатыстырылды. Тақырып төңірегінде ой қозғалып, еліміздің аумағын бірнеше экологиялық аудандар тобына бөліп, Рудный қаласын экологиялық жағдайы нашар аудандар тобына жатқызды. «Автокөліктер бөлетін заттар және тұрмыстық қоқыс мәселесі» тақырыбында ой қозғалды. Ауаның ластану деңгейі бір қатар себептерге байланысты екендігін дәлелдеп, сарамандық жұмыс жасалды. Жыл сайын әрбір қала тұрғыны 200-300 кг қатты тұрмыстық қоқыстарды шығарады екен. Осы қоқыстар көп аумақты алып, ауаға улы заттарды бөледі. Бұл әлемдегі барлық қалалардың ортақ проблемасы. Осы проблемарды шешу деңгейлері әр елде әртүрлі жағдайда екенін айтып ойларын ортаға салды. Қостанай облысындағы Рудный қаласының негізгі экологиялық проблемасын талдай отырып осы мәселені шешуге келесі жолдары ұсынылды: 1. Қоқыстарды іріктеу және қоқыстың әр түріне жеке ыдыс орнату; 2. Әрбір мекемелерде қоршаған ортаны қорғау мақсатында қоғамдық ұйымдар құру; 3. Қала экологиясы туралы жарнамалар жасау; 4. Қала экологиясын жақсартуға үлес қосып жүрген мекемелерге, кәсіпкерлерге жағдай жасау, олар турала теледидар арқылы хабарлау; 5. Мектепте экологиялық мәдениетке оқыту; 6. Оқушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту; | |
Просмотров: 5444 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|