Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

«Менің достарым» Ересек топқа ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші Жетписова Гульнар Токенқызы
№7 "Ақ бота" ясли - бақшасы, Семей қаласы
Тақырыбы: «Менің достарым»
Мақсаты: Балаларға «Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік беру. Баланың айналаны өзі танып-білуіне жағдай жасау. Қоршаған ортада, достарының арасында, мәдени орындарда, үйде өзін ұстауды, өзара сыйластыққа, бір-біріне көмек көрсетуге, бір-бірін қолдауға, қамқорлық жасауға баулу. Достаса білуге, татулыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: құрметтеу, өкпелетпеу, ренжітпеу
Керекті құралдар: үнтаспа, ойыншық спанчбоб, ноутбук, сіріңке шилері, саусақ театр
Шаттық шеңбері:
«Достық» шеңбері» 01-«Г»-№15
-Балалар, бүгін күн қандай керемет!
Біз топта бәріміз бірге тұрамыз. Бізді бір отбасы деп те атауға болады. Мен сендерді қуанышты шеңбер құруға шақырамын
Достығымызды білдіріп, үлкен шеңбер құрайық.
-Шеңберіміз неге ұқсайды?
-Дұрыс айтасыңдар. «Дөңгелек» татулық-
тың белгісі, олай болса осы қуанышты көңіл-күйімізбен атқан таңмен, бір-бірімізбен келген қонақтармен амандасайық.
Амандасу:
Қайырлы таң!
Ормандар мен қалалар!
Қайырлы таң!
Достасқан бәр балалар!
Қайырлы таң!
Біздің балабақшамыз!
Қайырлы таң!
Жора-жолдас, ұл мен қыз!
Қайырлы таң!
Мында келген апайлар!
Бәріміз тату болайық!
Әңгімелесу
Енді жайғасып отырыңдар.
-Балалар, бүгін біз жанымызға, жүрегімізге жақын достарымыз туралы, татулық туралы әңгімелесеміз.
Сұрақтар қояды:
-Балалар, сендерге жалғыз ойнаған ұнайды ма?
-Неге?
-Ал, кіммен біз ойнаймыз?
-Дос дегенді қалай түсінесіңдер?
-Дұрыс, бәріміз осылайша дос болып өмір сүреді екенбіз, бір-бірімізді ренжітпейміз
Жарайсыңдар, балалар, сендер ақылды, адал дос екенсіңдер.
(Осы кезде есік қағылады, тәрбиеші топқа ойыншық Спанчбобты кіргізеді)
-Сәлеметсіңбе, Спанчбоб! Сен неге көңілсізсің?
-Балалар қандай аянышты, қане жұбатайық
шы Спанчбобты.
-Міне көрдің бе, Спанчбоб, сен мейірімді де тату достарға тап болдың, енді мұңайма.
-Балалар, ал бізге тағы бір дос қосылды,
сендердің сөздеріңнен кейін Спанчбоб
енді көңілденді. Спанчбобқа біз қандай тату балалар екенімізді көрсетейік,ол достарына айта жүрсін.
Бейнетаспа көрсету
-Міне, көрдіңбе Спанчбоб біздің балалар қандай тату.
Сергіту сәті:
Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ.
Әңгімелеу
-Балалар, сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?
«Тату балалар» ертегісі (саусақ театры)
«Ерте заманда шағын үйде ағайынды бес саусақ өмiр сүрiптi. Үлкенiн – Бас бармақ, екiншiсiн – Балаң үйрек, үшiншiсiн – Ортан терек, төртiншiсiн – Шылдыр шүмек, ең кенжесiн – Кiшкене бөбек деп атапты. Олар бiрiгiп жұмыс iстедi, бақша ектi, тамақ әзiрледi. Ортаншы ағасы Ортан терек үйде отырып, кiшкентайларға қарады. Шылдыр шүмек - өте сабырлы,ақылды болған. Кiшi iнiсiне ертегi оқып берудi жақсы көрген. Ал, Кiшкентай бөбек үлкен ағасына ұқсағысы келедi екен. Осылай бес ағайынды балалар тату-тәтті, өзара жарастықта, сыйластықта өмiр сүріп жатады. Бiр күнi орманнан үлкен аю шыға келiп, ағайындылардың тыныштығын бұзып бақшаның бәрiн таптап, үйдi бұзуға кiрiсiп жатқан кезде, бес ағайынды бiрiгiп, жұдырыққа жұмылды бір үлкен күш болды, аюға қарсы тұрады.Сөйтіп олар қиын шақта бірігулерінің арқасында үлкен күшке айналып аюды жеңіп шығады. Аю қорыққаннан орманға қаша жөнелдi»
– Сендерге ертегi ұнады ма?
– Ертегi нелiктен «Тату балалар» деп аталады?
-Ағайындыларды аюдан не құтқарды деп ойлайсыңдар?
-Достық, татулық туралы қандай мақал тақпақтар білесіңдер?
1 бала:
Досы көпті жау алмайды
Ақылы көпті дау алмайды
2 бала:
Ынтымақ-түбі бірлік
3 бала:
Ырыс алды-ынтымақ
4 бала:
Жақсы жолдас –жанға серік
Жаман жолдас-малға серік
Тәжірибе жасау
Тапсырма: Сіріңкенің бір шиін сындыру, сіріңкенің бірнеше шиін сындырту.

-Дұрыс айтасыңдар, жалғыз еңбек өнбейді, көппен, достарыңмен бірге бірнеше істі істеуге болады. Сондықтан сендердің де достарың көп болсын.

Ойнайық
«Сиқырлы көзәйнек» жаттығуы
-Қазір мен сендерді «Сиқырлы көзәйнек» ойынын ойнауға шақырамын. Бізде сиқырлы көзәйнек бар, ол досыңның ең жақсы қасиетін көруге көмектеседі. Міне ол, қараңдаршы. Мен бірінші болып киіп көрейінші. Рақмет.
– Сиқырлы көзәйнек Айымның досына ойыншықтарын жинауға әрқашан көмектесетінін айтты. Ал енді Әлішер достарының жақсы қасиеттерін көргісі келіп тұр.
-Балалар, сендер достарыңның жақсы қасиеттерін айта білдіңдер. Енді сендер туралы басқа балалар не ойлайды екен, соны тыңдайық.
Бейнетаспа көру.
Қорытындылау:
-Балалар, біз не туралы айттық?
-Ал, көңіл-күйлерің қалай?
Рефлексия
Көңіл-күйіміз жақсы ,бүгінгі іс-әрекетіміз ұнады десеңдер қызыл түсті бантикті алып қойыңдар, ұнамаса көк түсті алыңдар.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Дос бола білу, достық құндылықтарын білу керек.
Болу керек: Достарына мейірімді бола білу,адал достық жайлы түсініктері қалыптасу керек
Істей білу керек: Қоршаған ортада, достарының арасында, өзін ұстай білу, достық туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер білу, эксперимент арқылы бірлікте болуды.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota (2013-04-03) | Автор: Жетписова Гульнар Токеновна E
Просмотров: 12988 | Теги: мои друзья, познание мира, старшая группа | Рейтинг: 3.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-11-19, 7:46 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru