Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Мектеп жасына дейінгі балалармен қимылды ойындарды ұйымдастыру
Мектеп жасына дейінгі балалармен қимылды ойындарды ұйымдастыру
«№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК
Дене шынықтырудан нұсқаушы Ахмадиев Ержан Әділбекұлы

Қимылды ойындар балалардың өздерінің білімдері мен ептіліктерін ойындардың құбылмалы жағдайларында нақтылы қимылдық тапсырмаларды орындау үшін қолдануына мүмкіндік береді.
Қимылды ойындар шартын орындаудың міндеттілігі балаларды тәртіптендіреді, еркінділікке тәрбиелейді. Ойын мақсатына жету үшін қимыл тәсілдерін өз бетінше таңдап ала білудің қажеттілігі өзіндіктің, инициативаның, жеке басының және басқа сапаларының қалыптасуына жағдай жасайды.
Қимылды ойындарда тәрбиешінің балалармен араласуға кең мүмкіншілігі бар. Тәрбиеші ойынның мазмұнын, оның шартын әңгімелейді. Балалар жаңа сөздердің мәнін біледі. Сөзге белсене араласу, сондай-ақ тексті және әнді айта жүріп ойнауларын қалыптастырады.
Белгілі бір сюжеті және белгіленген шарты бар қимылды ойындар анағұрлым күрделірек болады. Мұнда ойнаушылардың шығармашылық әрекеттері орындайтын рольдеріне («Аққу-қаздар», «Соқыртеке» және басқа) байланысты болады. Шығармашылық рольдік қимылды ойындардың шарты балалардың ойын кезіндегі мінез-құлықтарын реттейді, ойындардың өзінің жүргізілу барысын нақтылайды.
Өзге ойындарда бекітілген сюжет болмайды. Олар ойыншылардың әлдебір нақтылы қимылдық тапсырмаларды («Маған қуып жетіңдер», «Шағын қақпаға қарай» және басқа), әлдебір заттарды әрекеттерді (кегельдер, серсо, классы, бабки, шығыршық лақтыру) орындауларына негізделген.
Қимылды ойындар бала денесінің жан-жақты өсуіне ықпал еткенмен, бағдарламада олар негізгі қимыл түрлері бойынша жүйеленеді: жүру, жүгіру, еңбектеу және өрмелеу; секектету және секірулер; лақтыру және қағып алу, сондай-ақ кеңістіктегі бағдарлау ойындары. Бұлайша бөлу педагогикалық міндеттерге сай жүктелетін ойындарды тәрбиешінің іріктеп алуын жеңілдетеді.
Ойындарды жоғары, орташа, және аз қимылдылар деп бөледі. Қозғалғыштық дәрежесі баланың ойындағы қозғалыс интенсивтілігімен және оның белсенділігімен, сондай-ақ ойында белсенді әрекет жасаушы балалардың санасына қарай анықталады.
3 жасқа аяқ басқан сәбилерге арналған қимылдық ойындар.
Сәбилердің бірінші тобында қимылды ойындарды күн сайын өткізу ұсынылады. Олардың ұзақтығы орта мөлшермен 6-8 минуттан аз болуы тиіс. Ол ойын әрекеттері сипатына, ойнайтындардың санына, олардың көңіл күйіне, ойынды өткізу шарттарына байланысты.
Қимылды ойындарды серуен кезінде таза ауада өткізген анағұрлым тиімді. Әрбір баланың тәрбиеші ұйымдастырған қимылды ойынға күні бойы қатысқаны жақсы. Ойын бүкіл топ болып та, шағын топтармен де өткізіледі.
Ойындарды серуеннің әр кезінде өткізуге болады. Егер бүкіл топ қатысса, онда балалар серуен жасап келгеннен кейін біраз уақыт өткен соң немесе оның басында ұйымдастыру тиімді. Балалардың шағын тобымен және жеке-дара өткізілетін ойындарды тәрбиеші бүкіл серуен бойына жүргізеді. Мұнда тәрбиешінің бір немесе бірнеше баламен ұйымдастырған ойны бүкіл топ ойынына өте жиі айналып отыратын естен шығармау керек, өйткені 3 жасқа аяқ басқан балалар коллективті қимылдық әрекеттерге белсенді араласып кетеді.
Бұл жастағы топта ойындық жаттығулар үлкен орын алады. Мұндай ойындарда сюжет болмайды, бұл ойындарға қарапайым қимыл жасалатын тапсырмалар кірістіріледі: жалаушаны әкелу, қоңырауды соғу, допты қуып жету т.б.
Мұндай ойындардағы балалар қимылының сюжеттері, мазмұны, әуені бүтіндей тәрбиешінің ойдан шығаруы мен творчествосына байланысты. Сабақтарда үйренген ойын қимылдарые қайталау олардың жетіле түсуін қамтамасыз етеді. Ойын жақсы өткізілуі үшін, тәрбиеші оның өтілуіне ұқыпты түрде дайындалуы қажет және ойынның мазмұнын, барысын, жетектеуші сөздерді жақсы білуге тиіс.
Тәрбиешіге ойынға басшылық етуді ондағы жауапты рольді орындаумен жиі ұштастыруға тура келеді, өйткені 2-3 жастағы балалар бұл міндеттерді жақсы орындап шыға алмайды. Тәрбиеші ойынға қатыса отырып, дұрыс қимылдардың үлгісін көрсетуі, ойынның ойналу барысын айтып отыруы өте маңызды.
Ойынды тәрбиешінің түсіндіруі - ойын барысына ықпал ететін жауапты кез. Балдырғандарға ойынды эмоциялы, түсінікті, әрбір кейіпкердің өзіне тән белгілерін дауыс екпінімен баса көрсете түсіндіруі керек.

4 жасқа аяқ басқан балалар үшін қимылдық ойындар
Қимылды ойындарды үнемі қайталап отыру қажетті дағдыларды жетілдіруге және нығайта түсуге, ұжымды ойындардағы қозғалыстың оңай да еркін болуын жетілдіруге, ойын жағдайларындағы жақсы бағыттылыққа, басқа ойыншылардың әрекетіне жауап ретінде тез және ойлы түрде әрекет ете білуге көмектеседі. Ойынның ережелерін қайталап орындау, бұл сәбилердің екінші тобынан бастап, ерекше маңызды, баланың ойлау қабілетінің жетілуіне, оның ерік қасиеттерін тәрбиелеуге көмектеседі.
Егер қайталау кезінде ойынның түрі біраз өзгертіліп, күрделендіріліп отырылса, қимылды ойындардың тәрбиелік және танымдық жағы күшейе түседі.
Балалардың белсенділігіне түрткі бола отырып, тәрбиеші олардан басты рольді кімнің ойнағысы келетінін сұрайды. Тәрбиеші жетекшілік еткісі келгендерді көтермелей отырып, балаларды рольге тағайындаудағы кезектілікті сақтауға тырысады, Сабырлы, ұялшақ балаларды белсенділендіреді, рольді орындауға көмектеседі.
Тәрбиешінің қимылды ойынға тікелей қатысуы ойынның эмоциялылығын күшейтеді, тәрбиеші мен балалар арасында достық байланыстың орнауына және балалардың ұжымдық өзара қарым-қатынасын нығайтуға ықпал етеді.

5 жасқа қараған балалардың қимылды ойындарының ерекшеліктері
Естиярлар тобы үшін қимылды ойындардың бірқатарының сюжеті мен рольдік образы болмайды. Бұл ойындар белгілі нәтижеге жетуге бағытталған баланың жеке іс-әрекетін қарастырады. Мұндай ойындардың шарты әдетте, қимылды орындау тәсілін анықтайды, бұларға қимылдың орындалу сапасын көтере түсетін жарыстардың элементін енгізуге болады.
Тәрбиеші құралдарды, материалдарды дайындауға балаларды кеңінен қатыстырады. Тәрбиеші ойынға әзірлік жасау жөніндегі міндеттерді балалардың бәріне тең бөледі.
Естиярлар тобында жүргізушінің ролін тәрбиеші тек анда-санда ған орындайды. Жыл бойына ол балалардың бәрін жүргізуші болуға үйретеді. Балаларды жүргізушінің орнына қоя отырып, тәрбиеші әр баланың ерекшелігін ескеріп отырады.
Тәрбиеші тактілі түрде балалардың пікірлерін бағыттап отырады, олардың дұрыс немесе бұрыстығын түсіндіреді, шағынуы мен даңдайсушылығын баса айтады, өз күштеріне сенімсіздерді көтермелейді.
Тәрбиешінің назары жаңа буындардың санын көбейте беруге емес, қайта бұрыннан таныс ойындарды қайталау мен күрделілендіруге бағытталуы керек. Балалар олармен жүргізілген ойындарды игеруі және ұнатуы, жыл аяғында ең болмаса бірқатарының оларды құрдастарының шағын топтарымен өз бетінше білетіндей болуы керек.
Тәрбиеші балалармен бір түрлі ойынды 2-3 сабақта қайталайды. Содан соң біраз уақыттан кейін оған қайта оралады. Қайталаған кезде ойынның мазмұны мен ережелерін күрделендіруге, балаларды ұйымдастыру формасының түрін өзгертуге болады.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota (2013-04-10) | Автор: Ахмадиев Ержан Адилбекович E
Просмотров: 10044 | Комментарии: 1 | Теги: дошколенок, спорт, подвижные игры | Рейтинг: 2.8/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-11-19, 9:19 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru