Денсаулық жолдары «№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК Дене шынықтырудан нұсқаушы Ахмадиев Ержан Әділбекұлы
Денсаулық жолдарымен жүру балалардың дұрыс өсіп жетілуіне көп көмегін тигізеді, гармондарының ашылуын жақсартады. Балабақшада балалар ұйқыдан тұрғанда осы жолдардан жүріп өтеді. Ата-аналарға, тәрбиешілерге мұндай жолдарды қолдан жасауға болады. Ол үшін бұлғаға әр түрлі пішіндегі түймелерді әр жеріне тігу керек. Олардың астына қатты фанер, клеёнка, пластмасса т.б. болады. Бұлға тігілген түймелердің арасы 2 см-ден, биіктігі - 0,5-1 см және әр түрлі пішінде болуы шарт. Дүкенде арнайы массажға арналған кілемшелер болады. Ол болмаса жүргізушілерге жасалған арнайы массаж орындық болады. Соны да пайдалануға болады. Әркім өз фантазиясына байланысты массаж жолдарын жасауға болады. Арнайы жасалған жолдардағы тігілген немесе жапсырылған түймелер қатты орнатылуы керек. Тар бөлмелерде бұл денсаулық жолдарын қатар-қатар қоюға болады. Балалар ұйқыдан тұрғаннан кейін кіші топтарда - 10 минут, орта және ересек топтарда - 15-20 минут жүруі тиіс. Күнделікті денсаулық жолдарымен жүру балалардың майтабан болмауына, буын, бұлшықеттерінің жақсы жұмыс жасауына әсерін тигізеді. Ваннаға салынған ұсақ таспен жүруге болады. Жаз мезгілінде ваннаға жылу су құйып, судың температурасын 12-10°с қа дейін түсіруге болады. Бұл балалардың ауырмай жүруіне септігін тигізеді. Әр топта 4 немесе одан артық денсаулық жолдарының түрлері болуға тиіс.