Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Мектеп жасына дейінгі топтарына арналған таңғы жаттығулардың дұрыс өтілу ережесі «№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК Дене шынықтырудан нұсқаушы Ахмадиев Ержан Әділбекұлы І кіші топтарда таңғы жаттығудың дұрыс өтілу үлгісі Таңғы жаттығу күнделікті таңертең бір мезгілде жүргізіледі. Ұзақтығы 4-5 минут, 3-4 жаттығудан тұрады. Балалар жалықпайтындай ауыстырып, ойын ретінде де жүргізуге болады. Гимнастика мазмұны жүруден, жүгіруден және секіруден тұрады. Бұл жастағы балаларға жаттығуды шеңберге тұрғызып жасатқызған қолайлы. Сылдырмақ, жалауша, кубиктер қолдануға болады. Жаз айларында далада өткізген дұрыс. Ортаңғы топтарда таңғы жаттығудың дұрыс өтілу үлгісі Ортаңғы топтарда таңғы жаттығу жүруден, жүгіруден, секіруден басталады. Жаттығу жоғарыдан төменге қарай жасалуы тиіс. Бұл жаста 4-5 жаттығу, ал уақыт мөлшері 6-8 минут болады. Жылдың басында шеңберде жасайды. Жылдың екінші жартысына қарай қатарға тұра алуы тиіс. Жаттығуды жасау үшін кубиктер, доптар қолдануға болады. Ересек топтарда таңғы жаттығудың дұрыс өтілу үлгісі Ересек топтарда алдымен жүру жаттығуы әр түрлі болуы тиіс. Жүру қарқынды, бағытты өзгертуде, аяқтың ұшымен, өкшемен, кедергілер арқылы аттауда және басқа зейін қою жаттығуларында кең қолданылады. Мысалы: тәрбиеші сары жалаушаны көтергенде - барлығы жүріп келе жатады, жасыл жалаушаны көтергенде - жүгіреді, қызылды - тоқтайды, шапалақ соқса -орынында айналады т.б. әр қимылды жалғастыруға болады. Жаттығуда балалар қатарға тұруы тиіс. Жаттығу 8-10 минут, 6-8 рет қайталанады. | |
Просмотров: 3678 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|