Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Семей облысы Бесқарағай ауданы Қоянбай орта мектебі Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Сеитова Гульбакыт Сайлаубаевна Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыш. Шаршы. Дөңгелек. Сабақтың мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, есте сақтау дағдысын дамыту. Білімділігі: Сандардың құрамына байланысты алған білімдерін бекітіп, білім және білік-дағдыларын қалыптастыру. Геометриялық фигуралар жайлы балалардың білім деңгейін терендету. Айналаны қоршаған ортада оларға ұқсас заттар көп екеніне балалардың көңілін аудару. Жасалу жолдары мен құрылысына мән беріп, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырату. Дамытушылығы: Баланың тілін, ой- өрісін, логикалық ойлау қабілетін, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру. Тәрбиелілігі: Көзімен көргенін есіне ұстап сақтауға, шығармашылық еңбек ете білуге, алғырлыққа, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа сабақ. Сабақтың түрі: ертегі сабақ. Сабақтың әдіс- тәсілі: көрнекілік, сұрақ-сауап Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада жасалған тапсырмалар Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру Амандасу: ІІ. Жаңа сабақ Геометриялық фигуралармен (үшбұрыш, шаршы, дөңгелек) таныстыру. Геометриялық фигуралардың бұрыштарын санап, неше бұрыш бар екендігін анықтайды. Үшбұрыштың үш бұрышы, қабырғалары үш кесіндіден тұрады. Үшбұрыш – тұйықталған сынық сызық. Шаршының төрт бұрышы, төрт қабырғасы бар. Шаршы - тұйықталған төрт бірдей сынық сызықпен шектелетін фигура. Дөңгелек – тұйықталған қисық сызықпен шектелетін фигура. Интерактивті тақтада көрсетілген суреттерден (үшбұрыш, шаршы, дөңгелек) геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табу. ІІІ. «Бауырсақ» ертегісіне саяхат 1. Атамен апаның тапсырмасы. «Көршіңді тап» ойыны. Ойынның мазмұны: Интерактивті тақтада 0-ден 10-ға дейінгі сандар жасырылған. Сандардың әрқайсысын өз орнына рет-ретімен орналастыру керек. Бірінші қатарға тура бағыттағы сандарды, екінші қатарға кері бағыттағы сандарды жазу керек. 2. Қоянның тапсырмасы. «Көбірек - азырақ» ойыны. Ойынның мазмұны: «Көп және аз» ұғымын ажырата алуға үйрету. Балаларды заттардың саны бойынша салыстыруға үйрету. Логикалық ойлауларын дамыту. 3. Аюдың тапсырмасы. «Мықты болсаң, тауып көр» ойыны. Ойынның мазмұны: Қосуға және азайтуға берілген есептер. ІV. Сергіту сәті. 4. Қасқырдың тапсырмасы. «Кім алғыр» ойыны. Ойынның мақсаты: Балалардың қиялын, логикалық ойлауын дамыту. Берілген сұрақтарға жауап беру. 5. Түлкінің тапсырмасы. «Өз орныңды тап» ойыны Ойынның мазмұны: Берілген геометриялық фигураларды (үшбұрыш, шаршы, дөңгелек) торкөзге ретімен дұрыс орналастыру. 6. Түлкінің тапсырмасы. «Не артық?» ойыны. Ойынның мақсаты: 1-сурет: бірнеше саңырауқұлақтың және бір гүлдің суреті. 2-сурет: бірнеше жеміс ағашының және бір емен ағашының суреті. 3-сурет: бірнеше үй құстарының және бір сауысқанның суреті. V. Қорытындылау. Балалардан өтілген геометриялық фигураларды(үшбұрыш, шаршы, дөңгелек) қайталатып сұрау. VІ. Сабаққа қатысқан балаларды мақтап, мадақтау. | |
Просмотров: 4363 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|