Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Ашық сабақ Тіл дамыту Тақырыбы: «Жайдары жаз" Тіл дамыту сабағы Абдинова Үміт.Даутқызы. №23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназия Екібастұз қаласы Білім беру саласы:Қатынас Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті:Тіл дамыту Сабақтың тақырыбы: «Жайдары жаз» Сабақтың мақсаты: . Жаз мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту .Схема бойынша суреттің мазмұнын құруға және сөздерді байланыстырып айтуға дағдылындыру.Тіл мәдениетін қалыптастыру. Сабақтың міндеттері: Білімділік:Жаз мезгілі,жазғы ойындар,жазғы табиғат,жазғы еңбек жайлы түсінік беру. Затты зерттеуге алгаритм жасауға үйрету. Дамытушылық:Танымдық, шығармашылық қасиеттерін,тілін,сөздік қорын дамыту.Сабаққа қызығушылығын арттыру Тәрбиелілік: Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.Шыдамдылыққа тәрбиелеу. Түрі: Ашық сабақ. Типі:Дамыта оқыту «Тәй-тәй» технологиясы.. Қолданылғанәдіс-тәсіл:Сұрақ-жауап,топпен,Триз,тірек-сызба,алгаритм, тәжірибелік,көрнекілік,ойын ,сөздік,схема арқылы әңгіме құрау. Көрнекіліктері:«Таңғажайып алаңы» ойыны,схемалар,суреттер,мұз,зертхана приборлары,май шам, бояу,стек,сүлгі. карточкалар,зерттеу құралдары,май шам,бояу,қатты қағаз. Сабақтың барысы: Амандасу (Қайырлы күн,сәлеметсіз бе?,хош келдіңіздер,төрлетіңіздер,Good morning!) Амансың ба нұрлы күн! Амансың ба қара жер! Аман –есен болайық! Бейбітшілік қалайық! Амандасу түрлерін көрсетеді.(қолымен,басынан сипалап,бетінен ұстап,құшақтап) Ұйымдастыру кезеңі. - -Балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік. -Айнала қандай? Дала қандай? -Ал ағаштар ше? -Ауа қандай? -Терезеге не түсіп тұр бар? Жаз қандай болады? (ыстық, Демалады .Шомылады ,Күнге күйеді) көңілді,т.б Жазда бау-бақшада не өседі? -Яғни, мұның барлығы қай кезде болады? (балалардың жауабы Жылдың төрт мезгілібар: …, …, …, … . Бір жылда … ай бар. Жаз айлары: …, …, … . Ең ыстық жыл мезгілі: … . Қазір жаздың алғашқы айы Иә білемін айнала гүлденіп,жап-жасыл күйге енеді. Ал біз болсақ, суға түсіп көңілді ойнаймыз.Саябаққа ,орманға саяхаттаймыз. - Балалар, суретте не бейнеленген? - Бұл жылдың қай мезгілі? Жазда қандай өзгерістер болады? Бұл жыл мезгілі сендерге немен ұнайды? Жазда ауа райында қандай өзгерістер болады? Жаз айлары жайлы біз не білеміз?. Ойын тапсырмалар Балалар оталықтарға фишка бойынша бөлінеді Ережелерді түсіндіріп өту. Олай болса іске сәт, балалар! 1.Тіл дамыту опталығы Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің барысы: Ойын «Таңғажайып алаңы» Тіл дамыту сабағы Мәтінмен жұмыс Жаз Жаз – өте ыстық жыл мезгілі. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Жазда балалар демалады. Олар ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Жазда балалар суға шомылады, күнге күйеді. күйеді.Орман тоғайларға барып,жидек, саңыраулқұлақ тереді. Балалар жазды өте жақсы көреді.. Жаз- мезгілі өте тамаша жыл мезгілі. Біздің сулу табиғатымызды көруге, жеріміздің түпкір-түпкірінен демалуға келеді. Жазда балалар суға шомылады. Жазда (жайқалады) Шыбық: – Таңы-нәрлі, күні-жайлы, кеші-жылы. – Гүл жарып таңда да, күнде де, түнде де «күледі». – Күзден күдік алмай, қыста өлім құшарын «білмейді». – Бойы «бір қарысқа» өседі… Жазда не ексең-күзде соны орасың Маусым мағыналы болсын, Шілденің шырайы кірсін, Тамыз тамылжып тұрсын Күн де ысып,шөп пісіп, Ел пішенін орады. Бұл қай кезде болады?(жаз) Жайқалып жапырақ, Құлпырып қызғалдақ. Тұратын көз тартып, Жаз келді күн шуақты. Жаз – ең ыстық жыл мезгілі. Жазда балалар демалады. Олар демалуға ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Жазда олар шомылып, күнге қыздырынады. Сондықтан олар жыл мезгілін жақсы көреді. Қойны толы жеміске, Көк майсалы еңіске. Көбелек қуып ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың? Ойын шартын түсіндіру. . Төрт ойыншыға сегіз тапсырма Схема бойынша әңгінің жоспарын құру. 1схема «Жыл мезгілі мен ауа-райы» Суретте қандай жыл мезгілі берілген? Сен оны қайдан білдің? 2схема «Жазға табиғат көрінісі» Ағаштарда не байқадың .Жерден не көрдің. 3схема «Жаз айлары» 4схема «Жазғы еңбек,, демалыс» Балалар не істеп жүр. Олардың көңіл күйлері қандай? «Жаздың шуақты күні. .1. «Қызықты тапсырма.» 2 «Ойланып көр.» 3 «Жұмбақ шеш» Тірек сызба бойынша жұмбақ жасырады. 4 «Тақпақ айт» Тірек –сызбаны пайдаланып жаз туралы тақпақ оқу. . . Бұл қай мезгіл? 2 Ғылым орталығы Білім беру саласы:қоршаған орта Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті:Айналамен таныстыру Сабақтың мақсаты: мезгілінің ерекшелігі жайлы түсінік беру.Ағаштарды зерттеу. Алгаритм бойынша белгілеу. Өнер орталығы Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті:Бейнелеу өнері Сабақтың мақсаты:Дәстүрден тыс тырмалау әдісі бойынша жаз мезгілін суреттейді. Орталықтың балалары ортаға жиналып, әр орталықта жасаған жұмыстарының ортаға жинап, орындалған жұмыс нәтижесі туралы балалар әңгімелейді. Сергіту сәті Балалар белсенділік орталықтарымен ауысады. Қорытынды. Балалар сендердің барлығың да өте жақсы жұмыс жасадыңдар. Біз не үйрендік? Сендерге ұнады ма? Кімге не ұнады? Рахмет сендер өте тамаша балаларсыңдар менің сендерге азғантай сыйлығым бар. Көңіл-кі-күйіміз қандай? Тамаша! Жаз мезгілі қандай? Тамаша!. Ауа райы қандай? Тамаша! Жазғы демалыс қандай? Тамаша.! Келген қонақтарымыз қандай ? Тамаша! Келген қонақтарымызға да бүгінгі көңіл күйімізді сыйлайық! (Смайлик береді) Келгендеріңізге рахмет.Сау болыңыздар! | |
Просмотров: 12631 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|