Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

«Ауа және адамның өміріңдегі оның орны. Ауаны бақылау.Тәжірибе»
«№ 10 «Бал бұлақ» мектеп – бақшасы» ММ
Семей 2013 ж.
Ата-аналар жиналысы
Дайындаған: Бустанова Г.И - мектепке дейінгі топтардың тәрбиешісі


Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта»

Бағдарлама тарауы: Экология негізі.

Тақырыбы:«Ауа және адамның өміріңдегі оның орны. Ауаны бақылау.Тәжірибе»

Мақсаты: 1.Балаларды «ауа» деген ұғымымен,оның қасиетімен және адамның өміріңдегі орнымен таныстыру.

2. Ойлау қабілетін,тәжірибенің нәтіжесі негізі арқылы өз қорытындысын шығаруды жетілдіру.

3.Таным ықыластарын тәрбиелеу.

Көрнекі жадығат: шыны сауыт,банка,стақан,полиэтилен қалталары, майлық, кубиктер, шариктер,тіс таяқшасы,ауа тазартқыш немесе иіс су.

Үлестіру жадығат: полиэтилен қалталары әр балаға 3,тіс таяқшалары, стақандар, майлықтар, кубиктер,шариктер,шыны сауыттар.

Сөздік жұмыс: тәжірибе

Билингвальдік компонент: тәжірибе - опыт



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:

І. Мотивациялық- қозғаушы кезені:

Тәрбиешінің кіріспе сөзі: - Балалар,бүгін мен біздің досымыз Дымбілместен хат алдым. Қане, оқиық:

«Қымбатты балалар, біз Білгіш досымыз екеуіміз бәстестік. Әжем маған қайнатпа жіберіпті. Әрине мен оны жеп қойдым. Бірақта Білгіш бос ыдысты көріп,оның ішінде бірдеме бар екенін айтты.Мен түсінбей қалдым, банкада не бар екенін ұқпадым? Ол бос.Балалар, маған көмек көрсетіңдерші. Дымбілмес»

-Балалар, Дымбілмеске көмек көрсетіп көрейік.Бүгін біз сендермен ауа туралы әңгімелесеміз. Ең бірінші терең дем алыңдаршы,тынысты тоқтатындар,содан соң демдеріңді шығарыңдар. Балалар,сендерге қандай сезім болды? (Балалардың жауаптары)

Балалардың жауаптарын тыңдап, тәрбиеші қорытынды жасайды:

-Адам ауасыз өмір сүре алмайды. Балалар, адам әрқашанда дем алып жүре ме, қалай ойлайсыңдар? Мысалы: серуендегенде, ұйықтағанда, тамақтанғанда. (Балалардың жауаптары)

-Дұрыс, балалар, ауа адамға өте қажет.

ІІ. Ұйымдастыру- іздестіру кезеңі. Тақырыпты атау.

Тәрбиеші: Ауа біздің айналамызда, бірақ жан-жаққа қараңдаршы, сендер оны көріп тұрсыңдар ма? Неге ол көріңбейді? (Балалардың жауаптары)

-Дұрыс. Ол мөлдір және түссіз,ол арқылы бәрі көрінеді. Тағы не мөлдір болады? Біздің бөлмедегі мөлдір заттарды тауып атаңдаршы. (Балалардың назарын терезедегі, есіктегі шыныға аудартады)

-Ауа барлық жерде бар. Оған қазір сендердің көздерін жетеді. Қане, тәжірибе өткізіп көрейік.

Сөздік жұмысы: Тәжірибе – бұл ғылыми адамдар әділеген зертханада затты зерттеп, сол зат туралы қызықты, жаңа нәрсені біледі.

-Енді біздің тәжірибелі зертханаға өтейік.Үстелдің үстінде не көріп тұрсыңдар? (Балалардың жауаптары)

-Қалай ойлайсыңдар мына қалталар не үшін керек, біз олармен не істейміз?

(Балалардың жауаптары)

-Қалта қандай: бос немесе толық па? (Балалардың жауаптары)

-Қалтаны кубикпен толтырыңдар. Қалта қандай болды? (Балалардың жауаптары)

-Иә, ол енді үлкейіп, аумақты болды.Қалай ойлайсыңдар, бұл неге сондай болды? (Балалардың жауаптары)

-Біз оны кубикпен толтырған соң, ол аумақты болды. Енді екінші қалтаны алып, шариктармен толтырыңдар. Не көріп тұрсыңдар? (Балалардың жауаптары)

-Иә,ол да үлкейіп, аумақты болды.Өйткені ішінде шариктер бар. Ал,енді тағы бос қалтаны алып, ауызын ашыңдар. Сол қолымен өздерінен сыртқа қарай қалтаны бұрып айналдырыңдар. Міне былай (көрсету)

-Қалтамыз қандай болды? (Аумақты).Неге, қалай ойлайсыңдар? Қалта ішіне бірдеме салғанда ғана үлкейеді ғой. Ал,біз ештене ішіне салған жоқпыз. (Балалардың жауаптары)

-Балалар, қалтамыздың аумақты болған себебі, ішінде ауа бар.Оны дәлелдеу үшін, тағы бір тәжірибе өткізейік. Ақырын қалтаны сол қолға алыңдар да, оң қолмен тіс таяқшаларынды алып, үшкір жағымен қалтаны тесіңдер.

-Нені естіп тұрсыңдар? (Балалардың жауаптары)

-Дұрыс, желді ысқырық. Бұл ысқырықты не шығарып тұр? (Балалардың жауаптары)

-Балалар, қалтаның ішінде ауа болды. Айтыңдаршы сендер оны көрдіңдер ме?(Жоқ)

-Ал, естідіңдер ме? (Иә)

-Яғни, ауа мөлдір, түссіз, көріңбейді. Қане, сендермен тағы бір тәжірибе өткізіп көрейік. Ауа тағы қайда бар екен тексерейік. Ол үшін бізге керек: стақан, майлық және су құйылған сауыт. Майлықты алып сәл мыжыңдар (көрсету), стақанның түбіне салыңдар. Енді стақанды су құйылған сауыттын ішіне кіргіземіз (көрсету).

-Балалар, стақанның ішінде су бар ма? (Балалардың жауаптары)

-Стақанның ішінде су болса, майлық қандай болу керек? (Балалардың жауаптары)

-Көрейік. Стақанды судан шығарып алыңдар, майлықты ұстап көріңдер.

-Майлық қандай? (Құрғақ) Неге? (Балалардың жауаптары)

-Иә,майлық құрғақ. Стақанның ішіне су кірген жоқ.Неге,қалай ойлайсыңдар? (Балалардың жауаптары)

-Иә,стақанның ішінде ауа болды. Ол суды стақанның ішіне кіргізбеді. Сондықтан майлықтар құрғақ болды. Ал,стақанның ішінде ауаның болғанын тексеру үшін, тағы бір тәжірибе өткізейік. Ол үшін стақандарды тағы судың ішіне кіргізейік. Енді сәл еңкейтіңдер (көрсету). Не көріп тұрсыңдар? (Балалардың жауаптары)

-Бұл көпіршіктер қайдан келді? (Балалардың жауаптары)

-Балалар, бұл ауа. Ол көпіршіктер ретінде стақаннан шығады және оның орнын су алады.

Сергіту сәті: Қолды соғайық көп рет,

Секірейік бір рет,

Отырамыз көп рет,

Керілейік бір рет.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, ауада иісі бар ма? (Балалардың жауаптары)

-Қане, дем алыңдаршы, иісті сезіп тұрсыңдар ма? (Балалардың жауаптары)

Содан соң тәрбиеші иіс суды немесе ауа тазартқышты шашыратып, балаларға тағы демдерін алуға ұсынады.

-Енді не сезіп тұрсыңдар? (Балалардың жауаптары)

-Балалар, ауаның иісі даладағы немесе ұй-жайдың ішіндегі иісті заттектерге байланысты болады. Балалар, айтыңдаршы, қандай бөлмеде ұйықтаған жақсы: тазартылған, желдетілген немесе жабық, ауа жетпейтін бөлмеде ме? Неге? (Балалардың жауаптары)

ІІІ. Рефлексивті – түзету кезеңі

-Жарайсыңдар! Өте жақсы. Ал, бүгін немен айналысқаңымызды қайталайық. (Балалардың жауаптары)

-Зертханада немен айналыстық? (Балалардың жауаптары)

-Қандай тәжірибелер өткіздік? (Балалардың жауаптары)

-Ауа туралы не білдіңдер? (Балалардың жауаптары)

-Сендер қалай ойлайсыңдар: ауа қажетті ме? Неге?(Балалардың жауаптары)

-Иә, балалар, біз қайда барсақ та, ұшақпен жоғары көтерілсек те, жердің астына түссек те, түгел жерде ауа бар. Сонымен, балалар, біз Дымбілмеске сұрағына жауапты жазып бере аламыз ба? Оның банкасында не болды? (Балалардың жауаптары)

-Мен жазамын: «Сенің банканда ауа болды!»

-Жарайсыңдар. Көмектерін үшін көп-көп рақмет!
Категория: Дошколенок | Добавил: ГульнараИбраевна (2013-04-25) | Автор: ГульнарИбраевна E
Просмотров: 1932 | Теги: өмірдегі, ауа, ауаның орны, тәжірибе, бақылау | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-11-19, 11:16 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru