Соңғы кездерде педагогикалық технология жөнінде жиі сөз қозғалып жүр. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді, ізденістерін, тәжірибелерін жалғасытырып, тың жолдарын іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. «Жаңашыл педагогикалық технология» дегеніміз не? Педагог- ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы». Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді нақты жолдарын көрсетеді. Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғашқы шарты: мұғалімдердің иннновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екнішіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді. Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады. Қоғамның дарында адамдарға деген қажетін қанағаттандары талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр. Алдымыздағы межеленіп отырған 12 жылдық білім беру жоспарының ішіндегі мектепке дейінгі оқыту жүйесі де басты назарда. Келешекте біздің қоғамымызда жеке тұлға қалыптастырудың негізгі міндеттерін мектепке дейінгі ұйым шешуі тиіс. Мектепке дейінгі ұйым – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Қазіргі таңдағы тәрбиеші балалар үшін « дайын» білім көзі болмай, керісінше кіші мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі қажет. Мектеп жасындағы баланың негізгі ерекшелігі – білімді қазығушылықпен алуы. Бүгінгі таңда өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамның шығармашылық әрекетпен шығырмашыл тұлғаға мұқтаж екендігі дәлелденуде. Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, ұлттық мектептердің, топтардың кеңінен ашылу түсуі – пән мұғалімдеріне күрделі міндетті жүктеп отыр. Бұрынғы догмалық әдістерден арылып, тиімді әдістемелік жолдарды қажетіне қарай пайдаланып отыру тәжірибеге айналып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелді қолдану керек. Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар мектепке дейінгі ұйымның жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашалық ізденісін, балалардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, баланы қызықтырып оқыту керек екенін айтқан. Ұлы неміс пегагогы А.А.Дистервег: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» – деген. Сондықтан мектептерге заман талабына сай мемлекеттік білім стандарын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігін дамыған кадрларымен қамтамасыз ету өркениетті ғылыми әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, т.с.с. білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер. Тәуелсіз ел атандық, енді әлемде өз үнімізбен жар салу үшін –мемлекеттік тілді толық меңгеруіміз керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жүргізіп отырған саясат қазақ тілін дамытуға зор мүмкіндіктер береді. Қазақ тілін балаларға нәтижелі үйрету үшін оны оқыту әдістемесін жетілдіру – бүгінгі күннің басты мәселесі. Себебі, балалардың берілген білімді саналы түрде ұғынуын, өмірге деген өзіндік көзқарасының дамуы, басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтижелері ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты. Сол себепті де оқыту процесінде жетістіктерге жету үшін балаларға ана тіліміздің қыр-сырын ауызша сөйлеу тілін де, жазу мәдениетін де ұғындыруымыз қажет. Сондықтан оқыту технологияларын оқу мазмұнына балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынаудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
|