Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
«Экология еліне саяхат» Ордабаева Сабиля Рахметуллақызы Ақтөбе қаласы №43 негізгі мектеп б/б тәрбиешісі Білім беру салалары: «Таным» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің түрлері: «Тіл дамыту», «ҚМҰҚ», «Сурет», «Қоршаған орта», «Көркем әдебиет», «Валеология». Мақсаты: Балалардың жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейтіп, әрмен қарай үйретуді жалғастыру. Әр жыл мезгіліне тоқталып, оның ерекшеліктеріне бақыла- ту, ұғындыру. Қоршаған ортадағы табиғат өзгерістерін, дамытушы ойындар арқылы, әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып, байланыстырып сөйлеуге, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, тілін, сөздік қорларын, өз ой-өрістерін молайту. Балалардың шығар- машылық қабілетін арттыру. Табиғатты ая- лауға, оны қорғауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері: Көрсету, әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, Ойындар, шаттық шеңбері, жатқа айту, тыңдау т.т. Сөздік жұмыс: Аппақ қар, аяз, боран, суық, аққала. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Тәрбиеші: - Балалардың назарын өзіне қаратып, - Балалар біздер қандай балалармыз? Балалар: - Тәртіпті, ақылды. Тәрбиеші: Ендеше балалар, Жер анамен, Күнмен, қонақтар- мен амандасып алайық. Балалар: - Амансың ба, қайырымды Аспан ата! - Амансың ба, жарқыраған алтын күн! - Амансың ба, мейірімді Жер ана! - Амансыңдарма, бірге жүрген достарым! - Сендерді көріп қуандым! - Сәлематсыздарма, қонақтар! Тәрбиеші: - Балалар, енді бір-біріміздің қолдарымыздан ұстасып, дөңгеленіп тұрып, өз жүрек жылуымыздан шыққан тілек, жақсы сөздеріміді айтайық. Балалар: - Әрқашан күн сөнбесін, Аспаннан бұлт төнбесін. Қасымда болсын мамам, Болайын мен де аман! Тәрбиеші: - «Жер ана және оның қыздары»,- атты шағын ертегіні айтып береді. Д/О: «Жыл мезгілдерін ата». Төрт түсті көйлектің үлгісін көрсетіп, әр жыл мез- гіліне жұмбақ қою арқылы тоқталып, шешу. Ақ көйлек-ол қыс, жасыл көйлек-көктем, қызыл көйлек-жаз, сары көйлек-күз мезгілі,-деп тоқталып әңгімелесу. - Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер? Балалар: Қыс, көктем, жаз, күз. Тәрбиеші: - Жарайсыңдар! Д/О: «Сөйлемді аяқта». Тәрбиеші: Қыстан кейін - балалар – көктем. Көктемнен кейін - балалар – жаз. Жаздан кейін – балалар – күз. Күзден кейін - балалар – қыс. - Ендеше балалар қыс жыл мезгіліне тоқтала- мыз, бірақ әр жыл мезгілдің өз ерекшелі белгілері бар. Балалар: - «Қыс қызығы»-атты тақырыпты суретке қарап, назар аударып, сұрақ қою арқылы қысқаша әңгі- мелейді. Тәрбиеші: - Қыста ауа райы қандай болады? Балалар: - аязды, салқынды, боранды, суық т.т. Тәрбиеші: - Ендеше сендер қыста қандай ойын ойнағанды жақсы көресіңдер? Балалар: - Қар лақтырып, шана мен шаңғымен, конькимен, таудан сырғанауды, аққаланы қардан жасауды, хоккей ойнауды жақсы көреміз, – дейді. Содан соң, қыс мезгіліне байланысты балалар тақпақтар айытып береді Мысалға: Алақай, алақай! Қуанды балақай! Біз серуенге шығамыз, Қардан аққала жасаймыз. Шанамен зырлаймыз, Шаңғымен зулаймыз. т.т Д/О: «Сөз ойла, тез ойла!». Оны буынға бөлу, қол шапалағы арқылы соғу. Бір мезгілде құстар даусының әуені естіледі. Балалар: - Құстардың дыбыстарына назарын аударады, тыңдайды. Д/ойыны: «Жыл құстарын ата» Д/ойыны: «Жақсы, жаман». Табиғат туралы тыйым сөздер балалармен ойналады. Балалар: - Осыдан кейін балалар көк сандықшаға назар аударады. Тәрбиеші: - Жұмбақ жасырады. Көк сандығым ашылды, Ішінен шашу шашылды. Балалар: - «Күн»-деп жауап береді. Д/ойындары: «Сандарды рет-ретімен ата». «Тура, кері сана», «Көршілерін ата», «Геометриялық пішіндерін ата», «+», «-», «=» амалдарымен есептер шығару. т.т Сергіту сәті: Балалар: - Жалғыз саусақ тіпті де, Ұстай алмас, жіпті де, Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды, Өнерлі екен он саусақ. Қыс жыл мезгілін бейнелеген, Біз өнерлі баламыз! – деп әр өлең жолдарын балалар қайталап, қимыл-іс-әрекетімен көрсетеді. Тәрбиеші: - Балаларға саусақпен ақ түсті гуашь бояу арқылы, көк қағаз бетіне, аққала мен қыс жыл мезгілін, қар жауып тұрған бейнесін салуды ұсынып, балалар қосымша өз ойлау, қиялдау қабілеттерін қолдануларына да болатынын айтып ұсынады, оның салу әдіс-тәсілдерін түсіндіріп, триз сабағын қолданып, сурет саламыз,-деп айтады. Ән: «Біздің балабақшамыз»( балалардың орындауында) Қорытындылау, көрме ұйымдастыру жұмыстарын талдау, бағалап, мадақтау. | |
Просмотров: 1952 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|