Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Тақырыбы: Бала іс-әрекетінің түрлері және тәрбиелеу мен білім берудің мәні
Бала іс-әрекетінің түрлері және тәрбиелеу мен білім берудің мәні
«Ертөстік» мектепке дейінгі балалар мекемесінің
тәрбиешісі Ильясова Әдемі Самиғуллақызы
Бозой елді мекені, Шалқар ауданы, Ақтөбе облысы

Балабақшадағы тәрбие-қазақи ұлттық сана,ұлттық психология қалыптасқан парасатты,адамгершілік қадір –қасиеті мол,физикалық және моральдық жоғары белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады.Тәрбиелеу және білім берудің әрекеті практикалық процесс үстінде қалыптастырылады.Тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері баланың осы іс-әрекет түрлерін қалыптастыру және оны белгілі бір мақсатқа бағыттап отыруды көздейді.Өйткені,әңгіме тек қана тіл білетін адамды тәрбиелеу емес ,сонымен бірге алған білімін іс жүзінде асыруға талпынатын адам жөнінде болып отыр.Ойнау,еңбек ету және оқу барысында ақыл-ой,адамгершілік,физикалық және көркем тәрбие,даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде білім алады,іскерлікке үйренеді,өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға,қоғамдық өмірдің әдет дағдыларын игеруге бейімделеді.
Іс-әрекеттің тап осы түрлерін ғана дамыту арқылы тәрбиелеу білім беру міндеттерін шешуге,бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік туады.Жақсы ойнап,еңбек ете білетін әрі оқуға қабілетті баланы ересек адамдар мен балалар қоғамында өмір сүруге қажетті қасиеттерді толық игерген тәрбиелі бала деп аталуы мүмкін.Жоғарыда аталып өткен іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік,өзіне тән үлесін қосады.Мысалы,тәрбиенің ең маңызды міндеті саналатын ақыл-ой тәрбиесінің өзі бала ойының:еңбегін және балалардың оқуын үнемі бағыттап отыру арқылы жүзеге асатыны бізге балаларды тәрбиелеу тәжірибесінен бұрыннан таныс.Адамгершілікке тәрбиелеу міндеттері жөнінде де осыны айтуға болады.Бала өзін-өзі көрсетсе,ендеше ойын,оқу еңбекте адамгершілікке тәрбиеленді деген сөз.Өйткені,мұнда олардың өзара ересек адамдармен қарым-қатынасы қалыптасады.Іс-әрекеттің әрбір түрінде осылайша өзара ұштасып жататын педагогикалық мүмкіндіктерді ескере отырып,біз мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі балалардың күнделікті тіршілігін,тәрбиелік мақсатта қалай дұрыс ұйымдастыруға болатындығын белгілей аламыз.
Ойын,еңбек,оқу арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыда ықпал жасай аламыз.Бірақ біз іс-әрекеттер ойын, еңбек, оқыту өзара ұштасқан жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз.
Көптеген жазушылар бала ойынының психологиялық мәнін көркем бейнелер арқылы ашқан.Бала ойын арқылы өзінің қуанышын,ренішін,арманын бейнелесе,ертеңгі күні,яғни болашақта сол арманын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.Бүлдіршіндердің білімді,білікті,саналы болуында ойынның алатын орны ерекше.
Баланың қуанышы да,реніші де ойын кезінде айқын көрінеді. Ойын кезінде бала ойланады,эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады,қиялы,шығармашылық қабілеті дами түседі.
Ойын-тәрбие құралы,ақылды,ойды,тілді дамытады, сөздік қорды,сезімді кеңейтеді.Баланың мінез-құлқын тәрбиелеп,адамгершілікке жетелейді.
Ойын-эстетикалық тәрбие құралы.Балалар негізінен ойын үстінде тез тіл табысады.Баланың ойынына қарап,оның психологиясын білуге болады.Кейбір балалар ойын кезінде еркін қозғалып,басқалармен таз тіл табысса,кейбір балалар басқа балалармен араласа алмай,көңіліне ұнаған ойыншықты басқалардан сұрауға батылы жетпей тұрады.Әрине бұндай кезде балаға ойынға араласу үшін үлкендердің көмегі қажет.
Ойын кезінде ойыншықтарды өзіне жинап алып, «менікі»дейтін балалар көп.Педагогтың міндеті-балаға «мен»дегеннің орнына, «біз», «біздікі»деген ұғымды айтуға дағдыландыру.
Бала ойыны үшін қажетті құрал-ойыншық.Ойыншық бала ойынын қызықты,әрі көңілді өтуі үшін оған көп көмектеседі. Ойыншықтарды пайдалану баланың іс-әрекетін байытады,олардың бірлесуіне,айналадағы өмірді шығармашылықпен бейнелей білуіне қозғау болады.Ойын үстінде құрастыру,бұзу,біріктіру,өзгерту әрекеттері кезінде өзіндік сана-сезімін жетілдіреді.Әрбір ойын балаларды бір-біріне жақындастырады,қиыншылықты жеңіп,табысқа жетуге баулиды.
Жалпы ойынның қандай түрі болса да атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады.Ұлттық ойындардың негізгі мақсаты-бала бойына өнердің нұрын себу.Ұлттық ойындардың заман талабына сай өзгертіліп , жаңартылып отырғандары жөн.
Балалар –біздің болашағымыз,өміріміздің жалғасы. Олардың ойын арқылы алған тәлім-тәрбиесі болашақта балаға дұрыс жол көрсетеді.
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап,педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық.Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет.Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн».
Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді:ана тілін,ата тарихын,ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар,тастанды жетім балалар,қиын балалар,қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар,нашақорлыққа салынған жастар ,тағы басқаларды бірте- бірте жоюдың және олардың алдын алып , болдырмаудың негізгі жолы.Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау,білімді,ақылды,ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы,кішіпейіл болып өседі.Сондықтан да ұлттық тәрбие –ел болашағы.
Әр адам өзінің ұлттық тамырын,әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіне алады.Өз халқына деген сүйіспеншілігі , өзінің туған жеріне өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жату керек.Халықтық әдет-ғұрып, салт- санасының байлығы,патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.
Оқу мен тәрбие егіз.Оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.Баланы жан-жақты тәрбиелеу мен білім беруде балабақшамызда ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, ашық сабақтар,мерекелік ертеңгіліктер,эстафеталық жарыстар өтілуде. Білім беру «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» бойынша жүргізіледі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны 5 білім беру саласы бойынша жүргізіледі.Олар «Қатынас», «Таным», «Денсаулық», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»білім беру салалары. «Қатынас»білім беру саласының мақсаты:ана тілінің базалық құндылықтарын меңгерген, мемлекеттік тілде мәдени-әлеуметтік өзара қатынасқа дайын,айналасымен ауызша және ауызша емес құралдармен жұмыс істеуге қабілетті мектеп жасына дейінгі тұлғаны тәрбиелеу. «Денсаулық»б/б саласы. Мақсаты:өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу, денсаулықтың адамға берген басты құндылығы екенін түсіну,қозғалыс белсенділігін дамыту және физикалық қасиетін қалыптастыру. «Таным»б/б саласы. Мақсаты:танымдық іс-әрекеттің дағдыларын меңгерген, әлемнің табиғи бейнесін түсінуге және ақпаратты өмірлік маңызды мәселелерді шешуге ,қолдануға қабілетті тұлғаны қалыптастыру. «Шығармашылық»б/б саласы. Мақсаты:мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік-эмоционалдық ортасы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру,шығармашылық ойлау мәдениеті мен елестетуін дамыту. «Әлеуметтік орта»б/б саласы. Мақсаты:әлеуметтік ортадағы жағымды мінез-құлық пен қатынасқа қабілетті әлеуметтік-бейімделген шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікке,үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу. Ұлттық салт-дәстүрді бала санасына жас кезінен қалыптастыру мақсатында әр топқа қазақ халқының тұрмыстық бұйымдарынан жинақталған бұрыштар ұйымдастырылған.Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың,оны жақсартудың шешуші шарты оқу-материалдық жағдай жасау екені бәрімізге белгілі.Бала тәрбиесін талап деңгейіне сай жақсы жолға қою үшін балабақша ұжымы мен ата-аналардың бірлескен ынта-жігерімен,тәрбиешілердің іскерлігімен көптеген жұмыстар атқаруға болады.
Бүгінгі тәрбиешілердің басты міндеті әлемдік өркениеттілікке ұмтылып,дүниеге іргелі ел ретінде танылып,тәуелсіздіктің тұғырын берік орнатып отырған Қазақстан Республикасының болашағын тәрбиелі,білімді, білікті,саналы азамат етіп тәрбиелеу.Бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеп,оқытып қана қою аз,оны жан-жақты дамыту,жаңаша оқыту,үйрету және бағыт-бағдар беру қажет.
Категория: Дошколенок | Добавил: sultan1001 (2013-09-06) | Автор: Ильясова Әдемі Самиғуллақызы E
Просмотров: 4221 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-11-20, 3:37 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru