Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
№7 «Ақ бота» ясли бақшасы» КМҚК тәрбиеші Жұмаханова Жанар Алипхановна Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі. «Тәй-тәй» халықаралық білім беру бағдарламасын 1998 жылдан бастап біздің «Ақ бота» балабақшамыз өте тиімді пайдалануда. Бағдарлама әрбір балаға қызмет таңдауда еркіндік беру арқылы, оның жеке тулғалық қабілеттерін дамытуды көздейді. Осы бағдарламаны көп ізденіс жасадық. Алғашқы кезде Алматыдан «Тәй-тәй» бағдармасын енгізу барысында іске асырып жатқан тренерлер келіп, көмек көрсетті. Топтарды орталықтарға қалай бөлу керектігін көрсетіп, практикалық жұмыстар жүргізді. Әрбір жаңа технологияны қолданғанда, іс жүзінде көрген қолайлы болады, сондықтан Өскемен қаласыдағы балабақшаға барып, олардың жұмыстарымен таныстық. «Тәй-тәй» бағдарламасының басқа технологиялардан ерекшелігі: 1. Таңертеңгі жиын өткізу. 2. Орталықтарға бөлініп, шағын топпен жұмыс істеу 3. Кіріктірілген сабақтар жүргізу. 4. Ата-аналармен тығыз жұмыс жүргізу, қарым-қатынас жасау. «Тәй-тәй» бағдарламасының тиімділігі: Таңертеңгі жиын балаларды сезімталдыққа, ұйымшылдыққа, табиғат құбылысымен өмір құбылысын байланыстырып, сүреттей білуге, ойын толық жеткізуге, байқағыштыққа үйретеді. Орталықтарға бөлініп, шағын топпен жұмыс істеу балаларды бір-бірін сыйлауға, бір-бірінің сөзін бөлмей тыңдауға, бір сөзбен айтқанда мәдениеттілікке, бірлікке, ынтымақта жұмыс істеуге дағдыландырады. Міне, осындай тиімділіктерден балалардың бойында әртүрлі жақсы қасиеттер дамиды. «Тәй-тәй» бағдарламасының ерекшелігінің бірі - педагогтердің ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі. Ата-аналар әр салада жұмыс істеуіне байланысты, оларға педагогикалық көмек көрсету қажет. Ең қолайлысы ата-аналар жиналысы болып табылады. Осындай жиналыстарда шаршаған ата-аналардың көңілін жандандыратын жылы көңіл көрсетіп, ашық әңгімеге тарту үшін педагог ерекше жағдай жасайды. Ата-аналарды бағдарламамен таныстырып, орталықтарды көрсетіп, жұмыс істеуге шақырып отырамыз. Ата-аналарға да қызықты, бізге көмектері тиеді. Сонымен қатар, басқа да іс-шараларға қатыстыруға тырысамыз. Мысалы: «Күзгі бал», «Әке, шешем және мен», «Менің туған күнім» ертеңгіліктері, концерттік номерлер, балалар мен ата-аналардың қатысуымен сахналық қойлымдар. Ата-аналарға өзінің отбасымен таныстыру үшін әр түрлі «газеттер» шығаруды ұсындық. Мысалы: «Менің отбасым», «Менің әкем», «Менің сүйікті анам», «Мен саяхаттамын» т.б. Үй тапсырмасы ретінде отбасымен бірігіп, кішкентай кітапшалар шығарып отырдық. Әрбір бала жеке дара индивидум, сондықтан «Тәй-тәй» бағдарламасы жекелендіру мәселесіне аса көп көңіл бөлген. Әр баланың жетістіктерін, өсуін көру үшін порфолио жасап, оған балалардың аты-жөнін жазып, фотосуретін жапсырып, жұмыстарын саламыз. Оны ата-аналарға, келген қонақтарға көрсетіп, бірге тамашалаймыз. Балалардың жасаған іс-әрекетін бағалау барысында «Бақытты сәт» атты көрнекілік бұрыш жасап, оған балалардың фотосуреттерін іліп, әрбір балаға мақтау -мадақтау сөздерін жазып қоямыз. Бұл ісіміз балалар үшін де, олардың ата-аналары үшін де үлкен жетістік. Осы бағдарламамен істегелі көп жылдар болды, ата-аналар жағынан тек алғыс естіп тұрамыз. Мен «Тәй-тәй» бағдарламасын көп жылдар бойы қолданып келгендіктен, өз балабақшамда жас тәрбиешілерге мастер-класс көрсетіп отырамын. Өз тәжірибемен бөлісіп, қолымнан келген көмегімді көрсетіп отырамын. «Тәй-тәй» технологиясы баланың кез келген оқу іс-әрекетіне қызығушылығын оятып, болжау қабілетін дамытуын, жаңалықты тез қабылдауын қалыптастырады. «Тәй-тәй» бағдарламасы біздер үшін, балалар үшін және ата-аналар үшін қолайлы да тиімді деп санаймын. | |
Просмотров: 3075 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|