Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Экология негіздері
«№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК тәрбиешісі
Жумаханова Жанар Алипхановна
Экология негіздері
Тақырыбы: «Сиқыршы су»
Мақсаты: балаларға судың кейбір қасиеттерін және суды сақтау қажеттілігін түсіндіру, өз ойларын айта білуге, сөйлемді дұрыс құрастыра білуге үйрету. Тәжірибе арқылы балалардың су туралы білімдерін бекіту және қорытынды жасауға үйрету. Суды ластамауға, оны үнемдеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: мөлдір, түссіз, сұйық, жабысқақ, еріткіш.
Керекті құралдар: стақандар, қасықтар, су, тұз, сүлгі, тамшы, шеге, тас, ағаш, тоқ шаугім, әйнектер, жұмыртқалар,пипетка.
I. Мотивациялық-қозғаушылық кезең.
Шаттық шеңбері:
-Балалар, бүгінгі күніміз жақсы өтсін деп, атқан таңмен, күнмен амандасайық.
Күн мен ауа, су мен жер,
Досымыз жақсы білсеңдер.
Сенімді достар, білсеңдер,
Күн мен ауа, су мен жер.
Бүгінгі күн ерекше, өйткені бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр, қане қонақтармен амандасайық.
II. Ұйымдастыру-іздестіру кезеңі.
Күз мезгілі туралы сұрақтар қояды.
-Ал, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, жұмбақтың жауабы біздің бүгінгі
әрекетіміздің тақырыбы болатынын айтады.
Жылт- жылт еткен,
Жылғадан өткен.
Ол не?
Қонаққа Тамшы келгенін хабарлайды.
-Міне мынау не?
-Жер шарындағы көк түстер нені білдіреді?
Біздің жеріміздің көп жерін су алып жатыр. Сусыз өмір жоқ.
Дидактикалық ойын: «Егерде су болмаса не болар еді?»
Су туралы мақалдар айтуды ұсынады.
1.Сулы жер –нұрлы жер,
Бұлақты жер-тұрақты жер.
2.Су - ырыстың көзі,
Еңбек - кірістің көзі.
3.Сулы жер тұрақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас.
-Су туралы тағы не білесіңдер?
-Балалар, Тамшы су туралы көп біледі екенсіңдер, бірақ судың осы қасиеттерін
дәлелдеу үшін тәжірибе жасауды ұсынады.
Тәжірибе № 1. «Не батады?»
Балалардың алдында екі стақан су. 1-ші стақанға темірді салып, 2-ші стақанға ағашты салып не байқағандарын сұрайды.
-Неге?
Ал, енді жұмыртқаны алайық. Таза суға жұмыртқаны салуды ұсынады.
Енді екінші стақанға тұз салып жұмыртқаны салуды ұсынады.
Неге?
Тәжірибе № 2. «Қағазды сумен жапсыруға бола ма?»
Алдымен екі қағазды бір-біріне жапсырып көруді ұсынады.
Ыдысқа су құйып қағаздарды суға салу, су болған қағазды бір-біріне жапсырып көру.
-Не байқадыңдар?
Кез-келген затты суға малып алсақ, ол су-су болып шығады, яғни, су жабысқақ.
Тәжірибе № 3. «Бу - ол да су»
Тоқ шаугімді ысытып, қақпағын ашса не пайда болады? Бетіне әйнекті қойса қандай өзгеріс болды? Бу- ол да су.
Тәжірибе №4. «Мұз - қатты су»
Тоңазытқыштан алынған мұзды қолдарына алып, ұстап көруді ұсынады.
-Ол қандай?
Топта терезе алдындағы мұзды алып екеуін салыстыруды ұсынады.
Сергіту сәті:
Жел соқты, жел қатты соқты,
Жаңбыр жауды, жаңбыр қатты-қатты жауды.
Күн шықты, күн шықты,
Жел тына қалды.
Тәжіибе № 4. «Жұлдызша»
5 шиді алып ортасынан бөліп, шыныға қоюды ұсынады. Енді суды шидің бөлінген жеріне тамызуды сұрайды.
-Мұқият қараңдар, не байқадыңдар?
-Неге?
III. Рефлексифті-түзетушілік кезең.
Сұрақтар қояды:
-Сонымен су не үшін керек?
-Су қандай болады?
-Егерде су болмаса не болады?
Сондықтан суды не істеу керек?
Рефлексия:
Егерде сендерге бүгінгі іс-әрекетіміз ұнаса, көңіл-күйлерің жақсы болса, онда үлкен тамшыларды, ұнамаса кішкентай тамшыларды алып жапсырыңдар.
-Міне, балалар, сендердің тамшыларың үлкен көл болып жиналды.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota (2013-09-13)
Просмотров: 1774 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2026-02-18, 11:49 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [872]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru