Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
№10 «БАЛ БҰЛАҚ» ЯСЛИ - БАҚШАСЫ» ГУМАНИТАРЛЫҚ – ЭСТЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ БЕЙІНІНДЕГІ КМҚК 2013 жыл Дайындаған: Шайзадина А.С. Әңгіме Тақырыбы: «Бағдаршам» Мақсаты:Балалардың бағдаршам туралы түсінігін пысықтай отырып, жолда жүру ережесімен одан әрі таныстыру, көшелер туралы ұғымды кеңейту, көшедегі көліктердің қозғалысына көңіл аударту, үлкендердің еңбегімен таныстару. Көргендерің өз сөздерімен әңгімелеп айта білу, есте сақтауын, ойын, көше қиылысы туралы ұғымын арттыру. Барысы: Балалармен жолда жүру ережесі жайында әңгіме жүргізу, өздерінің көше тәртібі туралы не білетіндерін сұрап жауап алу, жауаптарын толықтыру, саяхатқа алып шығу (топта жүргізіледі). - Балалар, біз қандай көшемен келе жатырмыз? (балалардың жауабы) - Көшеде келе жатқан адамдарды кімдер дейді? - Жаяу жүргіншілер дейді. - Яғни, біз де көшемен келе жатырмыз, бізде жаяу жүргіншілерміз. - Көліктерге кедергі жасамау үшін, жаяу жүргіншілер көшеде жүру тәртібін сақтау керек екен. Қане, есімізге түсірейікші, көшеде қалай жүру керек? Балалар мен сендерге «Қоян мен кірпінің» басынан кешкендерін айтып берейін. Қоян мен кірпі орманда өмір сүріпті. Екеуі дос болыпты. Бір күні қоян кірпіге қалаға баруды ұсынады. Сөйтіп екеуі қалаға келеді. Қалада олар биік – биік үйлерді, әдемі ғимараттарды, саябақтарды тамашалап және жолда зулап жүріп жатқан көліктерді көреді. Енді жолдың арғы бетін өтейін десе қалай өтерлерін білмей тұрып қалады. Оларды бір бала байқап қалады да, жандарына келеді. - Сәлеметсіңдер ме қоян, кірпі сендер не істеп тұрсындар? - Біз жолдың арғы бетіне өте алмай тұрмыз – деп қоян жауап береді. - Олай болса мен сендерге көмектесейін – дейді балақай. Адамдар жолдан бағдаршамға қарап өтеді. Бағдаршам жол қиылысында тұрады. Оның жанып ауысып тұратын үш түсті көзі бар. Бірінші қызыл көзі жанғанда тоқтап тұр деген белгі береді. Екінші сары түсі жанғанда тоқтап тұр деген белгі береді. Ал үшінші жасыл түсі жанғанда жолдын үстімен өтеміз. - Сендер енді жол ережесін білетін болдындар. Жол ережесін мұқият сақтап жүрсендер ешқандай жол апаты болмайды. - Рахмет саған балақай – деп қоян мен кірпі алғыстарын білдірді. Қоян мен кірпі балақай мен қоштасып орманға үйлеріне қайтады. Дидактикалық ойын: «Біздің көше» Мақсаты: Балаларға көше тәртібі, жолда жүру ережелері туралы түсініктерін кеңейту, жолда жүру ережелерін ажырата білуді жатықтыру. Барысы: Қуыршақтардың көмегімен көшемен жолдағы кездесетін әр түрлі жағдайларды ойнату, қуыршақты: жасыл жанғанда жүру, сарыда дайындалу, қызыл түс жанғанда тоқтауды, жаяу жүргіншіге жүретін жолмен жүргізу. Дұрыс жауап берген балаға жасыл фишка беріледі, кім көп фишка жинаса сол бала жеңімпаз атанады. Қозғалмалы ойын: «Кім жылдам» Мақсаты: Балаларды түстерді ажырата білуге, бағдаршамның жұмысымен таныстыру, жол ережесі туралы білімдерін пысықтау, есте сақтауға тәрбиелеу. Барысы: Тәрбиеші бөлменің ортасына бағдаршам қояды. Балалар екі топқа бөлінеді. Сары көзін көрсеткенде жүгірген сияқты қозғалысқа келеді, жасыл көзін ашқанда орындарында жұгіреді. Қызыл жанғанда тұра қалады. Ойынды дұрыс ойнамаған бала шығып қалады. Балалардың санына байланысты қайсы топта көп қалса, сол топ жеңіске жетеді. Бағдаршам Менің атым «Бағдаршам» Мекен жайым тұрақты. Жақсы білем міндетімді, Мүдірмеймін ешқашан. Ескерту белгісі. Үш бұрышты қызыл, Бояумен көрінсем, абайла! Жол бойында қауіпті тұс, Алдан шығар дегенді Айтар мен ескерту белгісі. Тыйым салу белгісі Қызыл шеңбер мен Көрінсем, «тоқта, қане!»- Деп жар салар, «Тыйым» Салу белгісі мен болам Көрсеткіш белгісі Дөп – дөңгелек жасыл Шеңбер – мен көрінсем «Жол ашық!» Мен көлік пен жаяу адам жүрер Жолын нұсқаймын. | |
Просмотров: 3788 | Комментарии: 1 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|