Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Денешынықтыру сабағындағы сергіту жаттығулары
№10 «БАЛ БҰЛАҚ» ЯСЛИ - БАҚШАСЫ» ГУМАНИТАРЛЫҚ – ЭСТЕТИКАЛЫҚ
ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ БЕЙІНІНДЕГІ КМҚК
2013 жыл
Дайындаған: Шайзадина А.С.
Денешынықтыру сабағында қолданылатын жаттығулардың жиыны
Сергіту жаттығулары
1.Орнымыздан тұрамыз,
Қос бүйірді сығамыз,
Оңға, солға бұрылып,
Бір айналып шығамыз.
Бір ,екі, үш,төрт, бес
Қолды қолға ұрамыз.

2.Көп отырып, шаршадық,
Қозғалуды аңсадық
Жүгіргіміз келеді
Әдемілеп ән салып.

3.Топ-топ басайық
Жаттығулар жасайық
Қайырымды жан болып.
Жамандықтан қашайық.

4.Ұшқандай боп кекілік,
Биік-биік секіріп,
Ойнап-ойнап, тез өсіп,
Кетеміз біз жетіліп.

5.Тұрып қалмай жатайып,
Бір еңкейіп, шалқайып,
Жылдам-жылдам қозғалып,
Асқақ әндер айтайық.

6.Ал, балалар,тұрайық
Қолымызды созайық
Бір отырып, бір тұрып
Бір демалып алайық.

7.Жел соғады бетіме
Тоғайлар да желпуде
Жел тына қалған кезде
Тоғайлар биік көрінуде.

8.Қане,қане тұрайық,
Үлкен шеңбер жасайық
Тұрсақ шеңберге
Алақанды ұрайық.
Оң жақтағы балаға
Шапалақта шапалақ.
9.Боран соғады оң жақтан
Боран соғады сол жақтан
Қар лақтырып ойнасаң
Су өтеді қолғаптан.

10.Добым добым домалақ
Қайда кеттің домалап
Үстел үстін бүлдірдің
Тарелкені сындырдың.

11.Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Қоссақ егер екеуін
Болады екен он саусақ.

12.Буратино тік тұрып,
Оңға қарай еңкейді,
Солға қарай еңкейді
Кілтін іздей бастады
Бірақ кілтін таппады
Кілтін іздеп табу үшін,
Биікке қарай қол созды.

13.Аю тік тұрып,
Оңға қарай еңкейді,
Солға қарай еңкейді,
Добын іздей бастады.
Бірақ допты таппады
Добын іздеп табуүшін
Биікке қарай қол созды.

14.Шөре, шөре лағым,
Тентек болма, пырағым
Секектеме, деміңді ал
Селтеңдемей құлағын.

15.Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екн.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

16.Әдемі әтеш
Таң атпай тұрыпты,
Ойқастап жүріпті,
Жан-жаққа қарапты
Айдарын тарапты.

17.Тап-таза тұнық суда,
Балық жүзіп ойнауда
Біресе керіледі,
Біресе жиырылады
Ал, енді бірде суға тығылады.

18.Гүл өсірем үйде
Су құямын күнде
Гүл біткен біледі,
Бойын сылап күледі.
Күнде гүлін ашаы,
Жұпарын маған шашады.

19.Көкке ұшамын
Ұшқыш болар баламын
Соңына еремін,
Ер ғарышкер ағаның.

20.Добым, добым домалақ
Тоқтамайсың домалап
Үстел үстін бүлдірдің
Тарелкені сындырдың
Тентек болып кеттің деп
Тұрымн сені тепкім кеп.

21.Еңбек сүйгіш құмырсқа
Ерте шығып жұмысқа,
Жазда астық тасиды,
Толтырады ас үйді.

22.Біз гүлдерше өсемін
Жапырағы жақалған
Сабақтары салалы,
Желге ырғалып шайқалды.

23.Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көзжегі екен өзінің.

24.Қане қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып-ұып алайық
Орымызға қонайық.

25.Жалт-жұлт етіп лақ
Жағалайсың бұлақ
Секірем деп бірақ
Қала көрме құлап.

26.Тышқан шықты інінен
Сағат неше болды?- деп
Сағат бауын тартып еді
Салдырайды барлық жер.

27.Күннің нұры шуақты
Сергітеді денемді
Құрдастарым сияқты,
Оқушымын мен енді.

28.Құлпыра берші кең дала,
Гүліңді мен терейін
Жапырағыңмен жасыршы
Қойныңа мен енейін.

29.Тік ұстап денеңді,
Сапқа тұр сен енді,
Жанға сеп шынығу
Жаттығу тынығу
Сымбатты болу да
Өзіңнің қолында.

30.Аппақ боп таң атты
Түтін тік боп ұшады,
Қарлығаштар қанатын
Самғап биік ұшады
Қоюланып қара бұлт
Төкті жаңбыр себедеп
Жапырақты жамылып
Бұға қалды көбелек.

31.Тұрмайды бұл құс біз жақта
Тұрағы мәңі мұз жақта
Тоңуды , сірә білмейді
Талдаңдап мұзда билейді.

32.Мен ұлумын
Мінсіз сұлумын
Жанға тимеймін
Жамандықты сүймеймін
Гүл аралап жүремін
Көңілді өмір сүремін.

33.Ерінбе , қояным,
Ертемен оянғын
Секеңдеп сен енді
Шынықтыр денеңді
Секір ал «бір», «екі»
Секір ал жүректі
Жүк көтер «үш» «төрт»-деп
Қорықпай күш көрсет
Бір ,екі, үш. Бір , екі, үш
Тартынба үдет күш
Шынықсаң оңасың
Шын батыр боласың.

34.Күміс қанат шағала
Ұшып жүрсін жағада
Қармағың жоқ, ауың жоқ
Шабақ алдың бағана

35.Мен шиемін шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басыт иемін.

36.Бойды сергек тік ұста,
Емін еркін тыныста
Жеміңді ішке тез ал да.
Оң қолыңды соз алға!
Қо л ұшына қара да
Үшбұрыш сыз ауада
Сол қол босқа тұрмасын
Шеңбер жасап тынбасын.

37.Үстінде үйдің
Тұр еді мысық
Қасына келді
Бір торғай ұшып
Бас салмақ болып
Ыршыды мысық
Жөнелді торғай
Пыр етіп ұшып.

38.Сыпырғыш ап сыбанып,
Шаң-тозаңды қудым мен
Шүберек ап, су алып,
Сырлы еденді жудым кеп
Үйге енді өзім де
Сүртіп кірем аяқты.

39.Бір , екі , үш,
Демаламыз жинап күш.
Әсем етіп жазамыз,
Ылғи бестік аламыз.

40.Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас бірікті
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ
Қла салсақ,жол салсақ.

41.Таң әлі атқан жоқ
Маңай әлі қараңғы
Әтеш ерте оянып,
Жан-жағына қарады.
Шынықтырп денені
Қанаттарын қағады
Ку-ка-ре-ку, тұр-тұрлап,
Оятады баланы.

42.Қар астында сығалап
Күлімдейді жауқазын.
Қар шытса қабақ, бұға қап,
Дірілдейді жауқазын.

43.Тырна келді тыраулап,
Тіліп өтіп аспанды.
Қаздар көлде жүр ойнап,
Көктем айы басталды.
Тас төбеден күн келді,
Қошеметтеп оларды.
Қараторғай былтырғы,
Ұясына оралды.

44.Тік ұста бойыңды,
Жоғары сөз қолыңды.
Соз қолыңды тағы да
Жеткіз жираф мойнына.

45.Соз оң қолды оң жаққа,
Соз сол қолды сол жаққа
Қолыд айналдыр бұлданбай,
Шеңбер жасап тұрғандай.

46.Бармақ боп тойға сұр көжек,
Бүгжеңдеп жүріп жиынды
Тұмсығын жуды, құйығын жуды,
Түртіңді, құп-құрғақ боп сүртіңді

47.Көлбең-көлбең көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Бүркіт қалай бүреді,
Кім көрсете біледі?
Көлбең-көлбең, көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем,
Қане, қатар тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Қасқыр қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
Аю қалай жүреді?
Кім көрсете біледі
Бақа қалай секірді
Кім көрсете біледі
Балық қалай жүзеді,
Кім көрсете біледі.

48.Теңіз толқиды, бір
Теңіз толқиды, екі
Теңіз толқиды үш
Буырқанады, буырқанады,
Одан соң қайта тына қалады.

49.Денсаулықты сақатудың негізгі кепілі
Біріншісі-ерте тұру,
Екіншісі-орта тазалығын ұстау,
Үшіншісі-дене шынықтыру,
Төртіншісі-үнемі денені таза ұстау
Бесіншісі-үнемі сергек жүру
Алтыншысы-артық тамақ ішпеу
Жетіншісі-көп ұйықтап жалқау болмау.

50.Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатты жұмысқа
Алды допты қолына
Қойды допты жолына
Оңға қарады, солға қарады
Үлкен тау деп ойлайды.

51.Кел балақан, балақан
Шапалақта алақан
Жай-жай-жай
Қозғап барлық денені
Қаттырақ соқ олды енді
Сарт-сарт-сарт
Айтқан кезде өлеңді
Ақырын бас еденді
Жай-жай-жай

52.Қаңқ, қаңқ, қаздарым
Тізені сәл бүгіңдер
Қолды артқа ұстаңдар
Қане қазға ұқсаңдар

53.Қанат қағам жалма жан,
Талпынғандай ұшуға
Иіліп келіп қол соғам,
Аяғымның ұшына.

54. Кәне, балалар тұрайық.
Қолдыбелге қояйық,
Бір, екі, үш
Достық берік күш
Баста алға түс.
Құстай жылдам ұш.

55. Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмай жіпті де,
Екі саусақ бірігіп,
Ине қолға ілігіп,
Үш саусағым икемді,
Жүгіртеді қаламды.
Бәріненде он саусақ,
Қала саусақ, жоқ саусақ.
56. Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазар керіліп,
Беті қолын жуады.

57.Орнымыздан тұрамыз
Мойнымызды бұрамыз
Қолымызды көтеріп
Саусақты ашып жұмамыз
Онан сон қолды түсіріп
Алақанда соғамыз.

58.Ал, балалар тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз дем алып аламыз.

59 Мысығым ау, мысығым,
Пырылдаған пысығым.
Асыр салып жүгіріп,
Айтқанымды ұқпайсың.

60. Мысық баянда ойнайды,
Қоян біздің – барабанда,
Ал, қонжық – трубада,
Саған ойнауға асығады,
Егер де, сен көмек етсең.
Бәріміз бірге ойнайық.
61. Дөңгелене тұрамыз,
Керегені құрамыз
Уық болып иіліп,
Шаңыраққа киіліп.

62. Көбелекке ұқсап-ақ,
Ұшайықшы бәріміз
Оңға қарай бір ұшып,
Шарлайықшы жер шарын.

63. Жаңбыр, жаңбыр,
Жаусан жау,
Жанымызды жаусын,
Біз ойнайтын ауланың,
Тазартасын ауасын.

64. Түлкі деген қу ғой
Жүрген жері ду ғой
Жатып алып жағада
Іздегені қу ғой
65. Құлпыра берші кең дала,
Гүлінді мен терейін.
Жапырағынмен жасыршы,
Қойныңа мен енейін.

66. Биік болып өсеміз,
Жапырақтай жайқалып,
Табиғатты сүйеміз,
Бойымызды тік ұстап,
Билеп-билеп аламыз.

67. Орнымыздан тұрайық,
Белімізді жазайық.
Жоғары төмен қарайык,
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Бойымызға күш жинап,
Біз демалып алайық.

68. Торғай, торғай, тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі томпайы
Ұшып кетті пыр-пыр деп.

69.Қоян қоян тұрыш
Беті қолды жушы
Айнға қарашы
Шашыңды тарашы.

70.Тышқын шықты інінен
Сағат неше болды деп
Естіп қалып сыбдырды
Жүгіріп тышқан тығылды..

.
Категория: Дошколенок | Добавил: Айконя (2013-11-18) | Автор: Айконя E
Просмотров: 5489 | Комментарии: 1 | Теги: жаттығулар, сергіту сәті, денешынықтыру | Рейтинг: 1.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-11-20, 6:46 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru