Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

«Қарқаралы қорығындағы киік»
Махамбетова Сымбат Сериккызы
№23 «Ақниет» б/б тәрбиешісі
Қарағанды қаласы

«Қарқаралы қорығындағы киік»
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: «Қарқаралы қорығындағы киік» (паролонмен нұқып салу әдісі)
Бағдарламалық мазмұны:
Үйрету:Балаларды туған өлкенің табиғат ерекшеліктерімен таныстыру.
Қысқы ормандағы құстардың және жануарлардың тыныс-тіршілігі жайлы білімдерін бекіту. «Қызыл Кітап»-қа енген сирек аңдардың бірі киік жайлы мағлұмат беру. Табиғат сақшысы қорықшы еңбегі жайлы білімін қалыптастыру. Балалардың бейнелеу өнерінің дәстүрлі емес әдісі паролонмен нұқып салу әдісін үйрету.. Жаңа сөздерді меңгертіп, алған білімдерін тияңақтау.
Дамыту:Аңдардың дауысын аңықтау арқылы, есту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелеу: Көмек беру, мейірімділік, жақсылық жасау сияқты қасиеттерді бала бойына дарыту. Табиғатты аялауға, жан-жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: қысқы орман көрінісі, шыршалар, Киік, Қорықшы, суықторғай, жемсауыт, жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспа, «Ақсақ құлан» күйі, жануарлардың макеттері, қарындашпен салынған киік суретінің шаблоны, басына паролон оралған қылқаламдар, гуашь бояуы.
Қостілділік компонент: қорық-заповедник, қорықшы-егерь, киік-сайгак, суық торғай-снегирь, домбыра, қоңақкәде, жемсауыт, күй.
Мотивациялық-қозғаушылық

Жылулық шеңбері.
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Армысыңдар достарым!
Армысыздар қоңақтар!
Сәлем,Сәлем, Сәлем!
- Балалар бүгін біз сендермен Қарқаралы қорығына саяхатқа барамыз. Ол үшін ғажайып тақияларымызды киіп тез жетейік.
Ұйымдастыру-іздестіру
«Қарқаралы қорығына саяхат»
Қысқы орманға алып келу.
- - Балалар, айналаға қараңдаршы қандай әдеміІ Біз сендермен өлкеміздің әдемі жері Қарқаралы орманына келдік. Табиғаты әсем бұл жер үкімет қамқорлығына алынған. Сондықтан бұл жерді қорық- заповедник деп атайды.
- - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыста қанша ай бар?
- Қыста ауа-райы қандай болады?
- Балалар қыста орман
ерекше болады. Айнала аппақ, тып-тыныш. Бізде аяғымызды аңдап басайық, орман тұрғындарын оятып алмайық.
«Не қалай дыбыстайды» ойын
Үнтаспадан аңдардың дауыстарын тыңдатады.
Аңдардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату.
Тосын сәт. Тоңған киікті кездеседі.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Тәрбиеші.
- Сәлеметсің бе,Киік!
- Балалар, бұл даланың еркесі киік. Ол жоғалып бара жатқан аңдардың қатарында «Қызыл Кітап»-қа енгізілген. Ол шөппен қоректенеді. Киіктің баласын құралай деп атайды. Киіктер қыста жылы жаққа кетеді. Ал, достым сен қайдан жүрсің?
Киік.
- Мен отарымнан адасып қалдым. Олар жылы жаққа қоныс аударды. Олар бұл өлкеге көктемде келеді. Қорықшы атайды іздеп жүрмін. Көктемге шейін қорықшы атаның жанында болсам деймін. Қорықшы атаны табуға көмектесесіңдер ме?
- Әрине, көмектесеміз. Балалар, қорықшы деген қандай мамандық, ол немен айналысады?
- Жарайсыңдар, Қорықшы еңбегі жайлы көп нәрсе біледі екенсіңдер! Ал, Киік жолға шығайық.
Сергіту сәті «Жорға жарыс»
Ат ерттеуге жарайық,
Жонына қамшы салайық.
Жорға мініп жарысып,
Бақшамызға барайық.
1,2,3 санайық,
Кім озады қарайық.
Мәреге жетсе жорғалар
Бір тынығып алайық.
- Міне, балалар қорықшы
атаның үйіне де келіп қалдық.
Алдарынан Қорықшы ата шығады.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар? Қайдан жүрсіңдер?
Тәрбиеші.
- Сәлеметсіз бе, қорықшы ата! Біз Қарағанды қаласындағы «Ақниет» балабақшасының бүлдіршіндері боламыз Қарқаралы қорығын тамашалап жүрміз. Жолшыбай үйірінен адасып қалған Киікті кездестірдік. Сізге ертіп келдік.
Қорықшы ата Киікті құшақтап қарсы алады..
- Ай, жануарым-ай! Адасып қалдың ба? Күн жылынғанша маған серік боласың. Сендер жақсы іс тындырдыңдар. Рахмет, балдырғандарым.
Киікті бос қашарға кіргізеді.
Қорықшы ата.
- Сен жалғызсырайтын болдың ғой.
Тәрбиеші.
-Қамықпаңыз ата. Біздің балалар өте өнерлі. Суретті керемет салады. Кереметтігі сондай, салған бейнелері жанданып кетеді. Қане, балалар киікті жалғызсыратпау үшін, іске кірісейік.
«Киіктің достары» практикалық жұмыс
Балаларға алдарындағы киік суреті салынған шаблонға паролон тағылған қылқаламмен нұқып салу арқылы көлем мен мамық тері көрінісін беруге болатынын көрсетіп, өздері салуды ұсыну.
Салған суреттерін Қорықшы атаға беріледі.
Қорықшы ата.
Жарайсыңдар, балалар! Менің ерке киігім енді жалғызсырамайтын болды.
- Ал, балалар, қазақта қоңақкәде, ауылдың алты ауызы деген жақсы дәстүр бар. Сендердің қандай өнерлерің бар?
- Атай, біздің балалар өте өнерлі. Балалар, табиғат жайлы білетін көркем сөздеріңді атаға айтып беріңдерші. Барлығынның өнерлі екенін барша қауым біледі, сондықтан кезекті ойын арқылы шешейік.
Қазақтың ұлттық ойыны «Сиқырлы таяқ»
Тәрбиеші ортаға шығып таяқы жерге қойып, айналдырады. Таяқтың ұшы кімге қараса, сол ортаға шығып, өзі білетін мақал-мәтел, өлеңді айтады.
- -Бәрекелді, бәрекелді! Ал, балалар ауылдың алты ауызы ретінде, мен сендерге «Ақсақ құлан» күйін орындап берейін. Мына аспапты танисыңдар ма?
- Алдымен, бұл күйдің шығу тарихына тоқтала кетейін. «Ақсақ құлан» ертегісін қысқаша айтып береді.
Қорықшы
«Ақсақ құлан» күйін орындайды.
- Табиғаттың шырқын бұзып, аңдарға жәбір көрсеткен адам оңбайды. Балаларым, жан-жануарларға қамқор болыңдар.
- Рахмет, ата. Балалар «Ақсақ құлан» күйі сендерге ұнады ма?
Сіздің әңгімеңізден үлкен тағылым алдық.
- Келгендерің үшін сендерге де көп рахмет! Қарқаралы қорығын мекен ететін аңдар жайлы таспаны сендерге сыйға тартайын. Сау болыңдар!
Рефлексивті-түзетушілік
«Біз нені білдік?»
Қорықшы берген бейнетаспаны тамашалатып, көргендерін бекітеді.
- Балалар қорықта біз қандай жабайы жануарды кездестірдік?
- Ол немен қоректенеді?
- Қорықшы атаның орындаған «Ақсақ құлан» күйі сендерге қандай әсер қалдырды?
Аңдарға қамқор боламыз ба?

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қысқы ормандағы құстардың және жануарлардың тыныс-тіршілігі және Қарқаралы қорығы мен қорықшы мамандығы жайлы біледі. «Қызыл Кітап» жайлы біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Қорықтағы тыныштықты сақтап, табиғатты аялап, жануарларға қамқор болу керек.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сирек кездесетін киік жануары жайлы түсініктері қалыптасты. Киік суретін бейнелеу өнерінің дәстүрлі емес әдісі паролонмен нұқып салу тәсәлә арқылы салады.
Категория: Дошколенок | Добавил: Аяла (2013-12-04) | Автор: Махамбетова Сымбат Сериккызы
Просмотров: 1868 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-11-20, 10:18 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru