Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Жаңа жылдық ертеңгілік
«№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК
Тәрбиешісі Иембердина Балнұр Түгелжанқызы
Жаңа жылдық ертеңгілік
Музыка әуенімен Қызыл телпек залға кіреді.
Қызыл телпек(тәрбиеші): Армысыздар ата-аналар, қонақтар!
Көптен күткен Жаңа жыл мерекесіде келіп жетті.
Мен - Қызыл телпекпін, апамды жаңа жылмен құттықтауға бара жатырмын. Міне бәлішіммен сары майым. Бірақ апамның үйі алыс, мен достарымды шақырайын, біз ән шырқап, би-билеп, ойын ойнап тез жетеміз. (Музыка әуенімен балалар кіреді.)
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтамын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Ән: «Аппақ қар»
Қызыл телпек: Жаңа жылдық мерекеге арналған тақпақтарды қабыл алыңыздар.
1.Тілеймін мен бар адамға,
Жаңа бақыт, жаңа жыл.
Әке, шеше, аға, апа,
Құтты болсын жаңа жыл.

2.Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын –жарқын ән салып,
Жалғасады жырғы жыр.

3.Жасыл шырша жанында
Айналып, ойнап ән салам.
Өзіміздің бақшада
Жаңа жылды қарсы алам.

4.Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрінде.

5.Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанады жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.

6.Жаңа жыл, жаңа жыл,
Кел қалама, далама.
Нұрлы күнді жалғастыр,
Бір мінейік шанаға.

7.Міне тағы келіп тұр,
Жаңа бір жыл, балалар.
Жадыратып жер үстін,
Төрімізге ол шыққан.

8.Кел жаңа жыл жеріме
Ырыс, бақыт арқалап.
Ұлан –байтақ еліме
Таратайық арбалап.

Ән: «Шырша жыры» (Балалар отырады.)
Музыка әуенімен Қасқыр кіреді.
Қасқыр: Р-Р-Р. Мұнда не шу? О, Қызыл телпекте осында екен ғой. Сәлеметсің бе, Қызыл телпек.
Қызыл телпек: Сәлеметсіз бе.
Қасқыр: Қызыл телпек, сендер қайда бара жатырсыңдар.
Қызыл телпек: Орманда тұратын апамды жаңа жылмен құттықтап, сыйлық апара жатырмыз.
Қасқыр: О, мынау, мен іздеген Қызыл телпек қой. (балаларға қарап сыбырлап)
Қызыл телпек: Қасқыр, кел бізбен бірге көңіл көтер.
Қасқыр: Көңіл көтере алмаймын. Мен ашулымын, қарным аш. Қараймын мына жерде көп тышқандар отыр екен. Сендерді жеп алмасам.
Қызыл телпек: Қасқыр, сен ашуыңды бас. Бұл тышқандар жай емес. Олардың өнерін тамашалайық.
Би: «Микки маус»

Қасқыр: Ой, жарайсыңдар. Жарайды сендерді жемеймін. Онанда Аяз атаның алдынан шығайын, Аяз атаны жейін. Ол үлкен, тәп-тәтті, ішінде көп кәмпиттер бар. (залдан шығып кетеді)
Қызыл телпек: Ой, Қасқыр, тоқта, тоқта. Балалар енді не істейміз? (Бір бала орнынан тұрып Ақшақарды көмекке шақырайық дейді).
Қызыл телпек: Жарайсың, табылған ақыл.
Музыкамен залға Қоян кіреді.
Ән: «Сұр қоян»

Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сендер кімді тосып отырсыңдар?
Қылыл телпек: Біз Ақшақарды күтіп отырмыз. Бізге Қасқыр келді. Аяз атаны жеймін деді. Аяз атасыз мереке болмайды ғой.
Қоян: Ақшақар алыста, Астанада, сендерді естімейді. Менде оның номері бар. (қалтасынан алады)
Қызыл телпек: Сәлеметсің бе, Ақшақар. Бізге сенің көмегің қажет. Тезірек жет. Біз сені асыға күтеміз.
(ақшақар есік артынан) -Жетем-жетем қазір. Күтіңдер мені.
Ортаға суық жел шығады.
Би: «Боран»
Боран: Мен қыстың суық желімін. Мен Астанаға барып, Ақшақарға жол көрсетейін. (шығып кетеді)
Қызыл телпек:
Акшақар келгеше
Көңілді көтеріп,
Ән айтып, билейік.
Ән: «Билеуге шығамыз» (Балалар отырады)
Ақшақар мен суық жел кіреді.
Ақшақар: Сәлеметсіңдерме, балалар.
Армысыңдар, достарым,
Өздеріңді сағынып, көруге зармын.
Аппақ қыста албыраған жүздеріңнен
Сүйіп –сүйіп алуға бармын.
Қызыл телпек:
Армысың, Ақшақар,
Қардан соққан ақшақар.
Аяз атаға қауіп төніп тұр. Сіз көмектесе аласыз ба?
Ақшақар: Мен ойлап таптым. Қане, балалар, қасқырмен скайп арқылы байланысайық. Сәлем, Қасқыр. Сен қайда бара жатырсың?
Қасқыр: Сенсің бе, Ақшақар? Сәлем, сәлем. Мен Аяз атаға бара жатырмын.
Ақшақар: Ой, қасқыр, сен әбден қартайған екенсің. Сен орманды кезіп жүргенде Аяз ата бізге келіп қойды. Сағанда сыйлығы бар.
Қасқыр: Шын айтасыңдарма, қазір жетем.
Ақшақар: Балалар, Қасқыр келгенше, би-билеп көңіл көтерейік. Қане, менің кішкентай достарым.
Би «Ақшақарлар»
Қасқыр залға кіреді.

Қасқыр: Қайда Аяз ата ? Менің қарным аш. Р-Р-Р.
Ақшақар: Қасқыр, біздің балалар сенімен ойнағысы келіп тұр. Егер, сен жеңсең, Аяз атаны саған береміз. Ал, жеңілсең Аяз ата біздікі болады.
Қасқыр: Жарайды, бәрібір мен жеңемін, мен күштімін, мен мықтымын.
Қызыл телпек: Қасқыр, сен ән айталасың ба?
Қасқыр: У-У-У
Қызыл телпек: Ой, ондай ән болмайды. Біздің кішкентай қызымызға қарап, ән айтуды үйрен.
Ән: «Шырша».
Қызыл телпек: Ал,енді билеп, жарысқа түсейік.
Қане, кішкентай Аяз аталар,
Қасқырмен жарысқа түсейік.
Би: «Кішкентай Аяз аталар»

Қызыл телпек: Кім жақсы өнер көрсетті? (балалар)
Қызыл телпек: Қасқыр күшіңді жина, соңғы жарыс - спорттық ойын.
Ойын: «Ақшақарлар»
Музыкамен залға Аяз ата кіреді.
Аяз ата:
Армысыздар, қонақтар,
Сәлеметсіңдер ме, балғындарым.
Өмір гүлім шалғындарым
Тілегенім жыл бойы.
Сендердің денсаулықтарың,
Баяғы сол ақсақалмын,
Бірақ әлі жастаумын.
Сендерменен қосылып,
Билеп беруге бармын.

Аяз ата: Қасқыр, сен мына жерде не істеп тұрсың? (қасқыр қашады, тығылады)
Қызыл телпек: Аяз ата, Қасқыр сізді жеймін, - деді
Аяз ата: Немене, Қасқыр мені жемекшіме. Мен оны жеймін. (Аяз ата қасқырды қуады, шыршаны айналады)
Қасқыр: Көмектесіңдер, құтқарыңдар.
Ақшақар: Аяз ата, оны жеме. Ол дәмсіз. (күледі)
(Қасқыр Ақшақар артына тығылады.) Қасқыр, сен уәде бер, жаңа жылда ешкімді жемеймін деп. Балалармен дос бол.
Қасқыр: Жарайды, жарайды.
Аяз ата: Дұрыс айтасың. Онда мерекемізді жалғастырайық. О, шыршамның шамы жанбапты ғой.
Аяз ата: Қане, балалар тұрайық,
Көңілді шеңбер құрайық,
Сиқырлы сөзді айтайық.(балалар бірге)
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат,
Бір, екі, үш
Шырша жан.
Ән: «Орманда туып жас шырша» (балалар отырады)

Аяз ата: Жараайсыңдар, балалар. Сендер тақпақ білесіңдер ме?

9.Ал, келіңдер, келіңдер,
Жаңа жылды тойлауға.
Өлең айтып беріңдер,
Жасыл шырша жанында.

10.Күнімізде шуақты,
Үнімізде қуатты.
Жылт-жылт етіп шыршамыз,
Мен мұндалап тұрады.
11. Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтары тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз,
Мен мұндалап тұрады.
12.Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
13.Аяз ата, Аяз ата,
Сені күтіп жүрдік біз.
Томпаң қағып арқаланып,
Келеріңе сендік біз.
14.Борандатып, ақ қарлатып,
Аяз ата келеді.
Ақ көңілмен,
Кең пейілмен,
Бізге сәлем береді.
Аяз ата: Сендерге қарап риза болып тұрмын.
Қызыл телпек: Аяз ата, біздің балалар сіз туралы ән біледі.
Ән: «Аяз ата»
Ақшақар: Аяз ата, қарашы, Қасқыр көңілсіз. Өйткені, оның қарны аш.
Аяз ата: Қазір, көмекшілерім, көмектесіңдер.(екі аққала жүгіріп шығады, дорбамен сыйлық алып кіреді.)
(барлығына сыйлық таратады)
Аяз ата:
Аяздардан қорықпаңдар,
Шаңғы, шана тебіңдер.
Денсаулықтарың мықты боп,
Қош, сау болып тұрыңдар.
(Аяз ата,Ақшақар,Қасқыр қоштасып шығып кетеді)
Қызыл телпек:
Бүгінгі күн тамаша,
Есте болар әрқашан.
Біз көңілді жаңа жылды,
Ұмытпаймыз ешқашан–дей отыра ертегімізді, ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota (2013-12-18)
Просмотров: 1567 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-11-20, 12:23 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru